Новости Атырау - Мунайлы Астана

      23 наурыз 2019, 9:22
        Аймақ 11.06.2014, 15:57 0 пікір 2864 просмотров

        Мектептің шатыры ортасына түсті

        Жуырда Еркінқала селолық округіне қарасты Ракуш ауылындағы жалғыз мектептің шатыры опырылып ортасына түсті. Көзбен көргендер бұл қатты дауылдың әсерінен дейді. Абырой болғанда зардап шеккен ешкім жоқ. Алайда мектептің мәселесі бір ғана шатырмен шектеліп қалмапты...


        М.Өтемісов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп бастапқыда 240 орынға арналып салынса, бүгінде 350-ден астам баланы артығымен қабылдауда. 1968 жылы қабырғасы қаланған мектеп күрделі жөндеуді соңғы рет 2003 жылы көрген.

        - Содан бері аттай 46 жыл өтті. Мен одан не сапа күтем? Мектептің ішкі жағдайын көріп кеткендер апатты жағдайға жатқызбайды. Кезінде жағдайды көзбен көріп кеткен облыс әкімінің орынбасары Тимуржан ШӘКІМОВ те «Мынадай мектепте оқу ұят, бұл мәселені қарастырамыз» деген болатын. Сол кезде жөндеуге кеткен қаржыға жаңадан мектеп салған тиімді екен дегенді де есіттік. Енді үміттеніп отырмыз, - дейді мектеп директоры Фариза ІЗМАҒАМБЕТОВА.

        - Мектеп ғимараты апатты жағдайдың алдында екенін дәлелдейтін құжаты бар. Жыл санап оқушылар саны да көбейіп келеді. Ауылымызда мәдениет үйі болмағандықтан, барлық мәдени шаралар осы мектепте өтеді. Тіпті тәрбие жұмыстарын өткізуге де орын таппай жатамыз кейде. Одан қалса, дәрігерлік қосын да осы мектептің ішінде.

        Дене шынықтыру залының апаттық жағдайда жабылып тұрғанына биыл екінші жыл. Қыс түскенше балалар газонда ойнайды. Салқын түскесін дәлізде өтеді. Бұл сабақтың өтуіне үлкен кедергі келтіріп, оқушылардың ойын бөліп отырады. Жалпы мектеп сабақ өткізуге тарлық етеді, - дейді ардагер-ұстаз Жайлан САТЫБАЛДЫҚЫЗЫ.


        Тілшіден: «Үлкен үйге не керек болса, кішкене үйге де сол керек» деген бар. Билік басындағыларға базынасын жеткізе алмаған бұқараның мұңына қандай ма бір жақсы жауап болатынына үміттенеміз...

        Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ, сурет автордыкі. 

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          _____      ___     __   __   __   __    _____   
         / ____||   / _ \\   \ \\/ //  \ \\/ //  /  ___|| 
        / //---`'  | / \ ||   \   //    \ ` //  | // __   
        \ \\___    | \_/ ||   / . \\     | ||   | \\_\ || 
         \_____||   \___//   /_//\_\\    |_||    \____//  
          `----`    `---`    `-`  --`    `-`'     `---`   
                                                          
        
         
        Наверх