Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 12:03
      Спорт 09.01.2015, 17:40 0 пікір 1602 просмотров

      Қазақ кәсіпкер Чехияның «Славия» футбол клубын стадионымен қоса сатып алмақшы

      Қазақстандық бизнесмен Талғат Байтазиев Чехияның «Славия» футбол клубын сатып алуды жоспарлап отыр. Ол өткен жылдың желтоқсанында клубтың басшылығымен келіссөздер жүргізді. Қорытынды шешім биыл көктемге қарай шығарылуы тиіс. 


       

      Байтазиев клубпен қоса, 2008 жылы ашылған 21 мың орындық «Эден Арена» стадионын да сатып алмақшы. Бұл стадион әзірге Чехиядағы ең үлкен футбол алаңы. 2013 жылы мұнда УЕФА Суперкубогының матчы өткен болатын.

      48 жастағы атыраулық кәсіпкер Талғат Байтазиев өмір бойы мұнай саласында кәсібін дөңгелетіп келеді. Ол бірқатар мұнай компаниясын басқарған. Нақтырақ айтсақ, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-інің коммерциялық директоры, «ҚазМұнайГаз» АҚ бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

      Қазақ баспасөзінде оның есімі қазақ миллиардері немесе олигархы деп жазылады. Алайда, әлі күнге оның байлығын жариялаған бірде-бір басылым жоқ екен. Өткен жылдың басында Украинаның бірқатар басылымы Байтазиевтің Киевте тұратын ұлы Михаилдің автокөлік паркі жайлы жазған еді.

      «Славия» клубы – Чехияда алғаш ашылған клубтардың бірі. Бұл команда 1892 жылы құрылып, аз уақыттың ішінде елдегі ең беделді клубтардың сапына енді. Алайда, соңғы жылдары клубтың футболшылары сүреңсіз ойын өрнегін көрсетіп жүр. Айта кету керек, қазір бұл команданы Қазақстан құрамасында бапкерлік жасаған Мирослав Беранек жаттықтырады.


      http://bnews.kz/


       

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____     ___      _  __   __   __            
        / ___//   / _ \\   | |/ //  \ \\/ //     ___   
        \___ \\  | / \ ||  | ' //    \ ` //     /   || 
        /    //  | \_/ ||  | . \\     | ||     | [] || 
       /____//    \___//   |_|\_\\    |_||      \__ || 
      `-----`     `---`    `-` --`    `-`'       -|_|| 
                                                  `-`  
      
       
      Наверх