Новости Атырау - Мунайлы Астана

    21 октябрь 2017, 19:44
      Шоу-бизнес 09.01.2014, 17:24 1 пікір 3203 просмотров

      «Қазақстан дауысы» қандай дауыс?

      «Қазақстан» ұлттық арнасының көрсетілімі әп дегеннен көрерменнің көзайымына айналғаны шындық. Басқа байқаулардан ерекшелігі – қатысушыларды болашақ тәлімгерлерінің теріс қарап отырып, дауыс арқылы таңдауы алғашқыда кім - кімге де қызық болып көрінді. Арнайы ереже бойынша 2000-нан аса байқауға қатысушылардың ішінен еліміздің белгілі әншілерінен Медеу АРЫНБАЕВ, Нұрлан АЛБАН, Мәдина СӘДУАҚАСОВА, Алмас КІШКЕНБАЕВТАРДАН құралған тәлімгерлер тобы үздіктердің үздігін анықтауы тиіс болған. Қызықтың бәрі байқаудың «Шайқас» деп аталатын кезеңінен басталды. Себебі, тәлімгерлердің таңдауына келіспегендер пікірлерін ашық айтуға кірісті. Ұйымдастырушылар еліміздегі дара байқау деп мәлімдеген сайыстың өту барысы көпшіліктің сын садағына ілініп жатыр. Бір айта кетерлігі – тек дауысқа ғана сүйеніп бақ сынасып жатқан  қатысушылардың асқан шеберлігі. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген кейбір жезтаңдай әншілер тума таланттардың ел ішінде екенін тағы бір дәлелдеп, көптің таңдайын қақтырды. Бір өкініштісі – кейбір дауысы ерекше әншілердің тағдыры телефон арқылы түскен дауысқа бағынышты болып, олардың бағы жанбай қалып қойғаны. Осы ретте көрермен қалаған әншіні тәлімгерлер қолдамай, тәлімгерлердің қалауын көрермен қаламай жатқан тұстар көп кездесті. Мұны әлеуметтік желілерде «тәлімгерлердің өзіне тәлімгер керек» деп ашына жазғандардың сөзінен байқауға болады.  «Қазақстан дауысының» бірінші ұшыраған сыны - сайыста қазақша әндерден гөрі шетелдік әуендердің көп орындалуы болды. Өнерпаз жастардың батыс әуеніне деген құштарлығы анық байқалды. Тіпті, ағылшын тілінде майын тамызған әншілер, ұлттық әнге келгенде мақамынан жаңылып та жатты. Байқау кезеңдерінен сүрінбей өтіп халық дауысы арқылы таңдау жасалынатын кезге келгенде сайыс тіпті қыза түсті. Онсызда сөзге шешен емес, бірінің сөзін бірі қайталап көрерменнің күлкісіне қалып жүрген тәлімгерлер әр облыс тұрғындарын дауыс беруге шақырып, өзара бәсекеге шақырғандай кейіп танытқаны да құлаққа түрпідей тиді. Шын талантты көзі қарақты көрермен баяғыда таңдап қойған. Бірақ, дәл сол үздіктің бәйге аларына сенімдері аз. Әр жексенбіде тікелей эфирден беріліп жатқан байқау барысында өздері «қызыл бөлме» деп айдар таққан бөлме ішінде  көрермендердің ғаламтор арқылы білдірген пікірлері оқылатыны көпшілікке ұнап жүр. Ол жерде аз да болса шым-шым шындықтар айтылып қалады. «Нағыз әншіні тәлімгерлер неге байқамайды  немесе жобада өтпей қалғандар менің мейрамханама жұмысқа тұрмас па екен, -деген сауалға толы хабарламалар да осы жерде айтылып қалуда. Сонымен қатар, додаға түсіп жатқандар да өз ойларын ашық айтып жатты. Қызу талқыға түскен бір-екеуіне тоқтала кетейік. Қызылорда облысынан келген Әділ АХМЕТЖАНОВ қазақы қоңыр даусымен ерекшеленіп еді. Бірақ, оған «Мәдинаның жерлесі болғандықтан жолы болды» деген ғаламтор арқылы түскен көрермен пікірі ұнамапты. Ол мұны жоққа шығарғанымен, тәлімгері жұрт сөзінен именді ме, өткен жылдың 29-шы желтоқсанында өткен байқауда оны келесі кезеңге өткізбей тас-тады. Сондай-ақ, жастардың басым дауысына ие болып, сүрінбей келе жатқан Диас АБЫЛАЕВ «анасының  (Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева) көмегімен өтті деген неше түрлі сөздер мені мезі етті,- деп  ренішін жасырмады. Дегенмен, осы жылдың 5-ші қаңтарында өткен сайыста «бұл жерде анасының қатысы жоқ, Диастың дауысында ерекше тембр бар,- деп мақтап жүрген тәлімгері Алмас оны таңдамады. Соңғы өткен сайыста естір құлаққа жағымды, ашық дауысы бар оралдық Айнара АЙТҚАЛИЕВАНЫҢ өнерін көргенде басқалардың бағы шауып, оны тәлімгері жеңіске деген үмітінен айырды. Осылайша олар саптан шығып қалды. Осы жайға өкпе білдіргендер қарсы пікірлерін қарша боратып жатыр. «Біткен іске сыншы көп» дегендей, байқау аяқталмай жатып, ұйымдастырушылар айтылған сыннан көз аша алмай қалған сияқты. Енді бәйгеге тігілген 5 миллион теңге үшін таласқа түсетін төрт талапкердің тағдырының қалай шешілетінін уақыт көрсететін болады. Елімізде алғаш рет өткізіліп отырған байқаудың әділ өтетініне көрерменнің сенбейтінін жоғарыда айттық. Себебі, қандай байқау болмасын барлығы тамыр - таныстыққа байланысты екені ашықтан - ашық айтылып жүр. Төменде солардың бірқатарын оқып көрелік. 


      Марат сарин: Ен соракысы, шет елдегiлерге мазак болдык-ау. Ойлайган шыгар, «торт баспак оздерi сияктыларды жинап алып бiрге монiреп отыр»,- деп!
      Киндер Мастер: Во-первых, хотелось бы что бы звук лудше был, я смотрела и Х-Фактор Америка и Голос России не передаете тот звук который должен бы быть, не экономьте на технике, должен быть оркестр его нет, жюри выбирают почему то не тех людей надо выбирать чтобы этот человек защищал Казахстан на международном уровне, я этого не вижу, тот кто поет по настоящему и не выкрикивает тех убирают, с чем это связано не понятно или опять кто больше даст, тот кто в жюри сидит кто-нибудь гостролировал за рубежом или хотя бы концерт давал за рубежом, у нас начиная с звезд занимаются копированием зарубежных звезд и копируют ужасно и этим же учат конкурсантов, знаете не интересно смотреть нету души все видут как бездарные артисты не вижу шоу, зрителя должно завлечь, что бы он дни считал до следующей программы, честно мне интересно смотреть Америку Х Фактор, чем какое-то казахстанское шоу- все как-то наиграно и без желания

       

      Фарида Жайгалиева: Акшасы барлар өтеді, даусы барлар емес , просто атақ карамай тындау деген бәрі өтірік.

      Айдана толагайкызы: Маган талимгерлердин кейбир тандауы унамайды :-((((((( дегенмен,кателеспейтин туяк жок деген гой...

      http://five.kz


       


      777:Поменяете китайскую дверь перед выходом на сцену, а то всю красоту портит.
      Макс:«Қазақстан дауысы» шоуынын жетекшілеріне сұрағым бар… Неге тек қазақ тілінде айтылмайды өлеңдер, көбісі орыс тілі, ағылшын тілдерінде, әлде осындай шоуда айтылатын жарқын өлеңдер жоқ па? Медеу ага, сіз неге жол бересіз, осындай қателік жіберуге, мен сізді катты сыйлаймын!!! Мен 4 сынып оқушысы болсам да,осы қателікке үнсіз карай алмаймын! Рахмет!
      Мира:Алмас сен көп білгішсіне бермеш, бұрып жібердің ғой, шындық қайда?!

       

      http://www.nma.kz/


       

      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

      Пікірлер

        • Айжан
        • 11.06.2014

        Салеметсизбе! Керемет жоба. Кашан катысуга болады осындай тамаша жобога? Керемет ан айтам. Музыкалык жобалардын катысушымын. Менін байланыс- телефоным: 87072746265. Кұрметтеуші боламын.

        • кадир елток
        • 08.07.2017

        салеметсиздерме керемет жоба.менимде бак сынагым келед 4_маусым кай уакытта басталады екен....байланыс телефоным 87784683494 хабарласыныздар отиниш

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   _      ___      _____      ___      ______  
      | || | ||   / _ \\   / ____||   / _ \\   /_   _// 
      | '--' ||  / //\ \\ / //---`'  / //\ \\  `-| |,-  
      | .--. || |  ___  ||\ \\___   |  ___  ||   | ||   
      |_|| |_|| |_||  |_|| \_____|| |_||  |_||   |_||   
      `-`  `-`  `-`   `-`   `----`  `-`   `-`    `-`'   
                                                        
      
       
      Наверх