Новости Атырау - Мунайлы Астана

      13 декабрь 2018, 20:49
        Аймақ 10.07.2013, 17:42 2 пікір 3899 просмотров

        ШӨМЕЛЕНІ ШӨБІМ БАР ДЕМЕ...

        ...Екі «КПС» комбайны шөпті орып барады. Олардың түстен кейін шапқаны көзкөрім жерді алуда. Бір шетте тиеуші агрегат КамАЗ автомашинасының қорабы мен тіркемесіне байланған шөптерді текшелеп жайғастырып жатыр. Бұл шофер Амангелді Тумановтың автомашинасы екен. Ол таңертеңнен бері Бейбарыс селосындағы қора басына екі рет сапар шегіпті. Енді үшінші рет барғалы жатыр. Одан әріректе жинаушы агрегатын жүргізетін Ержан Тайбақтиев тракторы көрінеді. - Біздің бұл жерге келгенімізге бүгін бес күн болды. Мына «Шодыркөл» шабындығының көлемі - 900 гектар. Биыл осының 844 гектары суарылған. Қазір шөп шабу науқаны тыңғылықты жүргізіліп жатыр. Бізде төрт шабу, екі жинау, екі тайлау, жем-шөпті тасуда үш КамАЗ көліктері қатысып жүр. Науқан басталғалы 650 руллонды қыстақ басына жеткізіп үлгердік, -дейді бригадир Мақсот БЕРҒАЛИЕВ өз сөзінде.Жалпы - бұл бригадада 12 адам еңбек етеді екен. Жұмыс таңертеңгі 6:30-да басталатын көрінеді. Аспазшы Майгүл БОРАНҚҰЛОВА да дала ерлеріне дәмді тамақ дайындап беруде. - Соңғы кездері күнде онша ыстық емес. Соны пайдаланып жігіттер кешкі 9:00-ға дейін жұмыс жасайды. Мақсатымыз, «Шодыркөл» шабындығын шілде айының аяғына дейін шауып бітіру, -деді бригадир.«1 мамыр» ЖШС-і бойынша биылғы жылы 4000 тонна жемшөп әзірленбек. Оның 3000 тоннасын осы шабындықтан алу межеленіпті. - «Шодыркөл» шабындығы - біздің негізгі учаскеміз. Биыл оны суаруға 3 миллион теңге жұмсадық. Дегенмен де суару жұмыстары ұзаққа созылып кетті. Себебі,  «ҚазСуШар» РМК Атырау филиалы Төменгі-Жайық суландыру учаскесінде екі насос қана істеді. Егер қосымша тағы да екі насос болғанда көлтабанды тез арада суландырып тастауға болатын. Шүкір, қазіргі шөптің шығымы жаман емес. Бұл учаскені бітіргеннен кейін ойдым-ойдым шөп шыққан жерлерді іздеп кетеміз. Түйе үшін жантақ пен алабота таптырмайтын шөп қой. Тағы бір шабындығымыз «Қарақамысқа» орақ салмақпыз, -дейді «1 мамыр» ЖШС-нің директоры Аманжол ЕСҚАРИЕВ. Махамбет ауданында биылғы жылы алдағы қыстаққа түсетін мал үшін 47 400 тонна жемшөп әзірлеу көзделген. Аудандық ауыл шаруашылығы бөліміндегі мамандардың айтуынша, оның 37 мың тоннасын аудан көлемінен дайындап алуға болады. Қалған 10 400 тоннасын көршілес Батыс Қазақстан облысы мен өзіміздің Қызылқоға ауданынан дайындау ұйғарылыпты. Осыған орай қазір «Дастан» шаруа қожалығы Қызылқоға ауданының Тайсойған учаскесіне, Қабдилова, Жайық, Сәрсенов шаруа қожалықтары Батыс Қазақстан облысына жемшөп дайындауға жүріп кетіпті. Сондай-ақ ауданда суармалы «Көздіқара» шабындығы да орақ күтуде. Мұнда 400 гектар жердің шөбі шабылады деп есеп жасалуда. Мүтиев, Мұхиденов шаруа қожалықтары да өздерінің суарған жерлерінен жемшөп дайындаса, бір бөлек шаруа қожалықтары теңіз өресіне орақ салуда. Айта кету керек, биылғы жылы қай жерде де шөптің түсімі төмен. Жайық бойындағы тоғайлықтардың арасына шөп шықпай қалды. Сондай-ақ Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облыстарында да бұрынғы жемшөп дайындап жүрген жерлер ала-құла өскен. Жемшөп дайындау Исатай ауданында да тұйыққа тірелетін түрі бар. Себебі, ұзақ жылдан бері құйқалы шабындық болып есептелетін «Есіркеп», «Шәлік», «Ауқайраң» учаскелері суарылмағандықтан шөп шықпай қалған. Енді олардың орнын қай шабындыққа барып толтырады? Белгісіз... Биыл Атырау облысы бойынша 522 406 тонна жемшөп дайындау жоспарланыпты. Яғни былтырдан қалған мал азығы 54 014 тонна болса, биыл 468 392 тонна ірі сабақты мал азығын дайындау қажет. Осы дайындалатын ірі сабақаты мал азығының 372 262 тоннасын облыс аумағынан, қалған 98 930 тоннасын басқа облыстардан келісімшарт  арқылы жер алып дайындау көзделуде. Соның ішінде 1 шілдеге дейін облыста 25,3 мың тонна мал азығы әзірленіп, жылдық жоспар 4,8 пайызға орындалып отыр.Сөйтіп, жемшөп дайындау қазір қай ауданда да проблемаға айналып келеді. Ойыл мен Жем өзендері тасымай қалды. Есесіне Қызылқоға мен Жылыой аудандарында жемшөп аз болады деген сөз. Осы жерде біздің ойымызға КСРО кезіндегі теңіздегі «Новинск», «Шағала» аралдары оралады. Мәселен, «Новинск» аралдарынан Құрманғазы, Исатай, Махамбет аудандары жыл сайын 40-50 мың тонна жемшөп дайындағаны есте. Неге сол тәжірбиені қайта қолға алмасқа? Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары сол аралдарға тікұшақпен барып, шабындықтарды қарап,неге жемшөп дайындау мәселесін шешпеске? Бір айта кетер жай аралдан жемшөп дайындау мәселесін МТС-терді құру арқылы ұйымдастырса қалай болады? Тіпті бұл бастары қосылмай бытырап жүрген шаруа қожалықтарының күшін бір жерге жинауға да септігі тиер еді-ау. Халқымыз шөмелені шөбім бар деп айтпа деген. Олай болса, облыс бойынша дайындалатын 522 мың тонна шөпті әзірлеу оңай шаруа болмасы анық. Қалай болғанда да, жаздың қолайлы кездері өтіп барады.

        Құттыгерей Смадияр «Мұнайлы Астананың» арнаулы тілшісі

        Пікірлер

          • Daniel
          • 06.01.2018

          Мы платим за лайки! - Ежедневные выплаты!

          Наш сервис предоставляет настоящие лайки на фотографии заказчиков, которые готовы платить за качество.

          Именно для этого мы и набираем удалённых сотрудников, которые будут выполнять работу, то есть ставить лайки и получить за это деньги.

          Чтобы стать нашим удалённым сотрудником и начать ставить лайки, зарабатывая при этом 45 рублей за 1 поставленный лайк,

          достаточно просто зарегистрироваться на нашем сервисе. > http://click-likes.tk/ <

          Вывод заработанных средств ежедневно в течении нескольких минут.

          • Nrvondr
          • 07.01.2018

          Самый полный курс Bitcoin Миллионер - Научись зарабатывать

          Скоро состоится запуск новой криптовалюты с потенциалом роста в 4000%.

          А это означает что вложив в нее всего 500 рублей можно увеличить капитал до 2 000 000 р.

          за короткий срок. Такое уже было не один раз! Тема огонь!

          Посмотрите Видео-презентацию на сайте >> www.bitcoin.exrabota.ru <<

          Вы узнаете все о заработке на биткоин и получите купон на обучение для первых 50 человек.

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          ______     ___     ______      ___      _  __  
         /_   _//   / _ \\  |      \\   / _ \\   | |/ // 
           | ||    | / \ || |  --  //  | / \ ||  | ' //  
          _| ||    | \_/ || |  --  \\  | \_/ ||  | . \\  
         /__//      \___//  |______//   \___//   |_|\_\\ 
         `--`       `---`   `------`    `---`    `-` --` 
                                                         
        
         
        Наверх