Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 9:49
      Аймақ 06.05.2015, 17:45 0 пікір 1007 просмотров

      Жеңісті жақындатқандар – есімізде!

      Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы өңіріміздің жер-жерінде кең ауқымда аталып өтіп жатыр. Осындай тағылымды іс-шараның бірі Атырау политтехникалық колледжінде өтті.


      Алдымен орта оқу алаңында өткен мерекелік іс-шараны Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Кабир АХМЕДГАЛИЕВТІҢ басқаруымен колледждің  І, ІІ курс студенттерінен құралған әскерилендірілген шерудің салтанатты сап құруы ашты. Колледж директоры Бақыт ШЕРКЕШБАЕВА: «Ұлы жеңістің бізге оңайлықпен келмегені анық. Елін, жерін жаудан қорғау үшін қаншама батырларымыз шейіт болды. Осы орайда біздің міндетіміз сол батыр ерлеріміз бен батыр қыздарымыздың ерліктерін, өрліктерін жастарға үлгі ете отырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Оған қоса, көзі тірі ардагерлерімізге құрмет көрсетіп, қолымыздан келген көмек көрсету де басты міндетіміз деп білемін. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құтты болсын!» деген құттықтау сөзін сөйледі. Алаңда әнұран шырқалып, Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтар бір минут үнсіздікпен еске алынды. Ортаға көк ту әкелініп, сапқа тұрған студенттер мерекелік шерумен алаңды айналып жүріп өтті.

      - Отан үшін қан майданда жанын берген, қолдарына қару алып, қас жауына тойтарыс көрсеткен, өз елін қызғыштай қорыған батыр бабалардың ерлігін дәріптеу -  біздің борышымыз. Және осындай ерлікті өсіп келетін кейінгі буынға жеткізу – бізге міндет! Аталарымыз алып берген Жеңістің қадірін біліп, елдің ертеңі үшін сұм соғыста жанын қиған батырларымызды  жадымызда ұстап, көрсеткен ерліктерін өскелең ұрпақтың санасына сіңдіру бізге парыз деп білеміз,- дейді іс-шараның ұйымдастырушысы Кабир
      АХМЕДГАЛИЕВ.

      Шара барысында сөз алған кеш қонақтары: Ауған соғысының ардагері Берікбай ДӘУЛЕТБАЕВ, «Тәжік-ауған шекарасындағы әскери іс-қимылдарға» қатысушы Әлібек ШАМШАДИНОВ, Д. Нүрпейісова атындағы музыка академиясының  Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Кенжебек СЕЙІЛХАНОВТАР мұндай шаралардың өсіп келе жатқан жас өрендерді патриоттық рухта тәрбиелеу үшін пайдасы зор екенін айтып, осындай шаралар күнтізбенің барлық күндерінде жиі ұйымдастырылып тұрса екен деген тілегін жеткізді.

      Мерекелік іс-шарада колледждің биші қыздары «Катюша» биін билеп, ІІІ курс студенті Аманбек ТАРИХОВ «Соғыстан аман келгендер», кеш қонағы Бейбіт ЖАХИЕВ «Шекара офицері» әнін шырқаса, студенттердің енді бір қатары жауынгерлік іс-қимылдардың сан алуан түрін көрсетіп, жұртшылықты тәнті қылды.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ, сурет автордыкі

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ____     __   __   _    _     ______   _    _   
       |  _ \\   \ \\/ // | \  / ||  /_   _// | || | || 
       | |_| ||   \ ` //  |  \/  ||   -| ||-  | || | || 
       | .  //     | ||   | .  . ||   _| ||_  | \\_/ || 
       |_|\_\\     |_||   |_|\/|_||  /_____//  \____//  
       `-` --`     `-`'   `-`  `-`   `-----`    `---`   
                                                        
      
       
      Наверх