Новости Атырау - Мунайлы Астана

      13 декабрь 2018, 20:44
        Аймақ 12.03.2015, 17:33 1 пікір 1331 просмотров

        Зейнеткердің берекетін қашырма, тасымалдаушы!

        Атырау облысында жолаушы тасымалы мүлдем сын көтермейді. Жалпы, қызмет көрсетудің бұл түрі ең көп ретте сынға ұшырайтын салалардың бірі. Неге? 


        Бұл туралы Атырау облысы бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінде жолаушы тасымалына қатысты өткен дөңгелек үстел барысындағы кеңесте кеңінен әңгіме болды. Айталық, департамент басшысы Өмірзақ Зинуллинің мәлімдемесіне сүйенсек, бүгінгі күні облыс орталығындағы жолаушы тасымалы атыраулықтардың көңілінен мүлдем шықпайды екен. Мысалы, Атырау қаласында 2013-2014 жылдар аралығында жоғарыда аталған департаментке жолаушы тасымалымен айналысатын компания тарапына 43 арыз келіп түскен екен. Пайыздық өлшемге шақсақ, осынау мөлшердегі шағымдардың 14 пайызы жылдамдықты асырғанына, 23,2 пайызы - жолаушыларға дөрекі қызмет көрсеткеніне, 16,2 пайызы -  маршрут кестесінің талабын сақтамағанына, 7 пайызы - кондукторлардың жолаушылар өтініштеріне немқұрайды қарағандығына, автобус жүргізушілерімен апатты жағдайларды туындатқанына, 14 пайызы - артық кісі тиеп алғанына, 9,3 пайызы шамадан тыс автобустарды күткеніне және көліктердің техникалық жағдайына арызданған арыздарды құрайтын көрінеді. Түскен арыздардың жоғарыда келтірілген пайыздық өлшемдеріне қарасақ, ең көбі жолаушыларға дөрекі қызмет көрсеткеніне келеді. Бұл жолаушылардың басым бөлігін балалар, зейнеткерлер, мүгедектер құрайтыны бәсенеден белгілі. Балалар да, зейнеткерлер де, мүгедек жандар да жеңілдікпен жүруге құқық беретін құжаттарын көрсетсе де, олардан дөрекі түрде ақы талап ету тыйылмайды.

        - Бұны жою үшін ең алдыменен қызмет көрсету мәдениетін көтеру керек. Сонымен қатар, талапты орындамаған жүргізушілерге шара қолдану қызмет көрсету компаниясының құзырындағы міндет, -дейді Өмірзақ Зинуллин.

        Департамент басшысының айтуынша, маршрут бойынша жүру кестесінің талаптары бойынша жүрмеу де үлкен қолайсыздықтар туғызуда екен. Сондықтан осы секілді өзге де мәселелерді түбегейлі шешу үшін ауқымды шараларды қабылдау қажеттілігін, қадағалауды да күшейту керектігін алға тартты Өмірзақ Зейноллаұлы. Әйтпесе, күрделенген мәселе күрделене түспесе, жеңілдемесі тағы айқын екендігін жиынға жиналған тасымалдаушы компания өкілдері де, департамент басшылығы да, құзыретті орган қызметкерлері де растады.


        Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

        Пікірлер

          • Балауса
          • 16.03.2015

          Еркинкала мен Атырау каласынын ыкшам аудандарына жеткизетин маршрут жургизсе! Еркинкала-Вокзал, Еркинкала-Жилгородок жане т.б.

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          _____     _____     _  _     ______    _  __  
         /  ___||  |  ___||  | \| ||  /_   _//  | |/ // 
        | // __    | ||__    |  ' ||   -| ||-   | ' //  
        | \\_\ ||  | ||__    | .  ||   _| ||_   | . \\  
         \____//   |_____||  |_|\_||  /_____//  |_|\_\\ 
          `---`    `-----`   `-` -`   `-----`   `-` --` 
                                                        
        
         
        Наверх