Новости Атырау - Мунайлы Астана

      16 маусым 2019, 10:01
        Денсаулық 30.01.2014, 16:59 0 пікір 4748 просмотров

        Қызды неше жаста тұрмысқа берсең де...

        Бір кездері Үкімет басшысына депутаттық сауалын жолдаған бұрынғы Мәжіліс депутаты Ирак ЕЛЕКЕЕВ:

        - Баланы алдырту көп жағдайда жасөспірімдерге тән. Мектеп оқушысы әлі бала дегенмен, жоғары сынып оқушыларының бәрінің бірдей бойынан балалық байқала бермейді. Олардың қатарында ерте есейіп кеткендер де кездеседі. Мамандардың айтуынша, бедеулік көп жағдайда бірінші балаға түсік жасатудан болады. Бұдан шығатын қорытынды: жасанды түсік – отбасын ойран етеді, - депті. Халық қалаулысының  тағы бір келтірген дерегі тіпті жаға ұстатарлық.  Жасанды түсік жасатушылардың жас шамасы  өте жасарып келе жатқан көрінеді. Күні бүгін олардың жасы 14-тен басталады, тіпті 12 жастағы оқушылар да кездеседі екен. Сол депутаттың сөзін жуырда оның әріптесі депутат Жұматай ӘЛИЕВ те қостады.

        - Бастысы түсік жасаумен айналысатын медициналық мекемелерге заң жүзінде тыйым
        болуы қажет. Заңға бағынбаған клиникаларды, тіпті қыз-келіншектерді қылмыстық жауапқа тартқан жөн. Болашақта халқымыз көбейсін десек, біз абортты тоқтатуымыз керек. Олай болмаған жағдайда  қыз баланы 14 жастан тұрмысқа берген жөн,- дейді Жұматай Әлиев.

        Депутаттар алаң болған бүгінгі таңдағы проблемалық мәселеге жасөспірімдер арасындағы жүктілік себепші. Әйтсе де, дәрігерлер депутаттардың бұл пікіріне келіспейді. Атырау облысының бас акушер-гинекологы Гүлмира ҚАЙЫРҒАЛИЕВА өз уәжін былайша жеткізеді.

        -Біздің міндетіміз - әйелдегі жүктілікті қауіпсіз үзу. Өз тәжірибемнен айтар болсам, жасанды түсікті негізінен 17 мен 35, 40 жасқа дейінгі туу жасындағы әйелдер жиі жасатады. Алайда, бұл кәмелетке толмағандар арасында жасанды түсік жоқ дегенді білдірмейді. Олар ата-анасы немесе басқалардан жасырынып, жасанды түсікті жеке клиникаларға жасатуға үйір болып алғаны да жасырын емес.

        Жалпы облыс бойынша 2011 жылы жасанды түсік жасатқандар саны 1943 болса, 2012 жылы оның саны 1714-ке азайды. Жасанды түсік бедеулікке әкелетін бірден-бір жол. Десек те оған заң жүзінде тыйым салынса, елде криминалды түсік те белең алуы әбден мүмкін. Бұл түсік түрі ана өліміне әкеліп соғады. Сала маманы ретінде қыз баланы 14 жаста күйеуге беруге қарсымын. Себебі бұл жаста қыздың организмі бала босануға толық дайын емес. Тіпті, қызды неше жасында тұрмысқа  берсе де,  жасанды  түсік  бәрібір тоқтатылмайды, - дейді облыстың бас акушер-гинекологы.

        Облыстық перзентхана Бас дәрігерінің орынбасары Асқар КЕНЖЕҒАЛИЕВ жасанды түсіктің зиянын айтып берді.

        -Баласынан безінген әйелдер медициналық тәсілмен шарананы алдыртып құтылғанымен, айықпас дерт жамайды. Ең өкініштісі, қабынудың салдарынан әйел бала сүю бақытынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар созылмалы ауруларға ұшырайды. Жасанды түсік әдетте 12 аптаға дейін жасалады. Әйел денсаулығы бала көтеруге жарамаған жағдайда 22 аптаға дейін жасалады. Операция неғұрлым кеш жасалса, соғұрлым зардабы көп. Дегенмен, әйелдің өз еркімен жасанды түсік жасауына елімізде заң бойынша кедергі жоқ. Біздің тәжірибеде де кәмелетке толмаған қыздар арасында жасанды түсік жасатулар кездесті. Біз алдымен оларға, олардың анасына да жасанды түсіктің зиянын егжей-тегжейлі түсіндіреміз.

        Ал, депутаттар көтерген қыз баланы 14 жасында тұрмысқа беру - өте ерте, қате пікір. Себебі, бұл жаста қыз бала жүктілікке дайын емес. Ал организмі толық жетілмеген жас ананың жүктілігі оның сәбиіне тікелей әсер етуі мүмкін. Мәселен, балада іштен туа бітті ақаулар болып, сәбиінің күніне жетпей босануы секілді қателіктер орын алса, ол кім-кімге де опа бермейді. Сондықтан алдымен бұл мәселеге егжей-тегжейлі қараған жөн,-дейді бас дәрігердің орынбасары.

        Тілші түйіні:

        «Былай айтса бидікі, былай тартса құлдыкі дұрыс - тың» кері келіп тұрған мәселенің екі жағы да бар. Біріншіден, мектеп жасындағы оқушы ел заңы бойынша тиісті білім алу керек. Оған ең алдымен ата-анасы міндетті. Осы жерден келгенде атамыз қазақтың «қызға қырық үйден тыю» деген ғаділетті сөзі әдірам қалғандай болып тұр. Екіншіден, елімізде  қай-қай тараптан болмасын ұрпақ тәрбиесіне деген көңілдің әлі де болса алабұртып тұрғанын көрсетсе керек.

        Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

         «МА» анықтамасы:
        Жасырын, заңсыз жасалатын түсікті медицинада криминалды түсік дейді. Оны әйелдің өзі немесе медициналық мекемеде жұмыс жасамайтын маман емес адамдар жасайды. Сондықтан ол адам өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті. Бұдан кейін көп жағдайда әйел денсаулығында ауыр асқынулар кездеседі. 

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         __   _      ___     _    _    _    _     ______  
        | || | ||   / _ \\  | \  / || | || | ||  /_   _// 
        | '--' ||  | / \ || |  \/  || | || | ||  `-| |,-  
        | .--. ||  | \_/ || | .  . || | \\_/ ||    | ||   
        |_|| |_||   \___//  |_|\/|_||  \____//     |_||   
        `-`  `-`    `---`   `-`  `-`    `---`      `-`'   
                                                          
        
         
        Наверх