Новости Атырау - Мунайлы Астана

    21 октябрь 2017, 18:03
      Шоу-бизнес 02.02.2015, 10:59 5 пікір 47824 просмотров

      «Қазақстан Дауысы» теледуманы

      «Қазақстан Дауысы» -  бұл дарындылар бақ сынайтын  телевизиялық байқау,  вокалдық  ерекшелік екшеленетін шоу бағдарлама. «Қазақстан дауысы»  -дауысқа ғана мән беретін теледуман. Сіздің сырт келбетіңіз маңызды емес. Мұнда бір күндік дабыра мен даңқ үшін келгендерге орын жоқ. Бұл қайталанбас дауысы мен ақыл парасаты қабысқан нағыз дарындылар туралы телешоу. «Қазақстан Дауысының» басты мақсаты  - еліміздегі өнерлі жандар арасынан жаңа жарық жұлдызды табу, ешкімді қайталамайтын дауысымен  үздік нәтижеге жете алатын ерекше дарын иесін іздеу.

      Еліміздің белгілі төрт әншісі (арқы қарай біз оларды «тәлімгер» деп атаймыз) алғашқы тартысты тыңдау  кезінде өз тобына қатысушыларды іріктейді.  Байқау барысында ең бастысы дауыстың бояуына мән беріледі. Себебі, ә дегеннен қатысушыларға жоғары талап қойылады.   

      Телешоу алғашқы тыңдау кезеңінен бастап-ақ әсерлі болады.  Себебі «Қазақстан Дауысы» жобасының тыңдауы іріктеудің бірегей тәсілі -  «Көрмей тыңдау» арқылы өтеді. Аты айтып тұрғандай төрт тәлімгер қатысушыларды көрмейді, тек дауысын естиді. Еліміздің танымал төрт әншісі  орындаушының сырт келбетіне көңіл бөлмей оның ән орындау шеберлігі мен дауысына ғана мән береді.  Себебі, біз көрікті «келбетті» емес,  үздік «дауысты» іздейміз. 

      Алғашқы «Көрмей Тыңдау» кезінде төрт әнші арнайы дайындалған үлкен орындықта отырады. Кезекті қатысушы сахнаға қарай беттеген бойда арқасы биік сол орындық кері бұрылады. Егер «Көрмей Тыңдау» кезінде тәлімгерлерге үміткерлердің бірінің дауысы ұнаса, олар алдында тұрған арнайы тетікті басады. Ол - «Мен сені таңдаймын» дегенді білдіреді. Егер осы тетікті басса, орындық автоматты түрде сахнаға бұрылады. Осы сәтте ғана тәлімгер үміткермен бетпе-бет кездеседі. Олар қатысушыны бірінші рет  көрген кезде не ойлайды екен? Тетікті басқаннан кейін кері шегінер жол жоқ!   

      «Көрмей тыңдау» кезеңі аяқталған соң іріктелген барлық үміткер танымал төрт әншінің бірінің қамқорлығына өтеді. Өз кезегінде олар үздік дауыстар іріктелген топпен тығыз жұмыс істейді. Шоу-бизнестегі  көпжылдық тәжірибесі  бар тәлімгерлер өнер жолының шыңына жалаң дарынмен ғана жете алмайтынынан хабардар. Ауыр еңбек, ащы тер, қатаң тәртіп және  өз өзіңді қайрап үздіксіз жұмыс істей білу – ән әлеміндегі жетекші орынға ие болу жолындағы  қажетті элементтер ғана. Ал тәлімгерлер  қамқорлығына алған үміткерлерге осы шарттарды үйретіп қана қоймай  олармен тікелей эфирде бірге өнер көрсету үшін сахнаға шығады!

      Ақтық бәсекеге дейінгі барлық кезеңде үміткерлер кәсіби тәлімгерлер тобынан үйренеді. Шешуші сынға жеткен кезде  өнерпаздардың қайсысы «үздік дауыс» иесі атануға лайық екенін, жетістікке жету жолында кімнің талмай еңбек ете алатынын білеміз.   

      Өйткені «Қазақстан Дауысы» теледуманының жеңімпазы міндетті түрде ұлттық музыка әлемін жаулап алады! 

      Тәлімгерлер: Медеу Арынбаев, Нұрлан Албан, Алмас Кішкенбаев, Мәдина Сәдуақасова

      Редакциясы: «Бағдарламалар өндірісі» шығармашылық бірлестігі

      Бас продюсері: Кенже Жұманұлы

      Редакторы: Гүлнар Салықбай

      Өндіруші компания: «Art production centre»

      Ішкі продюсері: Сағатбек Қалиев 

      Қоюшы режиссері: Л. Мариупольский 

      Жүргізушісі: Азамат Сатыбалды 

      Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: жексенбі, 21.00 

      Ұзақтығы: 90 минут 

      Жанры: күрделі-қойылымдық ток-шоу 

      Е-mail: info@kaztrk.kz

      thevoice.kz

      Пікірлер

        • UwSNpZT6mosh
        • 28.06.2016

        Woah nelly, how about them apselp!

        • kdC39khUBf
        • 29.06.2016

        That's a skillful answer to a <a href="http://bzvbxcgroed.com">dilcifuft</a> question

        • BMvGGeM34
        • 29.06.2016

        Thanks for helping me to see things in a dieerffnt light. http://tjnwpbfyag.com [url=http://qywkat.com]qywkat[/url] [link=http://jsbklhlxsgs.com]jsbklhlxsgs[/link]

        • uHAAJxVW3
        • 29.06.2016

        <a href="http://svctsruc.com">Infoimatron</a> is power and now I'm a !@#$ing dictator.

        • dRmDQ2CLO
        • 01.07.2016

        That's the peecrft insight in a thread like this. http://rmxmeagt.com [url=http://hftqywctwo.com]hftqywctwo[/url] [link=http://zvhxxnubi.com]zvhxxnubi[/link]

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ____     _    _    __   __   _    _     ______  
       |  _ \\  | || | ||  \ \\/ // | || | ||  /_____// 
       | |_| || | || | ||   \   //  | || | ||  `____ `  
       | .  //  | \\_/ ||   / . \\  | \\_/ ||  /___//   
       |_|\_\\   \____//   /_//\_\\  \____//   `__ `    
       `-` --`    `---`    `-`  --`   `---`    /_//     
                                               `-`      
      
       
      Наверх