Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 10:27
      Қоғам 24.06.2015, 16:54 0 пікір 1304 просмотров

      Тепловоз жөндеушілердің тілегі бір

      Теміржол бойы өзіндік өмірлік үрдіс пен реттілікке құрылған. Теміржол бойындағы үлкен көлемдегі жүк тасымалы, жолаушылар қатынасы бәрі де экономиканың нығаюына қызмет жасап келеді. Содан болса керек, темір жол – экономиканың күре тамыры болып саналатындығы. Осы орайда Атырау локоматив жөндеу депосы «Біржан-Атырау» ЖШС-де болып, жұмыстарымен танысқанбыз.  


      Аталған серіктестіктің бас инженері Сайран ИМАШЕВ бізбен тілдесу барысында «Елбасының «Нұрлы Жол» атты жаңа Жолдауын мен Қазақстан дамуының жаңа экономикалық стратегиясы деп қабылдадым. Жол дегеніміздің өзі – экономикалық дамудың қайнар көзі, әрі жаңа жұмыс орындары деп білемін. Ал, сол темір жол арқылы халыққа қызмет көрсететін тепловоздарды жөндеу жұмыстарын біздің мекеме мойнына алып отыр. Сондықтан сапалы қызмет етуді ғана мақсат етіп отырмыз» деді.

      Міне, Елбасы Жолдауын негізге алып, қарқынды жұмыстарына кіріскен «Біржан-Атырау» ЖШС тепловоздардың жөндеу жұмыстарымен айналысады. Негізінен «Біржан-Атырау» ЖШС Қазақстан темір жолы АҚ-ы Локоматив бөлімшесі қамтып отыр. Алыс та жақын жерлерге жолға шыққан тепловоздардың кем-кетігін алдын ала түзеп, жол жүруге сақадай-сай етіп қоюшы осы «Біржан-Атырау» ЖШС қызметкерлерінің жұмысы.  2004  жылы «Біржан-Атырау» ЖШС болып бөлінген мекеме бүгінгі таңда 90 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сол тоқсанның 27-і нәзікжандылар болса, қалғандары ер адамдар.

      - Депоға келген тепловоз уақытылы техникалық жабдықталуы тиіс. Берілген уақыт аралығында бұл шаруалар тыңғылықты да, тиянақты орындалады. Ол үшін әрбір қызметкер, слесарьдің жауапкершілігі мықты болуы тиіс. Бұл жерде кейінге қалдырылатын бірде-бір жұмыс болмайды. Толықтай тексерістен өткізіп, жолға дұрыстап дайындап қоямыз. Әр тетігіне дейін біздің қызметкерлердің назарынан тыс қалмайды. Сондықтан барлық жұмысшылар бір үйдің балаларындай бірлесе қызмет атқарып, өз жұмыстарының жауапкершілігін жақсы түсінеді, – деді Атырау локоматив жөндеу депосы «Біржан-Атырау» ЖШС бас инженері Сайран Серікқалиұлы.

      Мұндағы мамандардан сұрап білгеніміздей күндіз-түні тынымсыз еңбек ететін жұмысшылар ауысыммен қызмет атқарады екен. Солай бола тұрса да жаны нәзік аруларда құрыш білекті қара нар жігіттермен иық тіресе қызмет атқарады. Тепловоздың темір жолда арғымақтарша арындауына осы мекеменің қызметкерлері тікелей атсалысады. Өздері айтып өткендей, кейінге қалдыруға болмайтын жұмысты яғни, жөнделуге келген тепловозды жолға аттандырмайынша «Біржан-Атырау» ЖШС-і қызметкерлері тыным таппайды.

      - Біздің жұмыс сырт көзге тым оңайлау көрінгенімен, қолдап кірісіп кеткенде білімнің тереңдігін, ойдың ұшқырлығын талап етеді. Жөндеуге келген тепловоздың әр тетігін әр білікті маман қарайтын болғандықтан барлығы жұмыла жұмыс атқарады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады» деп бұрынғылардың айтқанындай біздің қызметкерлерге қарап отырып, бірліктің, берекенің бар екендігін бағамдауға болады, - дейді бас инженер Сайран Имашев.

      Қалай болғанда да ел үшін атқарып отырған игі істері қанатын жая берсін деуден басқа не деуге болады. Мемлекет басшысының әр жылғы Жолдауын жіті назарда ұстаған бұл ұжымның тірлігі басқа, тілегі біреу.


      Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___      _____      ___      _  __  
      | |  | ||   / _ \\   /  ___||   / _ \\   | |/ // 
      | |/\| ||  / //\ \\ | // __    / //\ \\  | ' //  
      |  /\  || |  ___  ||| \\_\ || |  ___  || | . \\  
      |_// \_|| |_||  |_|| \____//  |_||  |_|| |_|\_\\ 
      `-`   `-` `-`   `-`   `---`   `-`   `-`  `-` --` 
                                                       
      
       
      Наверх