Новости Атырау - Мунайлы Астана

    19 ноябрь 2017, 3:38
      Аймақ 17.06.2015, 17:50 0 пікір 920 просмотров

      Мемлекеттен қолдау көрген кәсіпкер

      Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында 2015 жылы 6 мамырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын белгілеп берген болатын. Осыған орай Атырау облысында да көптеген істер өз шешімін тауып үлгерді. Бұл жайында жергілікті кәсіпкерлерде өз жұмыстарына жан бітіріп, мемлекет басшысының қолдауын көріп келеді. Мұның нақты дәлелі ретінде «Алтын сапа Азия» ЖШС-і, бірлескен компаниялардың бас директоры Мұрат САРМАНОВТЫ айтуға болады. 


      Алдымен 100 нақты қадам жайында тілге тиек етер болсақ, 62-қадамда «Экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған «ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНДАР» БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. Бизнес-көшбасшыларды айқындау ноу-хау трансфері үшін біліктілік орталықтарын құру мүмкіндігін береді» -делінген. Осы қадамда  айтылған «Ұлттық Чемпиондар» белсенділігін жүзеге асыру жайы көптеген жергілікті компаниялардың жұмыс жасауына жігер берері сөзсіз. Осы орайда бірлескен компаниялардың бас директоры Мұрат Сармановпен тілдескенімізде, ол мемлекеттік қолдауға ие болып отырғанын тілге тиек етті. Мұрат Сарманов басқаратын бірлескен компания құрамында үш жауапкершілігі шектеулі серіктестік, үш жеке кәсіпкерлік және бір шаруа қожалығы жұмыс жасайды. «КарКенСервис» ЖШС-і негізінен құрылыс–монтаж жұмыстарымен айналысса, «ИнТехЖайық» ЖШС-і тұрғындарды сумен жабдықтаумен және кәріз суларын тазалаумен шұғылданады. Ал, «Алтын сапа Азия» ЖШС-ң жұмысы сан салалы – күрделі құрылыс, жөндеу, газбен жабдықтау және монтаждау, су желілерін тарту, сондай-ақ, халыққа қызмет көрсетудің басқа да түрлерімен айналысады.

      «Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі. Бізде шағын және орта бизнестің 800 мыңнан астам субьектісі бар. Онда 2,4 миллионнан астам қазақстандық еңбек етеді. Бұл сектордағы өнім көлемі төрт жылда 1,6 есе өсті, және 8,3 миллиард теңгені құрап отыр» деп Елбасының өзі айтқандай, сол 800 мыңнан астам субьектінің қатарында Мұрат Сарманов жетекшілік ететін бірлескен компания мен оның тарамдары бар. Осы компанияның құрылыс, су, ауыл шаруашылығы салаларында, әр жердегі сауда нүктелерінде 130-150 адам жұмыспен қамтылған. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кәсіпкерлікті қолдау туралы Мәлімдемесінде «Кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнесті дамыту – «Қазақстан 2050» Стратегиясының ең басты міндеттерінің бірі» деп атап көрсетуі жауапкершілікті, бірлікті төмендетпеуге, қарқынды ұдайы арттыра беруге шақырып тұрғандай.

      -Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдауға ие болып келеміз. Қызмет атқарып, жұмыс көзін  ашып, көпшілікті жұмыспен қамтимын деген жандарға мемлекеттен қолдау бар. Қуантарлығы да осы. «Алтын сақа», «Құлан» бағдарламалары бойынша жұмыс жасап келеміз. Негізгі кіріс көзі құрылыс саласында болғанымен, қазіргі кезде ауыл шаруашылығын өркендетуді қолға алдық. Асыл тұқымды мал өсіруге жұмыстанудамыз. Айта кетер болсам, Маңғыстаудан адай жылқысын, сонымен қатар ақбас бұқалар алып, сондай-ақ, қой басын өсіріп, осы аталғандардың барлығын асылдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, -деді Бірлескен компанияның бас директоры Мұрат САТЫБАЛДЫҰЛЫ. 

      Ауыл шаруашылығын дөңгелетіп, құрылыс саласын қарқынды бастаған кәсіпкер Маңғыстау облысының Шетпе, Сайөтес, Опорное темір жол станцияларының вокзалдарын жаңадан салып, жолаушыларға ыңғайлы да жайлы қызмет көрсетуге жағдай жасап берді. Мұндағы жұмыстың барлығын «КарКенСервис» ЖШС-нің ұжымы орындады. Тағы бір айта кетерлігі, Индербор кентінде арнайы мамандандырылған «ИнТехЖайық» ЖШС кент тұрғындарын, мекемелері мен кәсіпорындарын таза сумен жабдықтау және кәріз суларын тазалау жұмыстарын ойдағыдай атқарып, көпшіліктің алғысына бөленіп келеді. Сондай-ақ бірлескен компанияның бас директоры Мұрат Сатыбалдыұлының айтуынша, компания өткен жылы қайырымдылық шараларына 5-6 миллион теңге жұмсаған. Сонымен қатар,  компания басшылығы жергілікті ақын-жазушыларға кітаптарын шығаруға қолдау көрсетіп келеді. Оны өзінің тарих пен мәдениетке қосқан үлесім деп санайтын Мұрат Сармановтың жасаған ісіне тек сәттілік пен береке тілейміз.


      Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ 

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
      __    __    _____     _____      ___     _    _   
      \ \\ / //  |  ___||  /  ___||   / _ \\  | \  / || 
       \ \/ //   | ||__   | // __    / //\ \\ |  \/  || 
        \  //    | ||__   | \\_\ || |  ___  ||| .  . || 
         \//     |_____||  \____//  |_||  |_|||_|\/|_|| 
          `      `-----`    `---`   `-`   `-` `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх