Новости Атырау - Мунайлы Астана

      25 маусым 2019, 4:38
        Денсаулық 15.01.2015, 13:57 0 пікір 2139 просмотров

        Емнен бас тартпау міндет!

        Махамбет ауданаралық өкпе аурулар ауруханасы 2011 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Содан бері бүгінге дейін бұл ауруханадан 872 адам емделген. Ауданаралық аурухана туберкулездің дәріге төзімді түрімен ауыратын науқастарды ғана қабылдайды. «Мұнайлы Астана» тілшісі ауруханаға арнайы барып, былтырғы жылы атқарылған жұмыстар жайында біліп қайтты.


        Бүгінде ауданаралық ауруханада  6 дәрігер, 25 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс жасауда. Жетпіс сегіз науқас ем алып жатыр екен. Жыл ішінде ауруханада 325 науқас қаралған. Туберкулез ауруының алдын алу бағытындағы іс шаралардың  Махамбет ауданы бойынша орындалысы туралы аурухананың бас дәрігері Марат ШУАҚБАЕВ төмендегіні мәлімдеді.

        Былтырғы жылдың 12  айында  14 619  адамды  флюоро байқаудан өткізу жоспарланса, 14 657  адам өтіп, жұмыс 100 пайызға орындалды. 68 адамнан туберкулез ауруының белгісі табылып, 34- і туберкулез ауруы ретінде анықталып, тиісті емін алып жатыр.    377 бала  толық тексеруден өтіп, 1 баладан туберкулез ауруы анықталып, қазір емделуде. Өткен жылы жаңадан табылған аурулардың саны - 31, алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 37 болған, яғни 16,2 пайызға төмендеген. Былтыр 3 жасөспірім, 4 бала туберкулезбен ауырған болса, өткен жылы 1 жасөспірім мен 1 бала сырқатқа душар болған, 2014 жылы туберкулез ошағынан 1 ересек ауырған, бала мен  жасөспірім  ауырғаны тіркелмеген. Былтыр жүктілік кезінде бір адам туберкулезбен ауырып,  үш әйел азаматшадан дерт босанғаннан кейін анықталған. Басты айта кетер жайт, сырқаттану деңгейі Сартоғай, Махамбет, Ортақшыл елді мекендерінен басқа барлық елді мекендерде  төмендеген. Сартоғай селолық округінде 2, Махамбет селолық округінде 1, Ортақшыл селолық округінде 1 жағдайға өскен.

        -Сырқаттардың емделуден бас тартатын жағдайлары кезігеді ме? Ондай кезде қандай амалдар қарастырылады?

        -Емделуден бас тартып немесе емдеу режимін бұзып жүргендерге қатысты селолық округ әкімдерімен, аудандық СЭҚБ-мен және аудандық ішкі істер бөлімімен тығыз байланыста жұмыс жүргізудеміз. Науқас туралы 9 хабарлама жазылды, осының 9-ы  шешімін тауып, орындалды. Сотқа 4 науқас туралы материал жолданып, 4-і  де шешімін тапты, - дейді аурухананың бас дәрігері.

        -Ал, ауданаралық ауруханада науқастар үшін қандай жағдайлар жасалған?

        -Ауруханада шешілмей келе жатырған мәселе жоқ. Ем алуға келген науқастардың бар жағдайы қарастырылған. Әр палатада теледидар орнатылған, «OTAU TV» қызметіне қосылған. Күніне бес мезгіл тамақтандырылып, салқын және ыстық су келіп тұр. 2014 жылы республикалық бюджеттен 54 584 039 теңгеге арнайы туберкулезге қарсы дәрілер, жергілікті бюджеттен 12 722 140 теңгеге соматикалық,  жаһандық қордан 842 283 теңгеге арнайы туберкулезге қарсы дәрілер алынған. 22 000 000 теңге емделіп жатқан науқастардың тамағына, 68 148 462 теңге әртүрлі соматикалық дәрілер мен залалсыздандыру заттарына жұмсалған. Сондай-ақ аудан әкімдігінің қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен науқастарға 300 мың теңгеге  әлеуметтік-гигиеналық пакет алынып, 192 000 теңге жол қаражаты бөлінген, - дейді Марат Шуақбаев.


        Арай НҰҒЫМАНОВА, сурет автордыкі.

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          ______   _    _    _____      ______            
         /_   _// | || | || |  __ \\   /_   _//   ____    
         `-| |,-  | || | || | |  \ ||   -| ||-   |    \\  
           | ||   | \\_/ || | |__/ ||   _| ||_   | [] ||  
           |_||    \____//  |_____//   /_____//  |  __//  
           `-`'     `---`    -----`    `-----`   |_|`-`   
                                                 `-`      
        
         
        Наверх