Новости Атырау - Мунайлы Астана

      25 наурыз 2019, 12:42
        Аймақ 17.06.2015, 15:37 0 пікір 1534 просмотров

        Ақсайлықтар енді алаңдамаса болады

        Ұлт жоспары – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамы айқындалған болатын. Осыған орай 98-қадамда «Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ДЕРБЕС БЮДЖЕТІ ЕНГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ. Облыс орталықтарында және республикалық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының тетіктері жұмыс істейді» делінген еді. Осы сәтте Ақсай ауылдық округінің хал-ахуалын білмек ниетте бас тірегенбіз.  


        Қала шетінен орын тепкен осы ауылдың күні бүгінге дейін шуы басылмаған еді. Себебі, жаңадан қоныс тепкен жергілікті тұрғындар бірде көгілдір отыны, енді бірде ауыз суы, болмаса жарығы жоқ деп газет-журналдарды, телеарналарды шулатып еді. Расында солай болатын. Бірақ, бәзбіреулердің «Мәскеу бірден тұрмады» дегеніне сүйенер болсақ, жыл сайын аталған ауылдың ахуалы оңалып келеді. Бұл сөзімізге дәлел ретінде Ақсай ауылдық округінің әкімі Арман НҰРҒАЛИЕВКЕ хабарласып, тілдескенімізде ауылдың болашағының зор болатындығын тілге тиек етті.

        Ол: - Бүгінгі таңда ауылдың ахуалы жаман емес. Ақжар ауылы мен Ақсай ауылдарында жаңадан көптеген үйлер бой көтеріп келеді. Бұған өздеріңізде куә болып келесіздер. Шыны керек, бір кездері жергілікті тұрғындардың азды-кем ашуға булыққаны рас. Алайда, барлық жұмыстың бір күнде атқарылып кетпейтінін ескерер болсақ, жыл санап жағдайдың түзеліп келе жатқандығын аңғаруға болады. Мемлекеттік бағдарламалардың облысымыз бойынша қаншалықты атқарылып келе жатқандығын барлығы жақсы біледі. Ауылдық жерлердің ахуалын жақсартуды ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев
        әр жолдауында нақты айтқан болатын. Соған сай, қаламыздың ажары кіріп, қалаға жақын орналасқан ауылдардың да түтіні түзу ұшуда. Соның бірі біздің Ақсай ауылдық округі, -деді.

        Шыны керек, бүгінгі таңда Ақжар-2, Ақсай-2 ауылдарының бой көтергеніне де біраз жылдың жүзі болды. Жаз басталысымен құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ауылдың күн сайын қанат жайып келе жатырғандығы жасырын емес. Бастысы баспаналы болғысы келген тұрғындар шамаларының жеткенінше өз шаңырақтарын тіктеуге жұмыстануда. Ауыл әкімі айтып өткендей жаңа құрылысы басталған ауылдарға жарық  тартылып, көгілдір отын үздіксіз берілуде. Ендігі жерде ауыз су мәселесі ғана көңілге кірбің түсіріп тұр. Ауыл басшысының айтуына қарағанда су құбырлары тартылып, қазіргі таңда қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Ендігі кезек суға деп тартылған ауыз су құбырлары тексерістен өтіп, қабылданса жергілікті тұрғындар ауыз суға да қол жеткізетін болады.

        -Ауылдың болашағы бұлыңғыр болмауы керек. Бұлай деп отырған себебім,  алдағы уақыттарда Ақсай мен Ақжар ауылдарына халықтың көптеп шоғырлануына байланысты әлі талай құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Бір ғана мысал айтар болсақ, мәдениет үйі салынады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, спорт кешенінің құрылысы басталды. Межелеген уақытында аяқталады деп күтіп отырмыз. Осының барлығы дерлік ауылдың ажарын кіргізе түседі, - деді Ақсай селолық округінің әкімі Арман Хамитұлы.

         Жыл сайын окургтегі мектептер жаңа оқу жылына дайындалып, сақадай сай тұратындығы белгілі. Бүгінгі күнде де жөндеу жұмыстарын бастап кетті.Сайып келгенде ауылдың ажарлана түсуі атқамінерлеріне байланысты. Елім, жерім деп тұрған жігіттердің барлығы дерлік өз ауылдары үшін барын сала білетін болса, ауылдың ажары қашпасы анық. Тағы бір айта кетерлігі жыл сайынғы мерекелерде ауыл жастары бас біріктіріп, қолдарынан келгенше салауатты өмір салтын қалыптастыруға жұмыстанатындығын көзіміз көріп жүр. Сондай-ақ, ауылдағы кәсіпкерлерде көмек қолдарын созып, әр мереке сайын тыс қалған емес. Былтырғы жылы Рамазан айында жергілікті тұрғындарды қалаға тегін тасытқан болса, биыл  да сол үрдіс жасалатын шығар деген ойдамыз. Себебі, жыл сайын өз үрдісінен жаңылмайтын жаны жомарт адамдар биылғы жылы да жақсылықтарын аямайтын шығар. Қалай десек те, ақсайлықтардың ендігі жерде алаңсыз болғандары дұрыс. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білсек, бірлігіміз жараспай ма?

        Ауыл басшысының сөзіне сенсек, бір мезетте ауыл құлпырып кетпегенімен, жыл сайын жаңара беретіндігі даусыз. Ауыл ахуалының арта беруіне тілекшіміз ғой...


        Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

        Суреттер автордыкі  

         

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         _    _      ___      ______     ___      _  __  
        | |  | ||   / _ \\   /_   _//   / _ \\   | |/ // 
        | |/\| ||  | / \ ||  `-| |,-   | / \ ||  | ' //  
        |  /\  ||  | \_/ ||    | ||    | \_/ ||  | . \\  
        |_// \_||   \___//     |_||     \___//   |_|\_\\ 
        `-`   `-`   `---`      `-`'     `---`    `-` --` 
                                                         
        
         
        Наверх