Новости Атырау - Мунайлы Астана

    23 ноябрь 2017, 16:59
      Қоғам 22.01.2014, 16:18 7 пікір 7644 просмотров

      Қолжетімді баспанаға кімнің қолы жетеді?

      Оның айтуынша, әр облыстағы тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы оны тұрғызуға кететін шығынға сай емес екен. Министрлік «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бойынша 4-ші санаттағы үйлердің 1 шаршы метрінің бағасын 80 мың теңгеден 90 мыңға, 3 санатты үйлердің бағасын 90 мыңнан 100 мың теңгеге дейін көтеруді қарастырып отыр. Құрылыс корпорациясы бойынша 110 мыңнан 115 мыңға, 4 санат бойынша 120-дан 125 мыңға, 3 санат бойынша 120-215 мың теңгеге қымбаттатуды көздеуде. Көптің арманы болған сол шаршы метрлердің қымбаттауынан тұрғын үй сапасы жақсара ма, әлде бұрынғы жартас күйінде қала ма, ол уақыт төрешінің еншісінде. Өйткені, мемлекеттік бағдарлама аясында бүгінге дейін салынған тұрғын үйлердің айналасындағы сапа дауы әр аймақта әлсін –әлсін көтеріліп, толастамай тұр. Өзіміздің аймаққа тоқталып көрелік. Атырау облысы Статистика департаментінің мәліметі бойынша 2013 жылдың қаңтар – желтоқсанында тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрінің орташа құны 56,6 мың теңге болған екен. Ал, ол өткен  2012 жылы 49 мың теңгені құрапты. Яғни, бүгінге дейін мемлекеттен тұрғын үйге қол жеткізгендер осындай бағамен баспана иеленген. Бұл жерде департамент тұрғын үйлерді санаттарға бөлмей, барлығының орташа бағамын есепке алған. Енді шаршы метрлердің  қанша пайызға көтерілері әзірге шешілмеген. Мемлекеттік бағдарлама арқылы баспанаға қол жеткізудің төте амалдарының бірі – ипотекалық несие алу. Өткен жыл аяқталарда және жаңа жыл басталысымен бұқаралық ақпарат құралдарында екінші деңгейлі банктер ипотекалық несие беруден бас тартып жатыр деген даурығулар болған. Ол, дегенмен, шындыққа жанаспайтын сыңайлы.  Қазір еліміздегі екінші деңгейлі банктер ипотекалық несиені тоқтатқан жоқ. Тек тұтынушы талаптарын күшейтіп жатыр. Бұрынғы кездері адамның табыс көзіне байланысты несие алғысы келетін 10 адамның 9-ы қол жеткізсе, қазіргі уақытта сол 10 адамның тек талап үдесінен шыққан бір-екеуіне ғана беріліп жатыр. Сондай-ақ, бұрын ипотекалық үй алудың алғашқы жарнасы 5-10 пайызды құраса, қазір 20-30 пайызға дейін көтеріліп кетті. Банктегілер үшін бұл «тәуекелге бірге бару» тәсілі. Себебі, екінші деңгейлі банктердің несие алатын көздері бұрынғыдай қомақты қаржы бермейтін сыңайлы. Және бір жағы – екінші деңгейлі банктерге ипотекалық несие тиімді емес. Оған жыл сайын теңгенің жылдан-жылға құнсыздануы (инфляция) да себеп. Сондықтан көптеген екінші деңгейлі банктер тұрмыстық шағын несиелер арқылы пайда табуға көшкен. Бұл, әрине, жекелеген қаржыгерлердің пайымы. Атырауда 2005-2010 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотекалық несиемен 2291 пәтер сатылса, 2011 жылдан бастап, банк талабының күшеюіне сәйкес, осы тәртіппен пәтер алатындар саны азайып кеткен. Мемлекеттік бағдарлама аясында баспанаға қол жеткізудің Үкімет ұсынған тағы бір әдісі - басталар құрылысқа салым жинақтау. Қазір нарықта арнайы осы бағытқа дағдыланған «ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкі» АҚ бар.  Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, жыл сайын елімізде кем дегенде 6 млн. шаршы метр жаңа үй пайдалануға беріліп отырылуы керек. Президент бірінші кезекте жарты миллионнан астам жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды. Пәтер мәселесін шешу үшін 1 млн. шаршы метрге жуық жалдамалы тұрғын үй салу межеленген. Бағдарлама жобасында бірнеше бағыт қарастырылған. Олар: жергілікті атқару органдарының «ТұрғынҮйҚұрылысЖинақ банкі» арқылы тұрғын үй салуы, кезекте тұрғандар мен жас отбасыларға арнап жалға берілетін үйлер салу,  «Самұрық – Қазына» жылжымайтын мүлік қоры арқылы салатын тұрғын үйлер салу, дербес тұрғын үйлер, бюджет есебінен тартылатын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар.  Жас отбасыларға арнап ТҚЖБ арқылы жалдамалы үйлер салу жобасын қарасақ, бағдарламаға қатысушы банкте 8,5 жыл қаржы жинақтағаннан кейін жалға берілген пәтерде тұра береді және оның коммуналдық шығындарын ғана төлейді. Жалдамалы пәтер құнының қалған 50 пайызын жинаған жас отбасы пәтерді сатып алады. Ол үшін пәтердің жарты ақшасын ТҚЖБ теңгемен, жылдық 4 пайыз мөлшерлеме негізінде 15 жылға несиеге береді. Бүгінге дейін «ТұрғынҮйҚұрылысЖинақ банкі» арқылы 120 атыраулық баспана иеленген. Бұл әрине, айлық жалақысы жоғары және тұрақты жұмыс орны барларға қиындыққа соқпайды. Бүгінде атыраулық баспанаға мұқтаждар үшін тұрғын үйге қолжетімділік қай әдіспен шынайы? Біз төменде жергілікті қаржыгерлердің пікірін білген едік. Арман Нұрғалиұлы БИСЕНҒАЛИЕВ, «ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкі» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары:- Қазір біздің несиелендіріп отырған тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі 2014 жылы 112 мың 500 теңгеден аспауы керек. Бізге Үкіметтен Атырау облысында баға өзгереді деген ешқандай нұсқау болған жоқ. Өйткені заң бойынша жыл сайын салынған үйлердің әр шаршы метріне баға белгіленіп отырады. Ал, біздің облыс әкімдігімен жасалған келісім-шартта жұмыс базасына байланысты айтылған бағаны өсірмеу жөнінде талап бар. Мысалы, 2011-2012 жылдары 1 шаршы метрдің бағасы 90 мың теңге болған. Жақында «Қолжетімді баспана - 2020»  бағдарламасымен Алмагүл ықшамауданынан үй беріле бастайды.  Қозыбақ Әбуұлы ҚҰЛБАРАҚОВ, ҚР Ұлттық банкі Атырау облысы филиалының директоры: -Жалпы, біздегі банк саласының дамуы экономиканың дамуын көрсетеді.Осыған дейін болған дағдарысқа шейін біздің банктердің  даму қарқыны экономика дамуынан көш алда жүрді. Сол уақыттағы банктік өнімдерге, жаңа қызметтерге қоғам дайын болған жоқ. Тұрғын үй үшін ипотекалық несие берілгенімен, үй құрылысымен айналысқандар салып үлгермеді, сапасы нашар болды. Демек, банкілік өнім болғанымен, оны тұтыну нашарлап кетті. Мәселен, басқа сала қызметтері 20-30 пайыз өссе, банк қызметі 100 пайызға дейін өсіп кетті ғой. Қазір біздің қоғам дамыған сатысында тұр. Тұрғындар кез келген мақсатқа несиені көп алып жатыр. Бірақ, қайтару жағын ойламайды. Өткен жылмен салыстырғанда биыл тұрмыстық несиелер 90 пайызға өседі деген болжам бар. Өткен жылы тұрғындар алған өте қымбат несиелер үй, көлік, той жасау үшін алынған несиелер көлемі екі есеге өсіп отыр. Алайда, былтырғы жылмен салыстырғанда халықтың жалақысы, сосын тұрмыстық жағдайымыз екі есеге өскен жоқ қой. Сондықтан осындай қарама-қайшылықтан дағдарыс туады. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер бұрынғыдай сырттан қарыз ала алмай отыр. Ал, ішкі жинақтау қоры, халықтың салымдары берген несие көлеміне жетпейді. Оның үстіне банктердің тұтынушыларға ұзақ мерзімге берген қаржыларының (длинные деньги) саны азайып кеткен.Сондықтан банктердің қазіргі жағдайы «көрпеңе қарай көсіл» немесе «аузы күйген үріп ішедінің» кебі. Айта кететін жайт - екінші деңгейлі банк-тер ипотекалық несие беруді тоқтатты деп айтуға болмайды.Тек несие беру талаптарын күшейтіп жатыр. Бір сөзбен айтқанда, бәрі банктердің қаржылық жағдайына, экономикамыздың өркендеуіне байланыс-ты болып тұр.


      Түйін Зерттеуші мамандардың пікірінше елімізде соңғы он жылда тұрғын үй 600 пайызға қымбаттаған екен. Осыдан 5 жыл бұрын экономикалық дағдарыс кезінде арзан пәтерлер сатылыпты. Содан бері жыл сайын баспана бағасында өзгерістер орын алып келеді. Демек, бүгінгі бағаның көтерілуі тұрғын үй құнының қымбаттауының соңы емес.

      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

      Пікірлер

        • Асемай
        • 27.01.2014

        Ой кол жетимди емес кой бул уйлер, кол ешкандайда карапайым дастар алаалмайды

        • аман бол тек
        • 30.01.2014

        Осы үйлер делдалсыз,таныс-тамырсыз кезекте тұрып қол жеткізсе де, айналайынай деп көзден жас шығарып,мың алғыс айтар еді кім болсада.Кезекте тұрған бірнеше жылдан бері алалмай жүрген,әр үйді босқа жалдап босқа біреудің үйіне төлемес еді ғой адамдар..............

        • мако
        • 14.11.2014

        25мынга 2болмели патер беремиз,уакытша туруга дегени распа айтындаршы?баламен уйде отырмын шыга алмай,квартирада турамыз.4 балмыз бар,тым болмаса уакытша туратын патерлерине колымыз жетсе болар еди.

        • Казак баласы
        • 09.06.2015

        Ассалаумагалейкум!Уйде 4баламыз жогаргы оку орнында окымадык ешкайсымыз мен осы уйдин улкен улымын сиздерден сурайын дегеним акем 1инши топтагы мугедек мемлекет тургын уй жагынан комек бере алама! Рахмет

        • молдир Алимжанова
        • 07.01.2016

        Мен Туркестан каласынанмын ос багдарлама аркылы уй ала аламынба менин басымда не баспана не жерим жок уш балам бар уйдемин жумысым жок квартирада турамын кандай жолдары бар маган комек бериниздерши отинемин сиздерден

        • Гулек
        • 20.12.2016

        Салеметсиздерме? Меним жасым 25 те. Турмыстамын. 1 улым бар.жолдасым жумыс жасап.озим балапан уйде.отау курганымызга 2 жылдан асты. Содан бари квартерде турамыз.жалга беру багдарламасы бойынша уй ала аламызба.кандай дакументтер керек екен.жане де айга канша салым салу керек екен.акпарат айтасыздарма

        • Гулек
        • 20.12.2016

        Салеметсиздерме? Меним жасым 25 те. Турмыстамын. 1 улым бар.жолдасым жумыс жасап.озим балапан уйде.отау курганымызга 2 жылдан асты. Содан бари квартерде турамыз.жалга беру багдарламасы бойынша уй ала аламызба.кандай дакументтер керек екен.жане де айга канша салым салу керек екен.акпарат айтасыздарма

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __   __   __    _  __    _____    ______   
       | |/ //  \ \\/ //  | |/ //  |  ___|| |      \\ 
       | ' //    \ ` //   | ' //   | ||__   |  --  // 
       | . \\     | ||    | . \\   | ||__   |  --  \\ 
       |_|\_\\    |_||    |_|\_\\  |_____|| |______// 
       `-` --`    `-`'    `-` --`  `-----`  `------`  
                                                      
      
       
      Наверх