Новости Атырау - Мунайлы Астана

      13 декабрь 2018, 20:47
        Аймақ 10.06.2015, 15:30 0 пікір 2466 просмотров

        Жазасын өтегендердің әлеуетін қалай көтереміз?

        Елбасымыздың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы жарияланғаны белгілі. Онда бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру жөнінде айтылған болатын. Сондай-ақ, осындай азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жасау туралы сөз болды. Осыған орай біз Атырау облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Данияр ТУАШЕВПЕН сұхбаттасқан едік.


        - Данияр Кеңесұлы, Елбасымыздың реформасын жүзеге асыру бағытында сіздерде қандай шаралар қолға алынуда? Осы жоспардың насихатталуы қандай деңгейде жүргізіліп жатыр?

        - Айта кету керек, бүгінде Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелерінен босап шыққан сотталғандар арасынан тұрақты тұрғылықты мекен – жайы жоқ сотталғандарды әлеуметтік оңалту орталықтарына орналастыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мекемелерде жазаларын өтеуші сотталғандарды бостандыққа дайындау жұмыстары олардың мекемеге келген күнінен басталады. Мекемелердің еңбекке және тұрмыстық орналастыру бойынша аға инспекторлары мекеме бастығымен бекітілген жоспарға сәйкес, сотталғандардың әлеуметтік жағдайлары, олардың тұрғылықты жері, төлқұжаты туралы ақпараттарды алып, олар бойынша жұмыстар жүргізеді. Атап айтқанда, осы жылдың алғашқы 5 айында департаментке қарасты УГ-157/9 (ерлер колониясы) мекемесінен босатылған 1 сотталған және УГ-157/11 (әйелдер колониясы) мекемесінен босатылған 1 сотталған әлеуметтік бейімдеу орталықтарына орналастырылды.

        - Атырау облысындағы колонияларда сотталушылардың қазіргі әлеуметтік жағдайлары қалай? Оларды жұмыспен қамтуда қандай жұмыстар атқарылды? Сотталушыларды еңбекпен қамтып отырған жеке кәсіпкерлер бар ма? Болашақта жұмыспен қамтылған сотталушылардың санын көбейту мақсатында қандай жоспарларыңыз бар? Ол жоспарға мемлекеттік орындар қаншалықты қатысады?

        - Жалпы, Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелерінде үстіміздегі жылдың 5 айындағы мәлімет бойынша сотталғандардың нақты еңбекке жарамдылар саны 431 адамды, ақылы жұмыста еңбек ететін сотталғандардың барлық саны 218 адамды құрады. Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелердегі жаза өтеушілердің әлеуметтік жағдайлары жақсы. Олар бүгінгі күнге жататын орындармен, төсек-жабдықтармен, киім-кешектермен, азық-түлікпен, дәрі-дәрмектермен толықтай  қамтамасыз етілген. Жаза өтеуші сотталғандарды ақылы жұмыспен қамту бойынша  жұмыстар жүргізілуде. Жеке-жеке тоқталып өтсем, УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесі бойынша шаруашылық қызметінде 22 жаза өтеуші жұмыс жасайды. Яғни, 100 пайыз  жұмыспен қамтылған. УГ-157/9 (ерлер колониясы) мекемесіндегі шаруашылық қызметінде 25 адам, РМК «Еңбек-Атырау»  филиалында 19 жазасын өтеуші және «ЛЮНИК»  ЖК-де 16 жаза өтеуші жұмыс жасауда. Сонымен қатар, ішкі аймақта орналасқан «Караблев» тас шығару өндіріс зонасында 2 жаза өтеуші жұмысқа қабылданды, «Дизайн бюро «Белый квадрат» ЖШС-гі қағаз бұйымдарын өңдеу бойынша 5-еуін жұмысқа қабылдап, жұмыстар жүргізілуде. УГ-157/9 мекемесіндегі ішкі аймаққа ағымды жөндеу жұмыстарына РМК «Еңбек-Атырау» филиалына 20 және «Дока нан» цехына 5 жазасын өтеушіні маусым айында жұмысқа қабылдау жоспарлануда.

        Қазіргі таңда маусым айына пластикалық терезе жасаумен айналысатын «Мұқашев» ЖК қарамағына 5 сотталушыны ақылы жұмысқа орналастыруға құжаттар жинақталуда. Ал, УГ-157/10 (қоныс колониясы) мекемесі бойынша 39 сотталушы жазасын өтейді. Оның ішінде, денсаулығы жарамсыз 5 адамнан басқа, облыстық ҚАЖ департаментінде, УГ-157/1,9,10,11 мекемесінде және ЖК, ЖШС мекемелерінде 34 сотталған азамат  жұмыс жасайды. Олар 100 пайыз жұмыспен қамтылып отыр. Сотталғандарды жұмыспен қамту, әсіресе әйелдер колониясында толық жүзеге асуда. Яғни, УГ-157/11 мекемесінде 66 жаза өтеуші сотталған ақылы жұмыс жасайды. Оның ішінде «Еңбек-Атырау» филиалы арқылы тігін цехында 23 сотталған, «ЭРТРИ» ЖШС-не 20 сотталған тігін бұйымдар шығаруға жұмысқа орналастырылып, бүгінгі күнде жұмыс жалғасуда. Штат бойынша шаруашылық қызметінде 13 сотталған, мекеменің 131 спецификасы бойынша қосымша 6 сотталған, «Лабанович»  ЖК-де 4 жаза өтеуші сотталған жұмыс жасайды. Бұл бағытта әлі де жұмыстар жасалып жатыр. Мысалы, осы жылдың 13 наурызында және 28 сәуірінде Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты УГ-157/9 және УГ-157/11 мекемесіндегі жаза өтеуші сотталғандарды ақылы жұмыспен қамтуды арттыру, өндірістік объектілерді тиімді пайдалану және кіші және орта бизнесті тарту мақсатында Атырау облысы  прокуратурасы, Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриялды инновациялық даму басқармасы, Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті, Атырау облысының кәсіпкерлік палатасының өкілдерімен,  №5546 әскери бөлім қызметкерлері және жеке кәсіпкерлермен дөңгелек үстел өткізілді. Бүгінде жаза өтеушілерді «ЭРТРИ», «Белый квадрат» ЖШС мен «ЛЮНИК»,«Лабанович», «Караблев» ЖК-і ақылы жұмыспен қамтып отыр.

        - Соңғы жылдары пробация қызметі туралы көп естиміз. Облыста осы қызметтің көрсетілу деңгейі қандай? Жалпы айтқанда, сотталушылар пробация қызметі арқылы қандай көмек ала алады? Жыл басынан бері қанша сотталушы осы қызметтің пайдасын көрді?

        - 2012 жылы мемлекет басшысы қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесіндегі қылмыстық заңнаманы ізгілендіру аясында пробация қызметі құрылды. Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Пробация қызметімен сотталғандарды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды атқаруда жергiлiктi мемлекеттiк органдармен, прокуратурамен, соттармен, iшкi iстер органдарымен, мекеме ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктер мен өзара іс-қимыл жасасу бағытында жұмыстар атқарылуда. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енген жаңа редакциядағы ҚР Қылмыстық Кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жазалардың көптеген түрлері, атап айтқанда сот әкімшілік қадағалау белгілеген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен түзеу мекемелерінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып шыққан адамдар бойынша жинақтау ісін орындауына байланысты Пробация қызметі есебіндегі сотталғандардың саны көбеюде. Бүгінгі күнде елімізде жазаларды барынша ізгілендіру шаралары кеңінен қолданылуда. Соның бір айғағы - ауыр емес, орта санаттағы және бұрын сотты болмаған адам қылмыс жасағаны үшін қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлерінің көптеп белгіленуі. Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Пробация қызметіне басшылық жасау бөлімі және 8 аумақтық пробация қызметі бар, яғни, Атырау қалалық, Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай, Индер, Махамбет, Мақат, Жылой аудандық пробация қызметтері. Пробация қызметінің функциясына бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау ғана емес, сонымен қатар, шартты түрде сотталған адамдарға білім, кәсіп алуда, оларды жұмысқа орналастыруда, емдеуде, сондай-ақ құқықтық көмекті қамтамасыз етуде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету де жатады. Біздің департаменттің пробация қызметінде өткен бес ай ішінде пробациялық бақылау белгіленген 356  сотталған  есептен  өтті. Есепте тұрған сотталғандарға әлеуметтік көмек қажеттілігіне байланысты 356 қосымша жеке бағдарлама толтырылып, жергілікті атқарушы  органдарға  жолданды. Жұмыспен қамту орталығына 103 адамға бағыттама жолдау арқылы, 19 адам жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, жұмыссыздық  жанынан  6  адам арнайы кәсіби білім алды.  Денсаулық сақтау органында есепте тұрған 249 сотталғанға тұрғылықты мекен жайлары бойынша ауруханаларға бағыттама жіберіліп, оның ішінде 134 адам тегін дәрігерлік тексерістен өткізілді. Көші-қон полициясына  2 сотталғанға қатысты бағыттама жолданып, Атырау қалалық Пробация қызметі есебіндегі 1 сотталған жеке куәлігі жоғалуына байланысты қайта жасақталды. Пробация қызметінің басты мақсаты сотталғандармен жаза өтеу барысында қайта қылмыс және басқа да құқық бұзушылықтарға жол бермеумен қатар, оларды әлеуметтік-құқықтық жәрдемдермен қамтып, заң аясында тиісті көмектер алуына ықпал ету арқылы оларды түзелу жолына түсіріп, қоғамымыздың лайықты азаматы ретінде тәрбиелеу екенін айта кеткен жөн.

         - Данияр Кеңесұлы, жазасын өтеп шыққандарды жұмысқа орналастыру жайлы айтып өтсеңіз... Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

        - Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші сотталғандарды бостандыққа дайындау мақсатында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп жасалған жоспарға сәйкес, белсенді жұмыстар жүргізілуде. ҚР ІІМ бұйрығының талаптарына сәйкес, мерзімінің аяқталуына 6 ай мерзім қалған кезде, сотталған мекеме бастығының атына арыз жазып, арызында босатылғаннан кейінгі баратын тұрғылықты мекен - жайы және қандай тұрмыстық және еңбекке орналастыруды қажет ететіндігі туралы көрсетеді. Осыдан кейін мекеме әкімшілігі сотталғанның босатылуына 6 ай қалған кезде оның тұрғылықты мекен - жайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне хабарламалар жолдап, еңбекке орналастыру мүмкіншілігін қарастырады. Облыста жыл басынан бері осы күнге дейін барлығы 210 адам босап шықты. Олардың барлығына қатысты құзырлы мекемеге хабарламалар жолданған болатын. Қазіргі уақытта облыстағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері түрмеден босап шыққандарды еңбекке орналастыруға  мүмкіншілік бар екенін мәлімдеп отыр.

        - Сұхбатыңызға рахмет!


        Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         _    _     ______  __    __     ___      ______  
        | |  | ||  /_   _// \ \\ / //   / _ \\   /_____// 
        | |/\| ||   -| ||-   \ \/ //   | / \ ||  `____ `  
        |  /\  ||   _| ||_    \  //    | \_/ ||  /___//   
        |_// \_||  /_____//    \//      \___//   `__ `    
        `-`   `-`  `-----`      `       `---`    /_//     
                                                 `-`      
        
         
        Наверх