Новости Атырау - Мунайлы Астана

    19 ноябрь 2017, 9:02
      Аймақ 30.04.2014, 18:29 0 пікір 1463 просмотров

      Су үнемдеудің тиімділігі

      Жалпы, дифференциалды тариф енгiзу алғаш рет 2009 жылы Алматы қаласында жүзеге асырылып, оң нәтиже берген болатын. Содан кейін бұл жаңалық басқа өңірлерде қолдау тауып, іске асырыла бастады. Аталған тарифті енгізу барысында барлық санаттағы тұтынушылар суды қымбат тауар ретiнде бағалап, үнемдеуге ұмтылады. Сондықтан  ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Стратегиялық даму жоспарына сәйкес суды пайдаланудың мөлшерiне байланысты дифференциалды тарифке өту уақыт талабына айналып отыр. Ал, қолданыстағы заңнамалар негізінде коммуналдық қызметтер саласында өлшеу құралдарын орнату табиғи монополиялар субъектiсiнiң де, сондай-ақ   тұтынушылардың да мiндетi болып қаралғаны белгілі. Мамандардың пікірінше, әдетте тұрғындарға өлшегiш құралдарын пайдалану 20-40 пайызға үнем бередi. Демек, дифференциалды тарифтердi қолдану - өлшеу құралдары жоқ тұтынушылардың құралы бар тұтынушыға қарағанда көп ақы төлейтiндіктен, келешекте өлшегiш құралдарды қою мәселесін түпкілікті шешіп береді. Осы ретте дамыған шетелдерде дифференциалды тариф қолданылады және нәтижесі жоғары екені белгілі.  Мысалы, АҚШ–тың Калифорния қаласында біздің валютамен есептегенде, айына бiр адамға 30 текше метр суға кететін шығын бiр текше метрi 60,84 теңге төлемiн құраса, 60-тан жоғары текше метрдің - бiр текше метрi 97,35 теңгенi құрайды екен. Ал, Жапонияда, тiптi он деңгейлi жүйе қолданылады. Тіпті, бiрiншi топтағы тұтынушылардан, нақтырақ айтқанда, 5 текше метр-ге дейiн су тұтынушылардан төлемақы мүлдем алынбайды. Біздің елде мұндай дәрежеге жетудің ауылы алыс сияқты. Өйткені жаңа енгізіліп жатқан су пайдалану мөлшерi бойынша дифференциалды тарифтi қолданудың өзіндік қиындығы бар. Ол ақпараттық - өлшеу жүйесiнiң қажеттiлiгi. Бұл жүйенің көрсеткiштердi берiп тұруды қамтамасыз етушi өлшегiш құралдан, басқару жүйесi мен арнайы бағдарламалық кешенiнен тұратынын ескерсек, технологияны қолданысқа енгізу құны тым қымбат әрі көп қаржы талап етедi. Алайда, мұндай  кешенсiз тұтынушылардың пайдаланған су көлемiн дұрыс есептеуге қол жеткiзiлмейтін көрінеді. Осындай қиындыққа қарамастан еліміздің әр өңірлерінде сараланған тарифті енгізу арқылы қаржы үнемдеу жүзеге асырылуда. Оның ішінде жергілікті «Атырау Су Арнасы» да бар. Қаржы үнемдеу туралы осы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның директоры А.ТАШЛЫКОВТЫҢ айтуынша, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бұйрығына сәйкес, дифференциалды тариф 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап енгізіліпті. Бұл тариф өткен жылдың 1 желтоқсанына дейін қолданыста болған. Осы тарифті енгізудің және абоненттердің 100 пайыз жеке су есептеу құралдарын орнатуы тұрғындар үшін экономикалық тиімділігі 49,7 млн. теңгені құраған. Себебі, суға ақы төлеу бұрынғыдай есептеу құралдары жоқ тұрғындарда белгіленген нормамен, яғни, адам басына тәулігіне 220 литр емес, тұтыну фактісі бойынша есептеліпті. Осыдан – ақ, су пайдалануды үнемдеудің тиімділігін айқын аңғаруға болады.

      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ 

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __     ___     __   __    _____    ______   
       | |/ //   / _ \\   \ \\/ //  |  ___|| |      \\ 
       | ' //   / //\ \\   \   //   | ||__   |  --  // 
       | . \\  |  ___  ||  / . \\   | ||__   |  --  \\ 
       |_|\_\\ |_||  |_|| /_//\_\\  |_____|| |______// 
       `-` --` `-`   `-`  `-`  --`  `-----`  `------`  
                                                       
      
       
      Наверх