Новости Атырау - Мунайлы Астана

      23 шілде 2019, 20:39
        Денсаулық 18.03.2015, 16:09 0 пікір 2656 просмотров

        Кәнігі мен күмәнді косметологтарды қалай ажыратамыз?

        Елімізде қызметін пайдаланған тұтынушыға зардап әкелсе де, заң жүзінде жазаланбайтын кәсіп иелерінің бірі косметологтар болып отыр.  Соңғы уақытта рұқсаты, одан қалды арнайы мамандары жоқ сұлулық салондары тіпті көбейіп кеткен. 


        Осындай салондарға жасарамыз деп барып, жарақат алып қайтатындардың зарын тыңдап, құқығын қорғайтын заң баптары бізде жоқ. Содан болар, қаймықпай қызмет көрсететін косметологтардың кесірінен 200-ден аса қыз-келіншек зардап шегіпті. Анығырақ айтқанда, осынша әйелдің бетіндегі әжімді тегістеп жасартуды ойлаған «мамандар» керісінше, олардың бет-әлпетін күйдіріп тастаған. Бұл ақпаратты жуырда республикалық телеарналардың бірі таратты. Онда айтылған жайлар жаға ұстатады. Мысалы, косметологтың алдына барған әйелдердің бірінің бет терісі бүлінсе, енді бірі артық дақтардан арыламын деп жүріп сары ауруға шалдығыпты. Алайда, сол әйелдерді жәбірлегендердің бірде бірі жазаға тартылмаған. Дәрігерлер осы орайда сұлулық салондарының қызметін пайдаланушыларға сол орынның ресми құжатын сұрап, оған қоса алдын ала келісім шартқа отыруға кеңес беруде. Сонда ғана заң жүзінде жауапқа тартуға мүмкіндік болады. Мұндай жағдай Атырау облысында тіркелмеген көрінеді. Болған жағдайда да жария етілмейтін сияқты. Өйткені, Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансеріне косметологтың кесірінен жарақат алғандар келмеген. Осы диспансердің  дерматокосметолог - дәрігері Раушан МУТАЛИЕВА косметолог қызметін алғаннан кейін дұрыс күтінудің келеңсіз жағдайларға әкелмейтінін айтады.

        - Қазіргі уақытта косметологияда химиялық жолмен жасалатын пилинг түрлері өте кең таралған. Мұндай әдісті бүкіл әлемде әйелдер бет терісін терең тазалау, жасарту және бет терісінің қабаттарын сау түрінде сақтау жолында пайдаланады. Осы химиялық пилингтің бет терісін емдеуде өте тиімділігін косметологтар мойындап отыр. Бірақ, бет терісіне пилинг жасау өте маңызды болғандықтан, оны жоғары білікті маманың жасағаны дұрыс. Өйткені, пилингке қажетті дәрі - дәрмекті дұрыс пайдаланбау терінің күйіп қалуына әкеп соғатынын ұмытпаған жөн. Осы орайда, пилинг жасатқысы келетін әйелдерге кеңес бере кетсем. Пилинг жасалған соң бет терісін тікелей түсетін күн сәулесінен қорғау керек. Сондай-ақ күннен қорғанудың түрлі амалдарын қарастырған жөн. Олай болмаған жағдайда бет терісі бүлінеді.  Екінші қауіп - пилинг жұмысынан кейін инфекцияның дамуы мүмкін. Бірақ, пилингті өз маманы жасап, оның барлық бет күтімі туралы берген ұсыныстары уақытылы орындалып отырса, мұндай қауіпті күтпеуге  де болады. Тағы бір айта кететін жайт -  бет терісіне бактерия түсіп немесе түрлі белгілер пайда болмас үшін бетті қолмен ұстауға болмайды. Тез жазылу үшін косметолог ұсынбаған майлар жағып немесе халықтық ем жасаудың да керегі жоқ. Сондай-ақ, темекі тартудан уақытша болса да, бас тартуға тура келеді. Пилингтен кейінгі уақытта аталған күтімді жасау бет терісін жасарту мен сауықтыруда маңызды рөл атқаратынын да есте сақтау керек. Косметолог кеңесіне немқұрайлы қарау қауіпті асқынуларға соқтырады, - дейді.

        Косметолог қызметінен зардап шегудің көп ретте әйелдердің өз тарапынан орын алатынын ескерткен дәрігер осылайша сақтану әдістерін ұсынды. Қазіргі кезде жас қыздардың көркіне көрік қосып, кірпігіне кірпік жалғап, қас пен қабаққа өшпейтін бояу жақтыруы сәнге айналған. Сақтанбаса, мұндай сұлулықтың соңы сорға айналатынын айтады дәрігерлер. Сұлулық салондарынан қорлық көргендердің жайы жоғарыға да жетті. Тіпті, бұған халық қалаулылары да алаңдай бастаған.  Мысалы, Мәжіліс депутаты Светлана РОМАНОВСКАЯ:

        - Сұлулық салондарында электр тоғымен жасартамыз деп олардың жүздерін күйдіріп жібереді. Зардап шеккендер тым көп. Сондықтан бұдан былай оларға заңмен қатаң жаза қолдануды ойластырып отырмыз, - деген еді. Енді күмәнді косметологтардың ісіне заң жүзінде тоқтам салынбаса, сұлулана түсуді армандайтындардың сұмдық оқиғаларға тап болуы азаймайтын шығар.


        Гүлзада Қожабергенқызы

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         __   __   __   __    _____      ___      ______  
         \ \\/ //  \ \\/ //  |__  //    / _ \\   /_____// 
          \   //    \ ` //     / //    | / \ ||  `____ `  
          / . \\     | ||     / //__   | \_/ ||  /___//   
         /_//\_\\    |_||    /_____||   \___//   `__ `    
         `-`  --`    `-`'    `-----`    `---`    /_//     
                                                 `-`      
        
         
        Наверх