Новости Атырау - Мунайлы Астана

      23 января 2019, 2:08
        PR 20.08.2014, 16:22 0 пікір 2011 просмотров

        Дәстүрге айналған шеберлік додасы

        Өткен аптада «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ - ның еншілес және бірлескен кәсіпорындары қызметкерлері арасында VII-ші «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауы Атырау өңірінде өтті.


         

        Жалпы, еліміздегі мұнай мен газдың қоры Қазақстанды әлемдік нарықтың белді мүшесіне айналдырғаны белгілі. Сол «қара алтынды» игеріп, ел ырысын арттырып жатқан мұнайшыларымыздың ерен еңбегі халықтың көз алдында. Тарихы сонау тереңнен басталатын мұнай игеру ісін бүгінде жалғастырып келе жатқан ұрпақ өткенді ұмытпай, болашаққа жаңаша бағдармен қадам басып келеді. Мұнай өндірісіндегі әр жұмысшының жан-жақты, білімді, шебер жеке тұлға болып қалыптасу жолында түрлі игілікті шаралардың өткізілуі соның айқын дәлелі. Соның бірі әрі бірегейі осы «Үздік маман» байқауы. Өткен жылы Қызылорда облысындағы Ақшабұлақ кен орнында өткізілген байқаудың биыл Атырау жерінде өткізілуі тегін емес. Қазақстан мұнай өндірісінің тарихы басталатын Қарашүңгіл және Доссор, Мақат жерінде басқосу кім - кімге де рух пен күш беретіні рас. Демек, мұндай қарым-қатынастар мұнайшылардың бір - бірімен ынтымақтастығын, достығын нығайтады. Бұл жөнінде байқауға қатысушыларға құттықтау жолдаған «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директоры А.НҰРСЕЙІТОВ:

        - Бұл - 26 мың адамды бір шаңырақтың астына жинаған, ұжымды жұмылдыратын, рухтандыратын шара. Байқауды ұйымдастыру міндетін осымен үшінші рет мойнына алып отырған «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына бүкіл компания қызметкерлері атынан ризашылығымды білдіремін. «Үздік маман» байқауына іріктеліп алынған 10 мамандық иелері кез - келген мұнай компаниясының негізін қалайды. Яғни, әрқайсысыңыздың біліктілігіңіз, жауапкершілігіңіз, еңбекқорлығыңыз бен адалдығыңыз Компанияның өндірістік көрсеткіштеріне әсер етеді, - деп атап өтті.

        Байқаудың ашылу салтанаты «Ренессанс» қонақ үйінде өтті. Жиында сөз алған «Ембімұнайгаз» АҚ директорының бірінші орынбасары Айболат ҒАБДУЛЛИН бұл байқаудың өндірістік тәжірибе алмасуда рөлі үлкен екенін жеткізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, қазақ жерінде алғашқы мұнай табылғаннан бастап, бүгінге дейінгі саланың тыныс - тіршілігін паш еткен бейнефильм көпшілік назарына ұсынылды. Жалпы, 13 - 15 тамыз аралығында өткен байқауға «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ және «Қазгермұнай БК» ЖШС-гі сияқты кәсіпорындарда алдын - ала өткізілген іріктеу кезеңдерінде жеңімпаз атанған 56 қызметкер қатысып, өз бақтарын сынады. Олар мұнай мен газды өндіру, ұңғымаларды зерттеу, мұнайды дайындау, ұңғымаларды жер асты жөндеу  операторлары мен қатар, газ - электр дәнекерлеушісі, токарь, электромонтер сияқты 10 мамандық бойынша  сынға түсті. Теориялық және тәжірибелік бөлімнен тұратын сайыстың қазылар алқасы қатысушылардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін ұстануына, тәжірибелік тапсырманы орындау уақыты мен сапасына ерекше көңіл бөлді. Байқаудың бірінші күні мұнайшылар тест сынақтарын тапсырса, екінші күні кеніш басында түрлі сынақтардан сайысуға аттанып кетті. Сапар алдында бізге байқауға үшінші рет қатысып отырған Қызылордадан келген «Қазгермұнай БК» ЖШС - гінің инженер - электригі Нұржан ӘБІШЕВ, электрик - монтерлар Қайрат ТОЙБОЛОВ пен Ғалым МҰХАНБЕТЖАНОВТАРМЕН тілдесудің сәті түскен еді. Олар тас - түйін дайындықпен келгендерін айтады.

        -Бағана басындағы жәбірленушіні 5 минут ішінде түсіріп, оған алғашқы көмек көрсетуде және скважина басында берілетін тапсырманы жедел әрі сапалы орындап, жеңіс тұғырынан көрінетінімізге сенімдіміз, - дейді Қ.Тойболов.

        Әр мамандық бойынша сайысқа түсіп, үздік атанғандар «Үздік маман» төсбелгісімен, сондай - ақ, бағалы сыйлықтар және қаржылай сыйақымен марапатталды. Басқа өңірден келген мұнайшылар байқау арасында Атырау қаласымен, оның ішінде  өлкетану мұражайымен танысып, Сарайшық көне қаласы мен «Мекен» демалыс орнында болды. Осылайша еліміздің экономикасының дамуына үлес қосып жүрген мұнайшы әріптестер, өздерінің жұмыс істеу тәртібі мен озық үлгілерімен бөлісіп, жақсы көңіл - күймен тарасты.


         

        Гүлзада Қожабергенқызы, суреттер Самат Қайыржановтыкі.

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
                     ___     __   __   _    _     ____    
          ____      / _ \\   \ \\/ // | || | ||  |  _ \\  
         |    \\   | / \ ||   \   //  | || | ||  | |_| || 
         | [] ||   | \_/ ||   / . \\  | \\_/ ||  | .  //  
         |  __//    \___//   /_//\_\\  \____//   |_|\_\\  
         |_|`-`     `---`    `-`  --`   `---`    `-` --`  
         `-`                                              
        
         
        Наверх