Новости Атырау - Мунайлы Астана

      22 января 2019, 3:21
        Қоғам 28.01.2015, 18:32 0 пікір 1501 просмотров

        Ұсталған 38 қытайлық елден шығарылды

        Жақында Атыраудағы Балықшы қалашығындағы жатаханада жасырынып жатқан 38 қытайлық азаматтардың анықталғанын хабарлағанбыз. 


        Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың Қазақстанға келу себептері анықталған. Өткен жылдың 10 қыркүйегінде «Алматы» бақылау-өткізу қосыны арқылы Қытай Халық Республикасының 38 азаматы іссапармен Қазақстанға өткен. Мақсаты – «ВСП» ЖШС-де кеңес беру қызметін көрсету. 2015 жылдың 15 қазанына шейін Қазақстанда жұмыс жасауға  рұқсаты бар олар Атырауға келгенде ішкі істер органдарынан тіркеуден өтпеген. Осылайша заңды бұзған шетелдіктер 22 қаңтар күні прокуратура және учаскелік инспекторлар бірлесіп жүргізген рейд кезінде ұсталған болатын. 27 қаңтар күні Атырау қалалық әкімшілік сотының отырысында қытайлық азаматтар өздерінің заң талаптарын бұзғандарын мойындады. Сот оларды ҚР ӘҚБт Кодексінің 517- бабының 2 бөлімі бойынша кінәлі деп тауып, ел аумағынан шығару жөнінде үкім шығарды.


        Гүлзада Қожабергенқызы

         

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
                   _    _     _  _      ___    __    __  
          ____    | || | ||  | \| ||   / _ \\  \ \\ / // 
         |    \\  | || | ||  |  ' ||  | / \ ||  \ \/ //  
         | [] ||  | \\_/ ||  | .  ||  | \_/ ||   \  //   
         |  __//   \____//   |_|\_||   \___//     \//    
         |_|`-`     `---`    `-` -`    `---`       `     
         `-`                                             
        
         
        Наверх