Новости Атырау - Мунайлы Астана

      23 шілде 2019, 18:32
        Қоғам 08.01.2015, 16:14 0 пікір 1712 просмотров

        Бас есепшілер қайда қараған?

        «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Мақат ауданындағы мемлекеттік қызметшілердің бірқатар жемқорлық әрекеттері әшкере болды. 


        Жалпы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы» Заңында: «Сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс делінген. Десе де, бізде бұл жағдай керісінше болып отыр. Неге дейсіз бе?

        Жиында құзырлы мемлекеттік органдардан алынған жемқорлық фактілеріне қатысты мәліметтерді таныстырған қоғамдық кеңес мүшесі Болат Қожиевтің мәлімдеуінше, өткен жылы Мақат ауданында 3 лауазымды тұлға жер саласына қатысты сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның 2-еуі қызметінен босатылып, 1-еуіне ескерту берілген. Осыған орай, қазіргі таңда аудандық прокуратурамен аудандық сотқа айыпталушылардан мемлекет пайдасына 1 178 000 теңгені өндіру үшін талап-арыз жолданып, қазіргі таңда оның 338 027 теңгесі өндірілген. Сол сияқты Мақат аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы И.Сералиевпен Мақат ауданы, Ескене кентінен 25 тұлғаның тұрғын үй құрылысын салу үшін жер сұрап жазған өтініші болмауына қарамастан, заңсыз жер таңдау актісі дайындалып, одан әрі комиссиямен оң қорытынды берілуіне және Доссор кенті әкімімен шешім шығуына ықпал етілген. Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін аудандық Доссор кенті әкімі Е.Төлешқалиев пен аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы И.Сералиев қызметінен босатылып, Мақат кенті әкімі аппаратының бас маманы Г.Назароваға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы» ескерту жарияланған.

        Сол сияқты Қаржылық бақылау инспекциясының мәліметі бойынша, «Дос-сор кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген тексеру кезінде жалпы сомасы 7 421,9 мың теңгенің қаржы бұзушылықтары анықталыпты. Оның ішінде: жасақталған келісім шарт талаптарының сақталмауынан негізсіз жұмсалған 1885,0 мың теңге болса, атқарылмаған жұмыс көлемі 5536,9 мың теңге. Қазіргі уақытта жөнсіз жойылған қаражаттар бюджетке қайтарылған. Кемшіліктерге жол бергені үшін округ әкімі бұйрығымен бас есепшіге ескерту жарияланыпты.

        «Мақат аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесін тексеру нәтижесінде «Ақ бұлақ» бағдарламасымен бюджеттен бөлінген 1 211,3 мың теңгенің жұмысы орындалмағаны анықталған. Алайда кемшіліктер толықтай қалпына келтірілген. Аталған ауданда «Мұса Баймұханов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесінде бақылау қорытын-дысымен жалпы сомасы 26 850,6 мың теңгенің тағы орынсыз жұмсалғаны анықталыпты. Бақылау қорытындысымен 3 қызметкерге жалпы сомасы 166,8 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, бюджетке қайтарылған. «Мақат өкпе ауруларға қарсы ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында  бақылау жүргізу нәтижесінде жалпы сомасы 326,3 мың теңгенің қаржы бұзушылықтары анықталған. Оның ішінде: төленбей қалған іссапар шығыны 46,9 мың теңгені құраса, мерзімінен бұрын негізсіз есептен шығарылған тауарлар құны 279,4 мың теңге болған. Бүгінгі күні анықталған кемшіліктер толықтай қалпына келтірілген көрінеді.  


        Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
           _____    ______   _    _    __   __   _    _   
          / ___//  /_   _// | |  | ||  \ \\/ // | || | || 
          \___ \\   -| ||-  | |/\| ||   \ ` //  | || | || 
          /    //   _| ||_  |  /\  ||    | ||   | \\_/ || 
         /____//   /_____// |_// \_||    |_||    \____//  
        `-----`    `-----`  `-`   `-`    `-`'     `---`   
                                                          
        
         
        Наверх