Новости Атырау - Мунайлы Астана

      25 наурыз 2019, 12:42
        Экономика 30.01.2014, 15:17 0 пікір 1663 просмотров

        «Жалақы тағайындалмайынша, жол бермейміз...»

        -Жұмысқа алған кезде «кондукторларға жалақы алға қарай болады» деп үміттендірді. Енді ол жайында ешкім тіс жармайды, себебін де айтпайды.

        Біздің күнделікті жоспарымыз 46 мың теңге. Шықса да, шықпаса да соны тапсыруға тиіспіз. Орындалмаса, жетпегені мойнымызға «ілінеді». Біз де отбасымызды асырау үшін жұмыс жасап жүрміз. Тиесілі жалақы дұрыс төленбегесін қала ішінде кісіге таласып, бір-бірімізбен жарысып жүруге тура келеді. Сол үшін халыққа жол билетін бір берсек, бір бермейміз. Халықпен жұмыс жасау оңай емес. Бізге жалақы тағайындалғанын қалаймыз, - дейді олар.

        Олар бұл тығырықтан өздеріне тұрақты түрде жалақы белгілеу арқылы ғана шығуға болатынына сендіреді.

        -Қазіргі өзін-өзі қаржыландыру заманында кондукторларға жалақы төлеуге серіктестіктің қалтасы көтермейді. Кәсіпорынның кіріс бөлімі сатылған жол билеттерінің қаражатынан құралады. Сондықтан кондукторларға жалақы тағайындау әзірге жоспарланбайды. Тек алдағы уақыттың еншісінде екенін ғана айта аламыз.

        Жалпы қоғамдық көлікті ұстап отырудың өзіндік қиындығы да жетерлік. Автобус көліктерінің негізгі бөлігі қаланың Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімімен жалға алынған, өтілімі 5-6 жыл болған жаңартуды қажет ететін көліктер. Кәсіпорынның өз күшімен бір жыл ішінде екі рет 20 қоғамдық көлік несиеге сатып алынды. Алдағы ақпан айында тағы 15 көліктің келуін күтіп отырмыз. Осылайша автобустарды біртіндеп жаңарта отырып, қалаішіаралық жолаушы тасымалдау жұмысын, жалпы кәсіпорын жағдайын жақсартуды мақсат етіп отырмыз. Халыққа белсенді, сапалы, мәдениетті қызмет көрсетудегі жауапкершілікті басты міндетіміз санаймыз, - дейді «АйсТрансХолдинг» ЖШС-нің пайдалану бөлімінің меңгерушісі Жаңбырбай ЖОЛДЫБАЕВ.  

        Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
        сурет автордыкі

         

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         _    _      ___       _____   _    _    __   __  
        | \  / ||   / _ \\    / ___// | || | ||  \ \\/ // 
        |  \/  ||  / //\ \\   \___ \\ | || | ||   \   //  
        | .  . || |  ___  ||  /    // | \\_/ ||   / . \\  
        |_|\/|_|| |_||  |_|| /____//   \____//   /_//\_\\ 
        `-`  `-`  `-`   `-` `-----`     `---`    `-`  --` 
                                                          
        
         
        Наверх