Новости Атырау - Мунайлы Астана

      16 маусым 2019, 15:51
        Аймақ 16.01.2014, 11:02 0 пікір 2301 просмотров

        Жарыпшыққанды құм басып жатыр

        Өз республикамызда жарық көрген осы бір іргелі еңбектегі аталған мақалаға көз жүгірте отырып, таңғалдық. Апыр-ау, Жарыпшыққанға су келмегелі қай заман?! Олай болса, мына жолдар қалай жазылды екен? Соңғы үш жыл  бойы Ойыл өзені тентек мінез танытқан жоқ. Әрине, Ойыл тыныш жатқасын Жарыпшыққанға да  жан бітпесі анық. Анау бір жылдары Ойылдың тынысын тарылтып, асау толқынына тұсау салып отырған, Қазантөңкерген, Жақсығали, Оязтүскен бөгеттері бұзылды. Соның арқасында, Жарыпшыққанға жартусыз болса да, су шыққан еді. Біздің ойымызға 1993 жылғы алапат  тасқын оралады. Сол жылы Жарыпшыққанға жан бітіп сонау Бөлекаяққа дейін су құйылған-ды. Тіпті, құм ортасындағы Тайсойған селосына  тасқыннан қорғану шараларында жасаған. Сол жылы мамыр айының ішінде Миялыдан Атырауға тікұшақпен ұштық. Сонда Ойылдың да, Жарыпшыққанның да адуын мінезін көргенбіз. Міне, оған да 22 жыл уақыт болып қалыпты. Содан бері, Жарыпшыққан  суға жарытпай келеді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Жарыпшыққанға мол су соңғы рет 1993 жылы келіпті. Ал, 1978, 1980, 1991 жылдары аз ғана су келген.Жарыпшыққаннан неге жан кетті? Асау арнаны неге құм басып жатыр? Біз бұл сұрақты осы елді жайлаған  бірнеше адамға, мамандарға қойдық. Тайсойған селосының байырғы тұрғыны Ізім Сисенбаев былай дейді:- Ұлы Отан соғысы жылдарында Тайсойған өңірін 16 колхоз жайлағаны белгілі. Сонда оларды асыраған осы Жарыпшыққан болатын. Шіркін, өзеннің тасығаны неге тұрады дейсің? Жарыпшыққанға су келді дегенше, күндіз-түні күзетте тұратынбыз. Не пайда осы күні «бәлду-бәлду бәрі өтіріктің» кері келуде. Жарыпшыққан бір кездері Жаман аша, Соркөлге құйды деп кім айтады? Осы бір шұрайлы шабындықтар бүгіндері құлазып қақсып жатыр. Жоғарыда айтылғандай, өзен бастауын Ойылдан алады. Алайда, Ақтөбе облысынан бірнеше жерден ауыздықталған Ойылдың бұған берер суы жоқ. Сонда  Жарыпшыққан құм астында қалмағанда не істейді? – дейді.- Мені өзеннің қазіргі жағдайы мазалайды. Ұмытпасам, Жарыпшыққанға  2009-2010 жылдары аз ғана су келді. Оның өзі Сұлтануайс  бейтінен әрі асқан жоқ. Енді Ойыл биыл қалай тасыр екен деп ойлап  отырмыз. Егер қалың қар түспесе, биыл да өр суын күту қиын, - дейді су шаруашылығының ардагері Хамидолла Әбдірахманов әңгімесінде. Айта кету керек, қызыл-қоғалықтар соңғы уақытта  Ойыл суын реттеу жөнінде республикалық, облыстық мекемелердің алдына мәселені жүйелі қоя бастады. Өкініштісі сол, Ойыл суына Ақтөбе облысы әлі күнге үстемдік құруда. Сайып келгенде, етектегі елдің де, табиғаттың да еңіреп отырған жайы бар. Жақсы, Ойыл суы да реттелер, өзенде арнасына толар деп көңіл жұбатуға болар. Алайда, қақпақты қара қазан атанған Тайсойған Жарыпшыққаннан бір, жер асты нәрінен екі айырылғалы тұр ғой. «Тайсойған» - «Қоныстану» - «Қаракөл» - «Тасшағыл»  жер асты құбырының жұмыс жасай бастағанына  20 жылдан асып кетті. Мәселен, қазір Қарабау, Тайсойған селоларындағы су  беріп тұрған ұңғымалардың айналасы жасыл жамылғыларынан айырылып, көз көре  сұрықсызданып барады. Тайсойған құмы облыс аймағының үштен бірін дерлік алып жатыр. Ғалымдардың анықтағанындай бұл араның құмы жауын-шашын мен қар суын бойына сіңіріп алып, булануға мүмкіндік бермейді екен. Және бір кездері оның табанын Ойыл өзенін тасқын су шайып, тұщы топыраққа толтырып кеткен. Сөйтіп ғасырлар бойы мұнда тұщы жер асты көзі қалыптасқан. Ғалымдардың зерттеуінше, жер астындағы су қабатының қалыңдығы 20 метрге дейін жетеді. Осыны басшылыққа алған Гурьев гидрогеологиялық экспедициясының мамандары Тайсойғанның жер асты суын пайдалануға батыл ұсыныс берген болатын. - Ұзақ жылғы  тәжірибелердің негізінде жер асты суын пайдалану үшін Жарыпшыққанның арнасы толып тұру керек. Өзенге су келген жылдары жер асты су қорының 1,5 метрге көтерілетіндігін байқадық. Алайда, соңғы жылдары жер асты сулары қашықтап барады, - дейді Тайсойған ауылдық округінің әкімі Мақсот Иманәлиев өз сөзінде. Бұл сөзбен келіспеске шара жоқ. Жоғарыда айтқанымыздай,  су құбырын тартудың бастапқы жылдарында гидрогеолог ғалымдар осы мәселені мұқият ескерткен болатын. Яғни, Тайсойғанды табиғи  ылғалмен қамтамасыз етпесе, астындағы суын алу жақсылыққа бастамайды деген-ді. Амал не, бүгіндері бұл мәселені іс басындағы адамдар есінен шығарып алды. Ғалымдардың Жарыпшыққанға жан беру жөніндегі ұсыныстары аяқсыз қалды. Ұңғымалары болса, жер нәрін сорып жатыр. Жарыпшыққанға  жылма-жыл  су беріп отыруға бола ма? Оған қиындау болса да мүмкіндік бар сияқты. Ол үшін Жанқабай, Бесесік жүйелерін тиімді пайдалану қажет. Бұл жүйе өткен ғасырдың 1930 жылы  салынған, секундтына 4,2 текше метр су бере алады. Жалпы аудан көлемінде халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуде  Тайсойған, Қарасу, Кереген, Мұздыбұлақ жер асты сулары пайдаланылуда. Қазір бір жерлерде 14 ұңғыма жұмыс жасап тұр. Тұрғындар, бүгіндері тәулігіне 720 текше метр су пайдаланады. Алдағы жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойын-ша жүргізілетін су құбырлары іске қосылған жағдайда 1500  текше метр су пайдалану жоспарлануда. Ойыл тасымағасын жер асты суын ала беру жақсылыққа апара ма? Ұңғымалар ашып кетсе не болғаны? Сонда  Ойылдан да, жер асты суынан да айырылып қалуымыз мүмкін ғой. 

        Құттыгерей СМАДИЯР «Мұнайлы Астананың» арнаулы тілшісі. Қызылқоға ауданы.

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          ______    ______   __   _     _____    _    _   
         /_   _//  /_   _// | || | ||  |  ___|| | \  / || 
           | ||     -| ||-  | '--' ||  | ||__   |  \/  || 
          _| ||     _| ||_  | .--. ||  | ||__   | .  . || 
         /__//     /_____// |_|| |_||  |_____|| |_|\/|_|| 
         `--`      `-----`  `-`  `-`   `-----`  `-`  `-`  
                                                          
        
         
        Наверх