Новости Атырау - Мунайлы Астана

      16 маусым 2019, 9:58
        Денсаулық 16.07.2014, 18:37 0 пікір 2039 просмотров

        Дәрігерлік қызметке шағым көп

        ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау Агенттігінің Атырау облысы департаментінің ұйымдастыруымен «Медициналық қызмет көрсету саласындағы тұтынушылық қатынастарда қызметтің әртүрлі салаларындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері» туралы дөңгелек үстел өтті. 


        Басқосуда департамент басшысы қатынасушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сай санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдары болып қайта құрылғандығы туралы және негізгі жұмыс бағыты тұтынушылардың құқықтарын қорғау екендігін түсіндірді. Бүгінде, халыққа қызмет көрсетудің ең маңызды және күрделі медицина саласында да медициналық және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қызмет түріне көңілі толмайтындар көп кездеседі. сондықтан жиналғандар жоспарлы ауруханаға жатқызу кезіндегі, емханалардағы кезек күттіру, шақырылатын жедел жәрдем көмегінің дер кезінде науқасқа келмеуі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі проблемалар және халықтың ақылы түрде зертханалық ұйымдарға жүгінуі жайында мәселе көтеріп, себеп салдарына тоқталып, оларды болдырмау бойынша өз ұсыныстарын ұсынды.Статистикалық мәліметке жүгінсек ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мәлімдемесіне сай 2014 жылдың 6 айында 40 арыз-өтініш түсіп оның 2 дәлелді, 15 жартылай дәлелді, 23 арыз дәлелсіз екендігі анықталған. Департамент басшысының сөзіне сенсек, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда  12,9 пайызға өскен. Үстел басында айтылған тағы бір мәселе ауруханаға жатқызудағы портал мәселесі болды. Бұл бағытта ҚР ДСМ медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Барсаева портал туралы халық арасындағы түсінік төмен деңгейде жүргізілгенін атап айтса, облыстық аурухананың дәрігері И.Нуфтиев «халықтың наразы болуы бұл шындық. Ауруханаға жатқызылатын науқастарға берілетін жолдамалар заңға сәйкес толтырылмайды. Оны базаға енгізіп, толықтыру үшін науқасты қайта жіберіп, жолдаманың дұрыс толтырып келуін өтінеміз. Міне осы жерде халық өз реніштерін білдіріп жатады» деді.

         «НұрОтан» партиясының мүшесі, Атырау облыстық мәслихаты депутаты А.Ғабдуллин халыққа ақылы түрде зертханалық ұйымдарға бару мәселесін көтерді. Ол: «Егер біз әр емханада зертхана бөлімшесін ұстасақ, халықты ақылы зертханаға жіберуіміз дұрыс па?» деген сынды сауалын жолдап, бұл бағытта «Нұр Отан» партиясы жанынан толығырақ зерделеп анықтайтынын айтып өтті.  Сонымен қатар, жиынға қатысушылар кадр мәселесінің бүгінгі таңда тапшы болуы маңызды әсер етіп отырғанында жасырмады. Десек те, дөңгелек үстел басында жиналғандар дүр сілкіндірер әңгіме тиегін ағытты. Маңызды мәселелер айтылды. Орынды-ақ, алайда, сөз жүзінде қалмауына ниеттес екендігімізді білдіріп тарқастық.


        Асан ҚАСАН,

        сурет автордыкі.

         

         

         

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          _____    __   __    ______   __   __    _____   
         |__  //   \ \\/ //  /_____//  \ \\/ //  |__  //  
           / //     \ ` //   `____ `    \ ` //     / //   
          / //__     | ||    /___//      | ||     / //__  
         /_____||    |_||    `__ `       |_||    /_____|| 
         `-----`     `-`'    /_//        `-`'    `-----`  
                             `-`                          
        
         
        Наверх