Новости Атырау - Мунайлы Астана

      21 января 2019, 8:53
        Қоғам 26.11.2014, 17:09 0 пікір 2954 просмотров

        Батыс аймағындағы автошеру

        Тұңғыш Президент күніне орай және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап, Тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер ұйымдастырған салтанатты автошеру дүйсенбіде Атырауға ат басын тіреді. Жалпы Орал – Атырау  - Құлсары – Бейнеу – Шетпе – Жаңаөзен – Ақтау қалаларын жүріп өтуді көздеген автошеру құрамы тәжік-ауған қақтығысына қатысқан ардагерлерден, жауынгерлерден, ҚР Қарулы Күштерінің әскер қызметкерлері, шекарашылар, ішкі істер департаменті мен студенттерден тұрды.  


        Автошеруге қатысушыларды атыраулық әскерилер мен студенттер орталық Исатай-Махамбет алаңында сән салтанатпен қарсы алды. Айта кету керек, 21-ші қараша күні Ақтөбе қаласынан бастау алған автошеру 27-ші қарашада Ақтау қаласында тәмәмдалмақ.

        - Біз бұл автошеруді алда келе жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арнаймыз. Біз де «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауымен біргеміз. Біздің маршрут Ақтөбе, Орал қалаларында болды, ал алда Бейнеу, Жетібай, Шетпе, Жаңаөзен, Мұнайлы бар. Соңғы аялдама - Ақтау қаласы болмақ.

        Автошеруіміздің басты мақсаты - жастарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу. Отансүйгіштікке баулу, - дейді автошеруді ұйымдастырушы, Тәжік-ауған шекарасындағы ұрысқа қатысушы ардагерлер одағының республикалық бірлестігінің төрағасы Мұрат МҰХАМЕДЖАНОВ.

        Қоғамдық бірлестіктің төрағасы сол секілді аталған автошеруді тек Батыс аймағында өткізудің бірқатар себептеріне де тоқталды. Айтуынша, бүгінде батыс аймақта бірде-бір әскери мектеп жоқ. Ал әскери оқуға түскісі келгендер әскери білім алу үшін оңтүстікке баруына тура келеді. Сондықтан, қоғамдық бірлестіктің төрағасы алдағы уақытта Батыс аймағында республикалық мамандандырылған кәсіби-әскери бағыттағы мектеп-интернатты ашуға жұмыстану үстінде. Екіншіден, Батыс өңірінде әскери жаттығулар өткізіліп тұратын әскери-патриоттық орталықтарды құру. Үшіншіден, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беретін телеарналар ашуды қолға алып, онда 24 тәулік бойына өскелең ұрпаққа әскери тақырыпты кеңінен насихаттамақ. Одан басқа тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстарға қатысушы ардагерлер мен басқа да жауынгерлерді сауығу орталықтарында тегін емделуге мүмкіндік алып беруді көздейді.

        Жиыннан соң автошеруге қатысушылар Жеңіс саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің рухына тағзым етті. 


        Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ, суреттер автордыкі.

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         _    _      ___    __    __     ___      _____   
        | || | ||   / _ \\  \ \\ / //   / _ \\   /  ___|| 
        | || | ||  | / \ ||  \ \/ //   / //\ \\ | // __   
        | \\_/ ||  | \_/ ||   \  //   |  ___  ||| \\_\ || 
         \____//    \___//     \//    |_||  |_|| \____//  
          `---`     `---`       `     `-`   `-`   `---`   
                                                          
        
         
        Наверх