18 тамыз 2017, 14:47
      Аймақ 24.06.2015, 16:12 0 пікір 1183 просмотров

      Той – тәңірдің қазынасы!

      Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламалар арқасында көптеген адамдар өз кәсіптерін ашып үлгерді. Шын мәнінде кім кәсіп ашуға құлшыныс танытса, сол адамға мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдіктер жасалып, өз жұмысының жемісін жеуіне мүмкіндіктер туды. Яғни кәсіпкерлікті қолдауға мемлекет тарапынан жағдай жасалған. Мемлекеттік бағдарламаның жемісін көріп отырған атыраулық «Бәйтерек» студиясын айтуға болады. 


      Елбасы жыл сайынғы өзінің халыққа Жолдауында көптеген бағдарламалар ұсынып, олардың әр жерде жүзеге асуына аса мән берді. Жақында ғана бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамды айқындап берді. Мәселен 88-қадамда «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, ол «НҰРЛЫ ЖОЛ» инфрақұрылымдық даму, ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың (біздің заманымыздың батырларының) табыстарының дербес тарихын ескере отырып, ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ ИДЕЯЛАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУГЕ, индустрияландырудың және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады» делінген еді. Міне, осы орайда мемлекеттен қамқорлық көріп, өз кәсібін ілгерілеткен «Бәйтерек» студиясын мысалға алуға болады. 88-қадамда нақты айтылғандай «Бәйтерек» студиясының жетекшісі Қуаныш ТАҢАТАРОВ мемлекеттік саясаттың арқасында кәсіпкерлікке қол жеткізіп, ол елге қызмет етіп келеді.

      - Бүгінгі таңда кәсібін ашып, нәсібін көремін дегендерге ешқандай түйіні шешілмейтін  мәселе жоқ. Себебі, жақсы дүние жасау қолыңнан келер болса мемлекеттік бағдарламалар арқылы көздегеніңе қол жеткізуге болады. Өз басым, «Бәйтерек» студиясын ашарда «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттен қолдау таптым. Сөйтіп, бүгінгі таңда өз жұмысымды атқарып, оның үстіне 5 адамды қызметпен қамтып отырмын. Жалпы, мемлекеттік тапсырыстарды қабылдап, қолымыздан келгенше қызмет етіп жатырмыз. Ойлаған мақсат-мұратыма жетуім үшін аянбай тер төге беремін, -деді «Бәйтерек» студиясының жетекшісі Қуаныш Таңатаров. 

      Он жылдан бері қызмет етіп келе жатқан «Бәйтерек» студиясының қызметі шын мәнінде ел көңілінен шығып келеді. Бұлай дейтініміз, «Қыз жүрегі» атты фильм түс іргенінен хабардармыз. Сәтті шыққанға ұқсайды. Дегенмен, алғашқы дүниелері болғандықтан, мүмкін кем-кетігі де бар шығар, алайда, алдағы уақытта да кино саласына өз үлесін қосуды мақсат еткен Қуаныш Таңатаровтың өз айтары бар.

      - Негізгі мақсатымыз кино саласына көшу болып табылады. Шыны керек, кино  саласына түбегейлі көшіп, өз дүниелерімізді көпшілікке ұсынғымыз келеді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп Абай атамыз айтқанындай еңбек етсек орындалмайтын арман болмайды. Бүгінгі таңда той түсіруге шығып тұрамыз. Бейнекамера, фотоаппаратымыз барлығы бар. Мәселен бір тойды түсіру үшін 100-300 мың аралығында қызмет көрсетеміз. Бұл жерде келісуге байланысты. Ал, фотосуретшіміздің де бағасы сол 100-200 мыңның аралығында, -деді.

      Той түсіруші жігіттердің кәсібі негізінде қолдауға тұрарлық. Себебі, бүгінгі той ертеңгі күні тарихқа айналары даусыз. Ұлдары мен қыздарын аяқтандырып, тойларын барынша елден ерекше жасауға бейім тұратын атыраулықтардың сапалы жұмысты талап ететіндері анық. Осы орайда жиі тапсырыс алып тұратын «Бәйтерек» студиясы өз жұмыстарының күн санап өркендеп келе жатқанына разы. Бес адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырғандарының өзі көңілге қонымды. Ал, той түсіретін фотограф Вадим Мусинмен тілдескенімізде ол да өз ойын ортаға салды.

      - Арнайы «Милана» фотостудиямыз жұмыс жасап тұр. Бағасы келісім бойынша. Той  түсіргенде әрине сапалы жұмыс көрсетуіміз керек. Сондықтан тапсырыс берушілердің көңілінен жүз пайыз шығуға тырысамыз. Қалай болған күнде де әр адам өз жұмысына жауапкершілікпен қарай білетін болса, оның әр ісі берекелі болады, -дейді фотограф  Вадим Мусин.

      Тойдың тапсырыстарын қабылдап, өз кәсіптерінен нәсібін көріп жүрген жігіттердің алдағы уақытта да арман-тілектері көп. Өздері айтқандай кәсіптерін дөңгелете беруге шын мәнінде мемлекеттен қолдау баршылық. Қалай болған күнде де кәсіптің көзін тауып, ел-жұртқа сапалы қызмет көрсетсе болғаны. Сонда ғана бастаған істерінің берекелі болары сөзсіз.  


      Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ____       ___     __   __    _____     _  __  
       |  _ \\    / _ \\   \ \\/ //  |  ___||  | |/ // 
       | |_| ||  / //\ \\   \   //   | ||__    | ' //  
       | .  //  |  ___  ||  / . \\   | ||__    | . \\  
       |_|\_\\  |_||  |_|| /_//\_\\  |_____||  |_|\_\\ 
       `-` --`  `-`   `-`  `-`  --`  `-----`   `-` --` 
                                                       
      
       
      Наверх