Новости Атырау - Мунайлы Астана

      17 сентября 2019, 23:23
        Қоғам 04.02.2015, 17:28 0 пікір 2670 просмотров

        12 жылдық білім тағы да тұралады

        Біраз жылдан бері айтылып келе жатырған 12 жылдық білім жүйесі жоспар бойынша биылдан бас-тап жүзеге асуы тиіс болатын. Алайда, білім беру мерзімін бір жылға ұзарту кезекті рет кейінге шегерілді. Бұл жайында осыған дейін Білім және ғылым министрі Аслан СӘРІНЖІПОВ журналис-терге берген сұхбатында мәлімдеген болатын.


        Білім және ғылым министрлігі білім берудегі жаңа жүйені енгізуге дайындық жеткіліксіз екендігін айтуда. Сондықтан биылдан бастап қосылуы тиіс бағдарламаны тағы 4 жылға шегеру туралы шешім шығарылған. Ендігі кезде 12 жылдық білім алу жүйесі алдағы 2015-2020 жыл аралығында біртіндеп енгізілетін болады.

        Еліміздің бас мұғалімі 12 жылдыққа көшу мәселесінің былайша тұралауын бюджеттен қыруар қаржы керектігімен, кейбір білім ошақтарының сын көтермейтіндігімен және ұстаздар мен оқулықтардың тапшылығымен түсіндіреді.

        Ал 12 жылдық білім беруді дамыту орталығының мамандары болса, жаңа жүйені енгізу бағытында жасалған қаншама еңбекті жоқ қылуға болмайтындығын, тым қымбат жоба болса да, батыс елдерінде бар тәжірибе екендігін, бас тартпауымыз керектігін айтуда.

        Қалай десек те, орта білім беру 11 жылдықпен қала береді. Бірақ, әзірше ғана.

        Қайта-қайта кейінге қалдырылып келетін жаңа жүйені енгізуге Атырау облысының білім ошақтары қаншалықты әзір? Бұл жайында облыстық білім беру басқармасы Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВТЕН сұрап білдік.

        Басқарма басшысының айтуынша, Атырау облысы бойынша 6 мектепте яғни қаладағы Қ.Сәтбаев атындағы, Құрманғазы, Исатай аудандарындағы Абай атындағы, Махамбет ауданындағы Есбол және Е.Ағелеуов атындағы, Мақат ауданындағы Б.Қанатбаев атындағы орта мектептерде 12 жылдық эксперименті өткізілуде. Эксперименттің 12-сыныбында  15 бала,   ал 10-сыныбында 220 оқушы білім алуда. Олардың 63-і орыс, 157-сі қазақ сыныптарында оқып жатыр.

        -Ал 2015-2016 оқу жылынан басталады деп жоспарланған 12 жылдық білім берудің жаңа жобасын апробациядан өткізу экспериментіне ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 4 шілдедегі №263 бұйрығы негізінде Атырау облысы бойынша екі мектеп бекітілген болатын. Олар: Атырау қаласындағы, №17 мектеп-лицейі мен Исатай ауданы, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде 12 жылдық білім беру мәселесі бойынша эксперименттік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру және аяқтау мақсатында былтырғы жылдың 29 сәуірінде  Білім және ғылым министрінің эксперимент өткізу туралы Ережесі жайындағы бұйрығына өзгеріс енгізілді. Бұйрыққа сәйкес 2014-2015 оқу жылында 12 сыныпта оқитындар мектеп бітіреді. 2015-2016 оқу жылында 11-сыныпта оқитындар 11 жылдық мектеп бағдарламасы бойынша білім алатын 11-сыныпқа ауыстырылады, - дейді Берікқали Жоланұлы.

        12 жылдық оқыту жүйесіне көшкелі жатырмыз деп жарияға жар салғанымызға да көп болды. Бірақ, ол жоспар іске аса қоймады. Жаңа жүйені енгізу әзір жүзеге аспайтындығын айтқан Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мектеп оқушыларының қашан 12 жылдық білім алатындығын дөп басып айта алмай отыр.  Ал жаңа жүйеге көшу үшін алдымен жоғарыда көрсетілген кемшіліктердың орнын толтыруымыз қажет. Ал еліміздегі  мектептердің жағдайы қашан жақсарады? Ұстаздар мен оқулықтардың тапшылығы жойылатын күн қашан келеді? Бұған да жауап табу қиын.


        Арайлым БАҒЫТЖАН

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
                   __   __    _____     ______    _  _   
            ___    \ \\/ //  /  ___||  /_   _//  | \| || 
           /   ||   \ ` //  | // __     -| ||-   |  ' || 
          | [] ||    | ||   | \\_\ ||   _| ||_   | .  || 
           \__ ||    |_||    \____//   /_____//  |_|\_|| 
            -|_||    `-`'     `---`    `-----`   `-` -`  
             `-`                                         
        
         
        Наверх