29 апреля 2017, 21:27
      Аймақ 24.06.2015, 15:50 0 пікір 914 просмотров

      Атырауда бағалар арзандады

      Жаз басталысымен жан-жақтан жеміс-жидектер келе бастайды. Қарбыз бен қауын, қырыққабат пен қызанақ секілді өнімдер атыраулықтардың да аузына ерте тие бастағаны жайдарлы жаздың келгендігінен. Осыған орай, жергілікті жерде көптеген өнімдердің бағасы арзандаған. Бұл жайында «Қазагромаркетинг» АҚ-ның ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі ағымдағы жылдың 9-16 маусымы аралығында бөлшек сауда бағаларының төмендегідей өзгерісін анықтады.


      Мәселен, 1 санатты жұмыртқа Атырауда 12 пайызға он данасына 153-тен 135 теңгеге дейін арзандады.  Баға төмендеуі көтерме сауда бағаларының 11 пайызға он данасына 140-тан 125 теңгеге дейін арзандауымен байланысты болып отыр. Астанада алма 15 пайызға 311-ден 359 теңге дейін қымбаттаса, бұл баға көрсеткіштерінің ұлғаюына сатылымда қымбаттырақ ағымдағы жылғы ерте пісетін жеміс сұрыптарының басым болуы әсер етті. Көтерме сауда бағалары бір апта ішінде 22 пайызға 245-тен 298 теңгеге дейін қымбаттады.

      Айталық, қызанақ бағасы Таразда 42 пайызға 213-тен 124 теңге дейін, Шымкентте 30 пайызға 250-ден бір келісі 175 теңгеге дейін, Қызылордада 25 пайызға 265-тен болса, 200 теңгеге, Ақтөбеде 25 пайызға 321-ден 241, Қарағандыда 24 пайызға 363-тен 277, Өскеменде 21 пайызға 402-ден 318, Оралда 18 пайызға 288-ден 235, ал, Астанада 15 пайызға 309-дан 262 теңгеге дейін болса, Атыраудың өзінде 14пайызға 353-тен 303 теңгеге дейін төмендеген. Айта кетер болсақ, баға көрсеткіштерінің арзандауына сатылымда еліміздің оңтүстік облыстарынан әкелінетін арзан жылыжай өнімі мөлшерінің артуы яғни, жаппай пісуімен нарықтың өніммен қанығуы әсер етіп отыр. Сондай-ақ, басқа облыстарды айтпағанның өзінде қияр бағасы Атырауда 25 пайызға 302-ден 228 теңгеге дейін төмендеген.

      Ақтөбеде қырыққабат 30 пайызға 97-ден 68 теңгеге, Оралда 25 пайызға 91-ден 68,  қызылша бағасы 13 пайызға 200-ден 175 теңгеге дейін ал, Астанада 10 пайызға 189-дан 171 теңгеге дейін арзандаған. Мамандардың айтуы бойынша өнімнің арзандауына Ақтөбеде көкөністің жеткізілім мөлшерінің артуы мен көтерме сауда бағаларының 17 пайызға 150-ден 125 теңгеге дейін арзандауы себеп болса, Астанада  өнімге деген сұраныстың төмендеуі себеп болғанын айтады. Сондай-ақ елорда да көтерме сауда бағалары керісінше 15 пайызға 130-дан 150 теңгеге дейін қымбаттаған.

      Ақтөбеде мандариндер 11 пайызға 387-ден 431 теңгеге дейін қымбаттағанын айтады, мамандар. Баға өсімі мониторинг күні көтерме сауда нарығында мандарин жеткізілімінің болмауы себебінен орын алды дейді. Ал, банан бағасы болса 12 паызға 332-ден 292 теңгеге дейін арзандапты. Мұның арзандауына сатушылардың көтерме сауда бағаларын 14 пайызға 280-нен 240 теңгеге дейін төмендетуі себеп болған. 

      Қарастырылып отырған уақыт аралығында ет және сүт өнімдері арасында айтарлықтай баға өзгерісі байқалмаған.

      «Қазагромаркетинг» АҚ әр апта сайын сейсенбі күні азық-түлік өнімдерінің 66 түрі бойынша еліміздің барлық облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында баға мониторингін өткізеді. Естеріңізге салар болсақ, компания баға мониторингін 2003 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. 2008 жылдан бастап бұл жұмыс «Облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында негізгі азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізу әдістемесіне» сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл әдістеме ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітіліп, ҚР Статистика жөніндегі агенттігімен мақұлданған.


      Асан ҚАСАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____     _____     ______     ___      _  __  
       |__  //   |  ___||  /_____//   / _ \\   | |/ // 
         / //    | ||__    `____ `   | / \ ||  | ' //  
        / //__   | ||__    /___//    | \_/ ||  | . \\  
       /_____||  |_____||  `__ `      \___//   |_|\_\\ 
       `-----`   `-----`   /_//       `---`    `-` --` 
                           `-`                         
      
       
      Наверх