Новости Атырау - Мунайлы Астана

      25 маусым 2019, 4:39
        Мұнай 25.12.2014, 18:48 0 пікір 3197 просмотров

        «АМӨЗ» ЖШС-і хош иісті көмірсутектер шығарады

        Бүгін «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-де жалпыхалықтық телекөпір барысында хош иісті көмірсутектерді шығару кешенін іске қосу жұмыстары салтанатты жағдайда бастау алды. Айта кету керек, хош иісті көмірсутектерді шығару кешені 2010-2014 жылдарға арналған  мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған.  


         

        Салтанатты шараға ҚР энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, Атырау облыстық әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ, «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ  өкілдері және т.б. қатысты.

        Кешеннің жобасы екі негізгі технологиялық нысан құрылысын қамтиды: катализаторды үздіксіз қалпына келтіретін каталитикалық риформинг қондырғысы,  бензол алу және ароматикалық көмірсутектер шығару қондырғысы. Тағы бір ерекшелігі: кешенді екі режимде пайдалануға болады: жоғары октанды тауарлық бензин маркаларын дайындау үшін жоғары октанды компоненттер шығару (АИ-92, АИ – 95, АИ – 98);   мұнай-химия бағыты бойынша хош иісті көмірсутектер өндірісі: бензол – жылына 133 мың тонна және параксилол – жылына 496 мың тонна. Бензол мен параксилолдың маңыздылығы сол, мұнай-химия өнімдерінің кең ассортиментін, соның ішінде капрон, пластикалық масса, пластмассалық талшықтар шығаруда шикізат ретінде қолданылатын жоғары сұранысқа ие мұнай өңдеу өнімдері. 

        Хош иісті көмірсутектер кешенін іске қосу-баптау жұмыстарының басталғандығы жөнінде «АМӨЗ» ЖШС-нің бас директоры Қайрат ОРАЗБАЕВ телекөпір арқылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА былай деп мәлімдеді:

        - Осыдан 11 жыл бұрын жас кәсіпкер ретінде сіздің қабылдауыңызда болған едім. Содан бері аяғымызға тұрып, өңіріміздің ірі құрылыс компанияларының біріне айналдық. Жобамыздың артықшылығы - бір тәулік ішінде қолдануға дайын темірбетон өнімін және үй құрылысынан басқа өндіріс мекемелеріне жол құрылысына керекті темірбетон төсеніштерін өндіреміз. Осы зауыттың арқасында биыл қыркүйек айында ХІ Ресей - Қазақстан аймақаралық ынтымақтастық Форумы өткен «Салтанат» сарайының құрылысы өз мерзімінен бұрын аяқталды.

        Біз тұрғын-үй бағдарламасын іске асыруға және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауыңызда айтылған мәселелерді орындауға дайынбыз.

        Компания директорының сөзін мұқият тыңдаған елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Атырау мұнай өңдеу зауытының бүгінгі заманның тілегіне сай өндіріс екенін мақтанышпен айта келіп, соның арқасында Атырау облысы бірнеше адамды жұмыспен қамту мүмкіндігіне ие болып отырғанын айтып, зауыттарды іске қосу жөнінде рұқсат берді.

        Айта кететіні, хош иісті көмірсутектерді шығару кешенінің құрылысына 4500-ден астам жұмысшы қатысқан. Ал пайдалану кезінде 160-тан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. 


         

        Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,

        суреттер автордыкі

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          _____    _    _     _____      ___      ______  
         /  ___|| | || | ||  / ____||   / _ \\   /_____// 
        | // __   | || | || / //---`'  / //\ \\  `____ `  
        | \\_\ || | \\_/ || \ \\___   |  ___  || /___//   
         \____//   \____//   \_____|| |_||  |_|| `__ `    
          `---`     `---`     `----`  `-`   `-`  /_//     
                                                 `-`      
        
         
        Наверх