Новости Атырау - Мунайлы Астана

      26 маусым 2019, 4:48
        Аймақ 19.02.2014, 15:52 0 пікір 10295 просмотров

        Әлем өзгеруде, мен де өзгеремін...

        Тұғырлы мемлекетіміздің мәртебесін көтеретін сапалы білім екені анық. Осы саладағы жаңашылдық, өзгерістер туралы Атырау қаласындағы №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназиясы директорының міндетін атқарушы Нұргүл Тілегенқызы БЕКЕНОВАДАН ой-пікірін сұраған едік.


        Қазіргі таңда ұстаздарға сабақта жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы да, терең білім беруге, олардың сыни ойлау қабілеттерін жетелеуге, уақытты тиімді пайдалануға, сабақты қызықты да, мазмұнды өткізуге, мұғалімнің оқу іс–әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білуге жоғары талап қойылып отыр.

        Мұғалім үшін ең маңызды нәрсе - қоғам үшін пайдасы зор тұлға тәрбиелеу. Демек, өз ұстанымдарын жеткізе алатын және еркін, ынталы, өзіне және өз идеяларына сенімді, сыни көзқарасы жүйелі дамыған, ғылым мен техниканың белгілі салаларында құзырлығын көрсете алатын «Мен» деген тұлғаны тәрбиелеуде мұғалімнің сіңірер еңбегі зор.

        Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктіліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады. Ең маңыздысы, балаларға дайын білімді беру емес,білімді өз бетінше меңгертудің жолын іздеу керек. Сондықтан орта білім жүйесінде «Назарбаев зияткерлік мектебі» мен Кембридж университетінің білім беру факультеті және педагогикалық шеберлік орталығының біріккен бағдарламасы өмірге келді. Бұл жобаның өмірге келгеніне көп уакыт болған жоқ, алайда оның нәтижесі қазірдің өзінде көңіл қуантады. Кембридж бағдарламасы сындарлы (конструктивті) оқыту теориясы деп аталады. Ол 7 модульді қамтиды. Атап айтқанда, сыни тұрғыдан оқыту технологиясы, оқудағы көшбасшылық, дарынды оқушымен жұмыс, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер,оқу мен оқытудағы бағалау, ақпараттық технологиямен жұмыс, оқушылардың жас ерекшелігіне қарай оқыту деп аталатын модульдерді қамтиды. Қазақ елінің білім саласына жаңа жетістіктер әкеледі деген сеніммен қолданысқа енгізілуде. Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан  алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.

        Сындарлы оқыту технологиясы оқушымен қатар мұғалімнің үнемі ізденісте болуын талап етеді. Сол себепті ізденуін тоқтатқан мұғалім артта қалып қояды. «Әлем өзгеруде, енді мен де өзгеремін» деген қағиданы ұстанған мұғалімдер ғана бүгінгі күннің талабына толық жауап бере алады.

        Біздің Атырау өңірінде жаңашылдықты игеру мақсатында көптеген ұстаздарымыз деңгейлік  курстардан өтіп жатыр. Осындай әріптестеріміздің қатары күннен-күнге көбейіп, қазақстандық мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығы аясында белсенді жұмыс істеуге ұмтылуы арта түседі деп сенемін.

        Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

         

         

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
                    _____     _____      ___      _____   
          ____     |  ___||  / ____||   / _ \\   / ____|| 
         |    \\   | ||__   / //---`'  | / \ || / //---`' 
         | [] ||   | ||__   \ \\___    | \_/ || \ \\___   
         |  __//   |_____||  \_____||   \___//   \_____|| 
         |_|`-`    `-----`    `----`    `---`     `----`  
         `-`                                              
        
         
        Наверх