Новости Атырау - Мунайлы Астана

    23 октябрь 2017, 13:56
      Аймақ 09.04.2014, 15:58 0 пікір 1574 просмотров

      Ерліктері елге үлгі сарбаздарды еске алды

      Атыраудағы ҚР ішкі әскерлерінің 55/46 әскери бөлімінде бейбіт заманда тәжік-ауған жерінде қаза болған 17 сарбазға тағзым етілді. 


      1993 жылдары ТМД елдері басшыларының ұжымдық-қауіпсіздік келісіміне сай, тәжік-ауған шекарасын күзетуге Қазақстаннан арнайы рота аттандырылды. Осыдан 19 жыл бұрын 7 сәуір күні Пяндж өзені жағалауындағы Памир тауларындағы Пшихавр шатқалымен жүк колоннасын қарауылдап келе жатқан шекарашылар Ауғанстан жағынан моджахедтердің шабуылына тап болады. Осы кескілескен ұрыста 17 қазақстандық шекарашы қаза тауып, 33 әскер түрлі жарақат алған еді. 1995 жылдың 7 - ші сәуірі осы күннен бастап қаза тапқан 17 бітімгерші-шекарашылардың ерлігін қастерлейтін күн ретінде ел бойынша аталып өтіледі.

      - Үкіметтің қаулысымен 1993-1999 жылдары тәжік-ауған шекарасында екі мыңнан астам жауынгер әскери борышын өтеді. Жауынгерлер ТМД шекарасының оңтүстік шебін, Ауғанстанмен шектесетін ең ауыр және қиын учаскенің тыныштығын күзетті. Олардың басты мақсаты - жалпы саяси жағдайдың тұрақтануына дейін, тәжік-ауған шекарасындағы ахуалды ретке келтіру. Сонымен қатар гуманитарлық көмектің жеткізілімін қамтамасыз ету және қорғау, босқындардың қауіпсіз жетуін қадағалау, маңызды нысандарды қорғау болды. Ең жойқын қақтығыс 1995 жылы Памир тауларындағы Пшихавр шатқалында орын алды. Онда 17 қазақ жігіті содырлармен болған атыста көз жұмған болатын.

      Біз үшін қаза болған сарбаздар мәңгі есте қалады. Өйткені олар азаматтық борышын атқаруда ерлікпен қаза тапты, - дейді 55/46 әскери бөлімінің командирі, подполковник Бағдаулет ОСПАНБЕКОВ.

      Ал дәл осы күні 17 сарбазбен бірге ұрыста бірге болған Сайлаубек ДҮЙСЕНОВ:

      - Біздер шекараға ілігіп үлгергеніміз сол еді, моджахедтер бізді тұтқынға алғысы келді. Бірақ біздің жауынгерлер оларға төтеп берді. Біздің жауынгерлер көз алдымызда ерлікпен қаза тапты. Түскі 12-де басталған ұрыс 7 сағатқа созылды, - дейді.

      Салтанатты рәсімге қатысқан сол кездегі жауынгерлік міндетін атқарған тәжік-ауған ардагерлері, 55/46 әскери бөлімінің жеке құрамы, ауған соғысының ардагерлері қаза болған қазақ әскерлерінің рухына тағзым етіп, мәңгілік алауға гүл шоғын қойды.

      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Сурет автордыкі

       

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ____     __   __   _____      _____     _____   
       |  _ \\   \ \\/ // |  __ \\   |  ___||  / ____|| 
       | |_| ||   \ ` //  | |  \ ||  | ||__   / //---`' 
       | .  //     | ||   | |__/ ||  | ||__   \ \\___   
       |_|\_\\     |_||   |_____//   |_____||  \_____|| 
       `-` --`     `-`'    -----`    `-----`    `----`  
                                                        
      
       
      Наверх