Новости Атырау - Мунайлы Астана

    23 ноябрь 2017, 13:14
      Аймақ 10.06.2015, 16:19 0 пікір 1001 просмотров

      Қасиетті құндылықтар ұлықталған күн

      Төл рәміздеріміз – Тәуелсіздігіміздің айғағы. Мемлекеттік рәміздер күні Атырау облысында ерекше аталып өтілді.


      Бұл күні орталық «Мұнайшы» стадионында сегіз мыңға жуық адамның қатысуымен үлкен шара ұйымдастырылды. Орталық стадионда көк Туымыз көкте қалықтап, Әнұранымыз әуелете шырқалды.

      Рәміздерімізді ұлықтауға арналған шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орны және колледж студенттері, спортшылар мен өнерпаздар қатысты.

      Атырау облысы әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ жиналған жұртшылық алдында сөз алып, мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздердің мәртебесі жайында сөз қозғады.

      Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – тәуелсіздігіміздің тұмары. Сондықтан да мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Мемлекеттік тудың биікке көтеріліп, елдігімізді айғақтаған кездерінде – әрбір қазақстандық азаматтың бойында патриоттық сезімі ұялап, бойымызды Отанымыз үшін мақтаныш сезімі кернейтіні шындық. Стадионға жиналғандардың барлығында да осындай сезім кернегені сөзсіз.

      -Егемендік алғалы еліміз қарыштап дамып келеді. Әлеуеті дамыған, экономикасы мығым, бірлігі жарасқан Қазақстанды бүгінде ғалам таниды. Алтын күннің астында самғаған қыраны бар байрағымыз бен ұлттық пен ұлтжандылықтың нышаны Әнұранымыз барлық сала бойынша әлемнің кез келген бұрышында жеңіс тұғырынан бой көрсетіп келеді. Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шара керемет ұйымдастырылған. Шарада жастардың белсенділігі байқалады. Өсіп келе жатырған ұрпақтың патриот болғандығы әрине қуантады,  - деді қала тұрғыны Сайфулла ҚАМИЕВ.

      Шара одан әрі Атырау қаласының жастар ресурстық орталығының қолдауымен  «Рауан» жастар қоры қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Street Jam» қалалық көше би фестиваліне жалғасты.

      Мемлекеттік рәміздер күні облысқа қарасты барлық аудандарда да жоғары деңгейде тойланды.


      Арайлым БАҒЫТЖАН, суреттер Рахым ҚОЙЛЫБАЕВТЫКІ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____     ___      _____     _____     ______  
        / ___//   / _ \\   /  ___||  |  ___||  /_   _// 
        \___ \\  | / \ || | // __    | ||__    `-| |,-  
        /    //  | \_/ || | \\_\ ||  | ||__      | ||   
       /____//    \___//   \____//   |_____||    |_||   
      `-----`     `---`     `---`    `-----`     `-`'   
                                                        
      
       
      Наверх