29 апреля 2017, 21:26
      Қоғам 24.06.2015, 16:56 0 пікір 802 просмотров

      Шаруа қожалықтарының құқы қорғалды

      Кәсіпкерлікті қорғау және қолдау мақсатында облыс аудандарында да бірқатар жұмыстар атқарылуда.


      Мысалы, Мақат ауданы прокуратурасымен кәсіпкерлікті қорғау және қолдауға бағытталған заңнаманың қолданылу заңдылығына тексерулер жүргізілген болатын. Осы жылдың 5 айында аудан прокуратурасының мобильдік тобына 8 кәсіпкерлік субъектілерінен өтініштер түсіп, нәтижесінде 5 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Атап айтқанда,  «Болашақ» шаруа қожалығының басшысы Ж.Сидеғалиев аудандық салық басқармасына дара кәсіпкер ретінде тіркелу үшін 2014 жылдың 14 шілдесінде өтініш білдірген екен. Бірақ, аудандық салық басқармасы оған 2 айлық есептік көрсеткіш ретінде, яғни, 3704 теңге заңсыз алым төлеткен. Мұндай жағдай, «Берекет», «Данияр», «Бірлік» шаруа қожалықтарының иелері өтініш білдіргенде де орын алыпты. Бірақ, заң бойынша дара кәсіпкер мемлекеттік тіркеу кезінде алым төлеуден, шаруа немесе фермер қожалықтары босатылатындығы көрсетілген. Осындай заңсыздықтарға жол бергендердің іс-әрекеті жөнінде Мақат ауданы прокурорының аға көмекшісі Е.ШАНШАРОВ былай дейді.

      - Елбасымыз өз Жолдауында ауыл шаруашылығы бизнесінің дамуына, фермерлер кооперациясы үдерісіне, жерді тиімді пайдалануға бөгет жасайтын барлық кедергіні жою жөнінде айтқанымен, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы жоғарыда көрсетілген кодекс талаптарын бұзып, кәсіпкерлікті дамытуға кері септігін тигізуде. Осының салдарынан «Болашақ», «Берекет», «Данияр», «Бірлік» шаруа қожалықтарының Қазақстан Республикасының Конституциясымен берілген құқықтары бұзылып отыр. Бүгінде аталған істер бойынша аудан прокуратурасымен прокурорлық ықпал ету актісі енгізіліп қаралу үстінде, - дейді.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _     _____   __    __     ___      ______  
      | || | ||  |  ___|| \ \\ / //   / _ \\   /_   _// 
      | || | ||  | ||__    \ \/ //   / //\ \\    | ||   
      | \\_/ ||  | ||__     \  //   |  ___  ||  _| ||   
       \____//   |_____||    \//    |_||  |_|| /__//    
        `---`    `-----`      `     `-`   `-`  `--`     
                                                        
      
       
      Наверх