Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 ноябрь 2017, 8:55
      Аймақ 27.03.2015, 12:17 0 пікір 906 просмотров

      Жолдың жайы жыр болды

      Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Көктем, Жұлдыз ықшам аудандары тұрғындарын жолдың жайсыздығы қинап келеді. Қанша уақыттан бері айтылып келсе де, әлі күнге шешімін таппаған жол мәселесін бүгін тағы қозғамақпыз.


      Сөзімізге арқау болып отырған бұл ықшам аудандарда соңғы уақыттарда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Тұрғын үй қатары артып жатқанымен, тұрғындарды алаңдататын жағдайлар да жетіп жатырған көрінеді.

      Біз осыған дейін Көктем ықшам ауданына қатысты біраз келеңсіздіктер жайында жазған болатынбыз. Көктем ықшам ауданында тұратын тұрғындар мектептің, балабақшаның жоқтығын, оның үстіне жолдың жайсыздығын айтып, талай мәрте редакциямызға келген болатын. Балаларын қаладағы мектеп пен балабақшаларға таситын жұртшылық кедір-бұдырлы жолдың жөнделуін сұрап, Қайыршақты ауылдық округі әкімінің былтырғы жылды қорытындылаған есептік жиынында сөз сөйлеген де болатын. Алайда, ол кезде ауылдық округ әкімінен мардымды жауап болмады.

      Ал енді жолдың жыры Жұлдыз ықшам ауданының тұрғындарына да бейтаныс емес. Бұл ықшам ауданның тұрғындары да жолдың жайсыздығын айтудай-ақ айтып келеді. Бірақ естірге құлақ болса ғой. «Баяғы жартас – бір жартас» дейміз, амал жоқ. «Айта-айта Алтайды, Жамал апа қартайды» болып отырмыз», дейді тұрғындар.

      Өткен аптада тұрғындардың өтінішімен Жұлдыз ықшам ауданына барып, олармен жолығып, шағымдарына құлақ түрдік. Көшеге жиналып қарсы алғандар – «Жұлдыз ықшам ауданының №34 көшесінде тұратын тұрғындарымыз» деп таныстырды өздерін. Тыңдасақ, тұрғындардың көңілі толмайтын біраз жайттар бар екен.

      - Жұлдыздың жолы жайында біраздан бері айтып жүрміз. Жаңбырлы күні балшықтан қатынас қиындап кетеді. Өткен әзірде осы жолдарды қарап, танысып жүрген облыстың атқа мінер азаматтарын кезіктіріп қалдық. Сол кезде де тағы айттық. Олардан естігеніміз, жоспар бойынша Жұлдыз ықшам ауданының №34 көшесіне жол салынбақшы екен. Бірақ, неге орталық көшеге салынбай, дәл сол көшеге салынатындығын сұрағанымызда ешқандай жауап ала алмадық. Жол салынар болса, орталық көшеге салынбайды ма? Орталық – біздің №32 көше. Дәл осы жерден №58 маршрут жүреді. Сонда осы орталыққа тегіс жол төселмей, басқа жерден салынбақшы ма? - дейді Майра АҚМУРЗИНА есімді тұрғын.

      Бұған қоса жұлдыздықтар тазалық мәселелесіне де қатысты шағымдарын айтты.

      - Тұрғындар тарапынан тазалық сақталады. Қоқысты орнатылған арнайы жәшікке салып  жүрміз. Алайда, сол қоқысты тиеп кететін «Арнайыавтобаза» КМК қызметкерлері келмейді. Қоқыс жәшігі толып, далаға шашылып жатыр. Келісім-шартқа отырдық, ақысын төлеп отырмыз. Бірақ қоқыстан тазартып жатырғандарды көрмейміз, - дейді тұрғындар бірауыздан.

      Тұрғындардың айтуымен келіспеске де болмайды. Себебі, шашылып жатырған қоқысты біз де көрдік, суретке түсіріп алдық.

      Ал, жолға байланысты қайта оралар болсақ, қалада жолдың жағдайы нашар мұндай ықшам аудандар саны жетерлік. Бұл туралы облыс әкімі де жылды қорытындылаған есебі кезінде де айтып өтті. Аймақ басшысы өз кезегінде күні бүгін қалада жалпы ұзындығы 164 шақырым құны 9,4 млрд. теңге болатын 229 көшені асфальттаудың құжаттамасы дайын болғандығын тілге тиек етіп, қаржының ретіне қарай қала көшелері жөнделетіндігіне тоқталған еді.

      Қайыршақты ауылдың округіне қарасты Томарлы, Талғайраң, Бесікті ауылдары, Стандарт және Аспа учаскелері, Жұлдыз, Жұлдыз-3, Көктем ықшам аудандарының биылғы жылы қайсысына тегіс жол төселетіндігі жайында білмек болып, Қайыршақты ауылдық округі әкіміне бардық. Округ әкімі Шапхат ҚАЛИЕВ қандайма жауап алуымыз үшін арнайы хатпен шығуымызды сұрап, шығарып салды. Сұрағанындай, хатты округ әкіміне де, қала әкіміне де жолдадық. Бірақ мақала дайын болғанға дейін ешқандай жауап ала алмадық. Алдағы уақытта қандайма бір жауап алған жағдайда, бұл тақырыпқа қайта оралатын боламыз.


      Арайлым БАҒЫТЖАН, суреттер автордыкі

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____    _    _    _____       ___     _    _   
       / ____|| | || | || |  __ \\    / _ \\  | \  / || 
      / //---`' | || | || | |  \ ||  / //\ \\ |  \/  || 
      \ \\___   | \\_/ || | |__/ || |  ___  ||| .  . || 
       \_____||  \____//  |_____//  |_||  |_|||_|\/|_|| 
        `----`    `---`    -----`   `-`   `-` `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх