Новости Атырау - Мунайлы Астана

      22 января 2019, 11:36
        Қоғам 30.12.2013, 13:15 0 пікір 1869 просмотров

        Жатақхана «мінез» көрсетті

        Оқиға барысына оралсақ, жатақхана тұсынан өтіп бара жатқан жақын маңдағы мектептің оқу ісінің меңгерушісі жатақхана дәлізінің жанып жатқанын байқап қалып, дереу тұрғындарды және үйде ата-анасыз қалған балаларды шығарып үлгереді.-18.30 шамасында тарс еткен дауыс шықты да, жанған тоқтың иісі дереу үйді алып кетті. Дәлізге шықсам, тоқтар лаулап жанып жатыр екен. Енді қайтып үйге кіруге қорықтық,- дейді Зухра есімді тұрғын.Жатақхана тұрғындарының айтуынша, бұндай жағдай жатақхана дәлізінде бір жыл ішінде осымен екінші рет орын алған. Онсыз да баспаналары бас сауғалауға келмегендер, кенеттен шыққан өрттен қорқып, жатар орын таппай сандалуда.-Далаға жалаң аяқ, киімсіз жүгіріп шыққан балаларымызға суық өтіп, ауырып жатыр. Болған жайдан кейін үйге қонудан қалдық.Енді кімге барып шағынсақ та, бәрінің айтатыны «Жекешеленген жатақхана, апатты үйлер қатарына жатқызылмаған. Жөндеу жұмыстарын өздерің жүргізіңдер» дейді. Бұл үй тіпті жөндеуге де келмейді. Күні кеше қалалық әкімдікке барғанымызда, онда отырған хатшы қыз, қаңтар айының 15-іне дейін басшылыққа кіру мүмкін емес дегесін, тағы арыз жазып, қалдырып кеттік. Әкім қабылдауына кіргенше бізге не боларын кім біледі?-деп шулады әбден ашынған жатақхана тұрғындары Зухра МҰХТАРОВА, Бибігүл ЖАСЖАНОВА, Гүлзада ӘСЕНОВА, Ләззат КЕНЖЕҒАЛИЕВА, Үнзила АҚҚАЛИЕВАЛАР. -Барар жеріміз, басар тауымыз жоқ. Атырау бай-қуатты, мұнайлы астана дейді. Қайда біздің байлығымыз? Бұл үйде билік басында отырғандардың өздері бір күн түгілі, бір сағат та тұрақтамайды. Айнала толған қоқыс, дәрет. Балаларымыз қазірден бастап, мынадай лас жерде денсаулығын құртуда. Сонда біздің жағдайымызға ешкім басын ауыртпағаны ма? –деп шулады тұрғындар. Сөзге араласқан Күлән ТӨЛЕМІСОВА, болған жағдайдан кейін анасының қан қысымы көтеріліп, ауруханаға түскенін айтып, көзіне жас алды. 32 пәтерлік жатақханадағы не суы жоқ, не киініп шешінетін бөлмесі, тамақ ішетін орны жоқ, қуықтай ғана 15/16 шаршы метрде тығылған тұрғындардың жағдайын бұдан бұрын газетімізде бірнеше рет жариялағанбыз. Оған қатысты қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВТАН келген хатта «Жатақхана жекеге өткен. Сол үшін үйге қатысты барлық жөндеу жұмыстарын тұрғындардың өздері жасауы тиіс» делінген болатын. Десе де, әбден тозығы жеткен жатақхана күн өткен сайын түрлі «өнерін» шығаруда. Ал қаңыраған үйді паналағандар түн болса көз ілмей, таңды үреймен атыруда...  

        Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА, Сурет автордыкі

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         _    _     _____     _____      ___     _    _   
        | || | ||  |  ___||  / ____||   / _ \\  | || | || 
        | || | ||  | ||__   / //---`'  | / \ || | || | || 
        | \\_/ ||  | ||__   \ \\___    | \_/ || | \\_/ || 
         \____//   |_____||  \_____||   \___//   \____//  
          `---`    `-----`    `----`    `---`     `---`   
                                                          
        
         
        Наверх