Новости Атырау - Мунайлы Астана

      13 декабрь 2018, 20:44
        Спорт 26.02.2014, 14:55 0 пікір 1531 просмотров

        Таэквондошылар тағы да табысты

        Жуырда Алматы облысы Қаскелең қаласында Қарасай батырды еске алуға арналған таэквондодан республикалық турнир өткізілді.


         

        Тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған балалар мен жасөспірімдер арасындағы ашық турнирге еліміз бойынша 730 спортшы қатынасты. Аталмыш додада қаламыздағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен 25 таэквондошы бақ сынады.

        Олар бұл жолы да жүлдесіз оралмады. Мәселен, Арайлым АСҚАРОВА, Мәриям КУДАРОВА, Әлішер ЖҰМАҒҰЛ,Темірлан АХУНЖАНОВ, Егор ЧЕКАЛОВ, Эльдар ЖОЛДАСБАЕВ, Жандос ЖАҚСЫҒАЛИЕВ, Алдияр ҒАДІЛБЕКОВ, Ирина ЛИ, Әділжан СӘРСЕНОВ, Әлихан СЕЙІТОВ, Айдана ЕДІЛБАЕВА, Арайлым ОРАЗАҚОВА қола, ал Рамазан ТАСПАЕВ күміс жүлдемен оралды. Бұған қоса Ұлжан МАХАНОВА мен София АМАНГЕЛДИЕВА І орынды иеленіп, чемпион атанды. Жарыста жеңімпаз атанғандарға Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер атағы берілді. Спортшылардың нәтижелі көрсеткіш көрсетіп, даралануларына бапкерлері Айсұлу ХАЛАМҚАЛИЕВА, Сәуле САРДАРОВА мен Руслан АМАНҒАЛИЕВТІҢ еңбектері орасан екендіктерін атап өткен жөн.  


        Арайлым БАҒЫТЖАН

         

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          _  __   __   __             __   __    ______  
         | |/ //  \ \\/ //   ____     \ \\/ //  /_   _// 
         | ' //    \ ` //   |    \\    \ ` //   `-| |,-  
         | . \\     | ||    | [] ||     | ||      | ||   
         |_|\_\\    |_||    |  __//     |_||      |_||   
         `-` --`    `-`'    |_|`-`      `-`'      `-`'   
                            `-`                          
        
         
        Наверх