25 наурыз 2017, 9:51
      Қоғам 24.06.2015, 16:21 0 пікір 725 просмотров

      Атырауда құны 5,1 млн. теңгені құрайтын бір мүлік жарияланған

      Елбасымыз дамыған 30 елдің қатарына енуге жол ашатын 100 нақты қадамының  41-қадамында мүлікті және қаржыны заңдастыру ресімдерін оңайлату жөнінде айтқан болатын. Ал, елімізде өткен жылдың 1 қыркүйегінде басталған мүлікті жария ету науқаны осы жылдың аяғына дейін жалғасатын болады. Осы уақыт аралығында  көлеңкелі меншік пен табысты заңдастыруға мүмкіндік беріліп отыр. 


      Аталған науқанға атыраулықтардың белсенділігі жоғары көрінеді. Бұл жөнінде өткен аптада Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде арнайы ұйымдастырылған брифингте белгілі болды. 2015 жылдың 15 маусымындағы дерек бойынша облыс бойынша мүліктерді жариялауға 648 арыз түсіп, олардың 545 жарияланған. Ал, 42 арыз ұсынылған құжаттары толық болмағандықтан кері қайтарылыпты. Жарияланған мүліктердің жалпы құны 4,6 млрд. теңгені құрап отыр. Сондай - ақ, науқан кезінде ҚР аумағынан тыс жерде орналасқан құны 5,1 млн. теңгені құрайтын бір мүлік жарияланған. Брифингте Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Айгүл  РЗАҒҰЛОВА қала бойынша мәліметтерді алға тартты.

      - Мүлікті жария ету бойынша Атырау қаласы белсенді қатысуда, бүгінге дейін 346 арыз түсіп, шешім шығарылуда. Сондай-ақ, Құрманғазы, Мақат аудандарында жұмыс жүйелі жүргізіліп келеді. Ал, Индер ауданы бойынша мүлікті жария етуге ешқандай арыз түспеген. Шет елдердегі мүлікті жария ету бойынша Атырау қаласы тұрғыны Ресейдің Астрахан қаласындағы жылжымайтын мүлігін заңдастырды. Жалпы көлемі заңдастыру бойынша бюджетке 510 млн. теңге түсті, - деп атап өтті ол. Сонымен қатар, жиында мүлікті заңдастыру аясында атқарылған шаруалар жайында ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының директоры Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВ кеңінен әңгімелеп берді.

      - Осы мүлікті  жария ету акциясы басталғаннан бері ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалымен біраз жұмыстар жасалды. Мәселен, өткен жылдың соңында және осы жылдың басында екінші деңгейдегі банктердің Атырау облысындағы филиалдарының ақшаны жария ету бөлігіндегі қызметіне мониторинг жасалды. Мониторинг нәтижесі барлық екінші деңгейдегі банк филиалдарының халықпен ақшаны жария ету бойынша жұмыс жасауға дайын екендігін көрсетті. Аталған акция шеңберінде жұмыс жасайтын барлық банк филиалдарында жауапты мамандар бөлінген. Банк ғимараттарында клиенттермен жұмыс тәртібін белгілейтін нұсқаулықтар және тиісті мәліметтер көрнекті ақпарат ретінде көрсетілген. Әр банктің интернет-ресурстарында ақшаны жария ету бойынша жауапты қызметкерлердің аты-жөні, байланыс деректері, депозиттерді ашу талаптары орналастырылған.Сонымен қатар, ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалымен екінші деңгейдегі банк филиалдарының директорларымен мүлікті жария ету акциясы шеңберіндегі жұмыс мәселелері бойынша кеңес өткізіліп, олардан өз клиенттері арасында өткізіліп жатырған мүлікті жария ету акциясы туралы  түсіндіру жұмыстарын күшейту талап етілді. Сондай-ақ,  Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен, облыстық қаржы басқармасымен бірігіп брифингтер ұйымдастырылды. Бұдан басқа, ҚР Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында мүлікті жария ету бойынша негізгі ақпарат орналастырылған. Онда Мүлікті жария ету туралы заң, Үкімет және ҚРҰБ-нің нормативтік құқықтық актілері, мүлікті жария ету акциясы шеңберінде жинақ шоттарын ашатын қаржы ұйымдарының тізімі, мүлікті жария ету акциясы шеңберінде ақшаны инвестициялау шарттарын жасауға уәкілетті брокерлердің тізімі, мүлікті жария ету акциясы шеңберінде жинақ шоттарын ашатын банктердің байланыс деректері, ақшаны жария ету барысы туралы ай сайынғы есептер жайлы толыққанды ақпараттар алуға болады, - деді ол.

      Айта кету керек, елімізде науқан кезінде жария етуге ұсынылатын құжаттарды қабылдау (ақшадан басқасы) 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2015 жылдың 30 қарашасында аяқталады. Жариялаудың негізгі мақсаты – заңды айналымнан табыстарын жасыру мақсатында, яғни рес-публика Заңдарына қайшы немесе бөгде адамдарға тіркелген мүліктерді жариялау арқылы экономикалық айналымға тартып, қосымша қаржыларды енгізу болып отыр. Жариялауға капитал, сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы және оның шеңберінен тыс жерлерде орналасқан жылжымайтын мүліктер жататынын еске саламыз. Жалпы, «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес, аталған тұлғалар  мүліктерін жария етуге құқылы. Осы Заңда қандай қылмыс түрлеріне байланысты мүліктерді жариялауға болмайтындығы нақтылы көрсетілген. Сондай-ақ, жария ету субъектісінің және оның  заңды өкілінің келісімінсіз ақпаратты таратуға жол бермеуге міндетті екені көрсетілген.Тағы бір айта кететін жайт - мүлікті жария ету кезінде алым тек екі жағдайда ғана қарастырылған. Ол бірінші ақшаны экономикалық инвестицияға бағыттамай екінші деңгейдегі банктерден 5 жылға жеткізілмей түсіріліп алған жағдайда және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүліктерді жария еткенде. Ал, сот процестерімен иелігі қаралып жатқан мүліктер және кредитке алынған ақшалар жария етуге жатқызылмайды.


      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   _    _    _     ____      ______   _    _   
      | || | || | || | ||  |  _ \\   /_   _// | \  / || 
      | '--' || | || | ||  | |_| ||   -| ||-  |  \/  || 
      | .--. || | \\_/ ||  | .  //    _| ||_  | .  . || 
      |_|| |_||  \____//   |_|\_\\   /_____// |_|\/|_|| 
      `-`  `-`    `---`    `-` --`   `-----`  `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх