Новости Атырау - Мунайлы Астана

      23 шілде 2019, 20:42
        Аймақ 09.07.2014, 16:13 0 пікір 1721 просмотров

        Агенттіктің жауапсыздығынан жапа шекті

        Түрік әуе компаниясына қатысты тағы шу шықты. Бұл жолы Түркиядан саяхаттан елге оралуы тиіс 303 қазақстандық турист ол жақта 3 тәулікке қалып қойды. Олардың барлығы да «Гүлнәр-Тур» компаниясынан жолдама алғандар. 


        Алдын-ала ақпарат бойынша, қазақстандық саяхатшыларды «Джет эйрлайнс» әуе компаниясының ұшақтары елге тасымалдауы тиіс болған. Алайда олардың бұл қызметіне еліміздің Азаматтық авиация комитеті тыйым
        салыпты. Өйткені, «Гүлнәр-Тур» бағыттарына қызмет етуші «Джет эйрлайнс» әуе компаниясы ұшағын пайдалануға рұқсат тек 30-шы маусымға дейін болған. Соған қарамастан, туроператор шілде айының рейстеріне билет сатуды жалғастырып келген. Енді туроператор, әуе компаниялары және азаматтық авиация комитеті өзара бір тоқтамға келе алмағандықтан, азаматтарымыз Түркия әуежайларын тәулік бойы мекендеді. Есесіне авиация комитеті туристік агенттікке өзге отандық 2 әуе компаниясының көмегіне жүгінуді ұсынды. Тіпті «Гүлнәр-Турдың» тапсырысы бойынша «Скат» компаниясы Қостанайдан шығатын ұшақпен Анталия және Бодрумнан жолаушыларды елге әкелуге дайын болған. Алайда белгісіз себептермен бұл рейс тоқтатылыпты. Себебі «Гүлнәр-Тур» тарапынан ешқандай тапсырыс болмаған.

        Ақырында вице-премьер Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен кеңес барысында жат елде қалған туристерге отандық әуе компаниясының ұшағын жіберу туралы шешім қабылданып, қазақстандық туристерді «SCAT» әуе компаниясы елге жеткізді. Айта кету керек, «Скат» әуе компаниясы бұл рейсті алдын - ала төлемсіз, «Гүлнәр-Турдан» жазбаша кепілдеме алу негізінде орындады.

        Ал елге оралған туристер өзге елде қалған шығынды өз қалталарынан төлегендерін, яғни  «Гүлнәр-Тур» ол шығынды мойнына алмағандығын айтуда. Олар екінші тәулікті толығымен әуежайда өткізген. Айтуларынша, туристік компания шалынған қоңырауды қабылдамай, телефонды өшіріп тастап отырған.

        Орын алған келеңсіздіктерге орай, «Гүлнәр-Тур» туристік агенттігіне қоңырау шалғанымызбен, ол жақтан ешқандай жауап болмады.

        Есесіне компанияның жауапсыздығынан жат жерде жапа шеккен қазақстандықтардың ішінде атыраулықтар жоқ, - дейді «Гүлнар-Тур» туристік компаниясы Атырау филиалының директоры Раушан ЖҰМАҒАЛИЕВА.

        - Мен ол жақта қалған туристердің жағдайын түсінемін. Бәріміз де уайымдадық. Бірақ, маңыздысы олардың ішінде біздің Атыраудан демалушылар болған жоқ.

        - Жалпы, «Гүлнәр-Тур» туристік фирмасының Атырау филиалынан жолдама алып, шет елге демалып қайтқан туристердің арасында, компанияның түсіндірмесі мен ол жақтағы жағдай сәйкес келмейді деп жатады. Мәселен, теңіз қонақүйден алыс, тағысын-тағы...

        - Біз жолдама алуға келген тұтынушыларға алдын-ала бәрін түсіндіреміз. Ондай жағдайлар тұтынушылардың сатып алған пакетіне байланысты болған шығар. Жалпы бізден демалуға жөнелген туристерді ешқашан далада қалдырған емеспіз.

        Туристердің жақсы тынығып қайтқандары біз үшін абырой, сондықтан жағдайды қадағалап отырамыз, - дейді филиал директоры.


        Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ, сурет автордыкі

         

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         __   _    __   __  __    __     ___     _    _   
        | || | ||  \ \\/ // \ \\ / //   / _ \\  | |  | || 
        | '--' ||   \ ` //   \ \/ //   / //\ \\ | |/\| || 
        | .--. ||    | ||     \  //   |  ___  |||  /\  || 
        |_|| |_||    |_||      \//    |_||  |_|||_// \_|| 
        `-`  `-`     `-`'       `     `-`   `-` `-`   `-` 
                                                          
        
         
        Наверх