18 тамыз 2017, 14:47
      Аймақ 24.06.2015, 15:42 0 пікір 1826 просмотров

      100 қадам – қарышты даму жолы

      Ғасыр жобасы деуге тұрарлық «Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінде ұсынған Елбасының бес институттық реформасы – заман талабына бағытталған тың әрі серпінді қадам. Бұл салмақты реформаның басты бағыты – қоғамдағы заңның үстемдігін арттыру, заманауи мемлекет құру, орнықты экономиканы көздейтін индустрияландыру және экономикалық өсу, болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру.


      Алысты болжай білетін көреген саясаткер, елі сүйген Елбасының тәуелсіздік алғаннан бері барлық буын өкілдеріне деген өлшеусіз қамқорлығын үнемі сезініп келеміз. Еңбек адамдарына жігер, серпіліс сыйлайтын алыс және таяу жылдарға арналған барлық стратегиялық бағдарламасының түп төркіні – елді еселі еңбекке жұмылдыру, ілгері басу мен жасампаздықтың жаңа қадамдарын жариялау.  Тиянақты ізденістермен ұштасқан қадамдардың нәтижесі – күні кешегі президенттік сайлауда жұдырықтай жұмылып, береке-бірлігімізді көрсетіп, елдігімізді бірауыздан танытқандығымыз. Бұл төрткүл дүниеге Қазақ елінің абырой-беделін көрсетумен қатар, келешегінің кемел, болашағының жарқын екенін дәйектеді.

      Елбасы Президент лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде асуы мол, белесі биік,  алайда атқарылуға тиіс мақсат-міндеттерді алға тартты. Бұл міндеттер «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы мен «Қазақстан - 2030» стратегиясынан, «Нұрлы жол» бағдарламасынан бастау алатын 30 дамыған елдің қатарына қосылу межесін көздейді. Өз кезегінде Нұрсұлтан Әбішұлы: «Мен реформа жоспарын Ұлт жоспары деп атадым, өйткені, реформалар Қазақстанның әрбір азаматының тікелей қатысуын талап етеді. Реформалар – тек мемлекеттік машинаның ғана емес, халықтың ісі. Реформалардың мәні – ұлтты жаңғыртуда. Ұлттың сапасы, халық рухының күші, уақыт сын-қатерлерін қабылдай білу және тек қана алға басу бұрын да мемлекет табысының айқындаушы факторы болған және бола береді. Мен реформаларды жүзеге асырудың қатаң бірізді болуын қалаймын», деген болатын.

      Реформа бағыттарын оңды жүзеге асыру негізінде көп кешікпей Ұлттық комиссия құрылды.  Қазіргі таңда ел алдындағы маңызды міндеттерді еңсеруде «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының маңыздылығы ерекше. Бес институттық реформаның өз деңгейінде жүзеге асырылуы еліміздің жаңа белеске көтерілуіне толық мүмкіндік береді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің реформасында атап көрсеткеніндей, мемлекеттік органдардың беріктілігін, заңдар үстемдігінің күшейтілуін, экономикалық өсімді қамтамасыз ету, ел бірлігін нығайта түсу Қазақстанның бүгінгі жетістігін одан әрі ұлғайтуға кепіл бола алады. Реформадағы маңызды ережелер мемлекет саясатын, мемлекеттік басқарудың тәжірибелерін ғана емес, басқарушы тұлғалардың кәсіби деңгейдегі бәсекелестігін, халықтың таңдауы мен қоғамның болашағына деген сенімін нығайтады.

      «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарының мемлекеттік қызмет саласын уақыт талабына сай жетілдіру негізіндегі «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» атты басты бөлігі - ел дамуына жаңаша серпін беретін қуатты құрал десек те болады. Азаматтардың біліктілік тәжірибесін , мінез-құлық әдептілігін және өзара түсіністік қағидатын біріктіре оқыту мемлекеттік қызмет жүйесінде орын алатын жемқорлықтың алдын алуға сеп болады әрі қызметшінің жеке қасиеттерінің деңгейін сынауға зор мүмкіндік береді.

      Мемлекет басшысы ұсынып отырған бес халықтық реформаның қазақ қоғамының бұдан әрі дамуына тікелей ықпал етері анық. Қазақ елінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өз тәжірибесін көрсетіп отырған саясатымыз осы халықтық реформа арқылы одан әрі іске асары даусыз.

      Қазақстандық сайлаушылардың салмақты сеніміне ие болып, қайта сайланған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі айтқандай, халқының көрсеткен қолдауы – Елбасына сарқылмас күш-жігер береді және өркениетті 30 елдің қатарына қосылу жолындағы Елбасы міндеттеген өрелі жұмыс өрісін кеңейтіп қана қоймай, Отанымыздың абыройын асырып, экономиканы өркендетіп, халықтың әл-ауқатын арттыратыны сөзсіз.   


      Бақытгүл ХАМЕНОВА,  Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің директоры,

      «Нұр Отан» партиясының саяси кеңес мүшесі, Атырау қалалық мәслихатының депутаты.

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    __   __    _____    _    _     _____   
      | \  / ||  \ \\/ //  /  ___|| | || | ||  / ____|| 
      |  \/  ||   \ ` //  | // __   | || | || / //---`' 
      | .  . ||    | ||   | \\_\ || | \\_/ || \ \\___   
      |_|\/|_||    |_||    \____//   \____//   \_____|| 
      `-`  `-`     `-`'     `---`     `---`     `----`  
                                                        
      
       
      Наверх