Новости Атырау - Мунайлы Астана

    22 октябрь 2017, 21:24
      Қоғам 26.02.2014, 16:27 0 пікір 1333 просмотров

      Жемқорлықтың жолын кес

      Өткен жылғы сыбайлас жемқорлықты анықтау индексі бойынша Қазақстан 177 мемлекет арасында 28 баллдық көрсеткішпен 140-шы орында қалып отыр.


      Осыған орай, №2 Халыққа қызмет көрсету орталығында «Нұр Отан» партиясымен бірлескен семинар кеңесінде облысымыздағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірқатар мәселелер айтылды.

      Алдымен, шараны ашқан №2 ХҚКО-ы директорының орынбасары Тұрлан НҰРЖАНОВ қазіргі уақытта жемқорлық мәселесі қоғамдағы індетке айналғандығын айтса, жиынға арнайы шақырылған «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат ӘЗМҰХАНОВ, қалалық партия филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Алмаз ШЕРКЕШБАЕВ, облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорының бірінші орынбасары Асылбек МҰҚАНОВТАР Елбасының биылғы Жолдауы – ұзақ мерзімді даму мен экономикалық өсуді мақсат еткен мықты мемлекетіміздің тағы бір Стратегиялық жоспары деді.

      Ал, Атырау облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлық-қа қарсы күрес департамен-тінің ұйымдастыру-бақылау басқармасы инспекциясының бастығы Қаһарман ЖӘРДЕМОВТЫҢ баяндауынша, өткен жылдың нәтижесі бойынша Департаментпен 386 қылмыс, соның ішінде 131 ауыр және аса ауыр қылмыстар анықталған. Сотқа 331 қылмыстық іс жолданса, қабылданған шаралар мен өндірістен аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал 72,6 млрд. теңгені құрап, оның 24,1  млрд. теңгесі өндірілген.


      P.S. Әрбір азамат өзіне белгілі болған қандайма бір жемқорлық қылмыс көріністері мен шағын және орта бизнес қызметіне заңсыз араласу фактілері туралы қаржы полициясы органдарының «144» бірыңғай сенім телефонына хабарласса болады.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА, сурет автордыкі

       

       

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  _      ___       _____     ___     __   __  
       | \| ||   / _ \\    / ___//   / _ \\   \ \\/ // 
       |  ' ||  / //\ \\   \___ \\  | / \ ||   \   //  
       | .  || |  ___  ||  /    //  | \_/ ||   / . \\  
       |_|\_|| |_||  |_|| /____//    \___//   /_//\_\\ 
       `-` -`  `-`   `-` `-----`     `---`    `-`  --` 
                                                       
      
       
      Наверх