Новости Атырау - Мунайлы Астана

      27 маусым 2019, 7:19
        Қоғам 27.03.2014, 12:03 0 пікір 1771 просмотров

        Алқабилерден ши шықты

        Облыс прокурорлары қара қылды қақ жаратын алқабилерден құқық бұзушылық оқиғасын анықтапты. Анығын айтқанда, олардың тізіміне психиатриялық, наркологиялық тіркеуде тұрған, сотты болған, тіпті, қайтыс болған адамдардың аты-жөні еніп кеткені белгілі болды. Мұндай бассыздықтар туралы жақында өткен облыстық прокуратураның алқа мәжілісінде сөз болды.


        Облыстық прокуратураның басқарма бастығы Марат ХАБИБУЛЛИН: - Тексеру барысында  соттарда қаралып жатқан алқабилерге қатысты істерде заңдарда көзделмеген тұлғалар жүрген. Тексеру нәтижесінде алқабилер тізімінде  қайтыс болған 18 адамның аты-жөні жүргені анықталды. Бұл дегенің алқабилердің тізімі формалды жүргізіледі, яғни жауапты тұлғалар тексермейді деген сөз. Сондай – ақ, бұрын сотталған, тіркеуде тұрған адамдар да сот отырыстарына қатысқан. Бұл – мүлдем заңға қайшы. Соның салдарынан алқабилердің  қатысуымен қаралып жатқан қылмыстық істерде заңды  сот үкімінің шығуына  кедергі келтіріп отыр, - деп атап көрсетті. Мәжілісте бүгінгі күні көбейіп кеткен жол-көлік апаттары жайлы да мәселе көтерілді. Ресми деректерге сүйенсек, былтыр облыста жол көлік оқиғасы салдарынан 127 адам қаза тауып, 626 адам жарақат алып, өлім саны 0,8 пайызға өсіпті. Бұған себеп, басқарма басшысы Балнұр ЕСЕНГЕЛДИНОВТІҢ айтуынша, апаттың алдын-алу, ақпараттық-насихаттық шаралар толыққанды жүргізілмейді. Мысалы, тек науқандық акциялар кезінде бір реттік билбордаттардың көрсетілетіні болмаса, жүйелі жұмыстар жоқтың қасы. Соның салдарынан жасөспірімдердің көпшілігі жол көлік қозғалысынан бейхабар. Тағы бір себеп, қала көшелерінде орналастырылған 266 бейнекамераның 51-і ғана жұмыс жасайды, оның үстіне сапасыз. Сондай-ақ, бұрыннан айтылып келе жатқан 18 бағдаршамның орнатылатын түрі жоқ. Осы орайда ішкі істер қызметін жандандыру қажеттігі айтылды. Жергілікті әкімшіліктің берген мәліметіне қарағанда, жыл ортасында аталған бағдаршамдар орнатылып, 120 сапалы әрі сандық жүйемен жұмыс жасайтын бейнекамералар орнатылмақ. Ал, жол апатының алдын-алу мақсатында алдағы уақытта облыс прокурорлары көлік жүргізушілерін дайындайтын автомектептердің жұмысын тексеріп, жол тәртібі мен көлік басқаруды үйрететін инструкторлардың оқыту сапасын анықтауды қолға алатын болды. Мәжіліс соңында облыс прокуроры Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВ  орын алған кемшілікті жою үшін жұмыстануға шақырып, құқық бұзушылыққа жол бергендердің заң шеңберінде жазаланатынын айтты. 


        Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         __   __     ___      _  __     ___     _    _   
         \ \\/ //   / _ \\   | |/ //   / _ \\  | |  | || 
          \   //   | / \ ||  | ' //   | / \ || | |/\| || 
          / . \\   | \_/ ||  | . \\   | \_/ || |  /\  || 
         /_//\_\\   \___//   |_|\_\\   \___//  |_// \_|| 
         `-`  --`   `---`    `-` --`   `---`   `-`   `-` 
                                                         
        
         
        Наверх