18 тамыз 2017, 14:47
      Қоғам 24.06.2015, 17:03 0 пікір 1608 просмотров

      Жігері асып-тасқан «Жігермұнайсервис»!

      Жалпы, қай мемлекеттің болмасын, бәсекеге қабілеттілігін көрсететін оның экономикасы. Бүгінде Президенттің пәрменімен жүргізіліп отырған индустриалды-инновациялық саясаттың басты мақсаты экономиканы дамытуға арналған. Бұл жөнінде Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа арнаған Жолдауында және «Қазақстан – 2050: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты стратегиясында нақты айтылады.


       

      Бір ескерер жайт – аталған индустриалды-инновациялық саясат бойынша өңдеуші өнеркәсіптер және қызмет көрсету салаларында бәсекеге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісін дамыту мәселесі ең бірінші орынға қойылып отыр. Осы бағытта құрылған Үдемелі индустриялық – инновациялық даму бағдарламасының 2014 жылы бірінші кезеңі аяқталды. Осы бағдарлама аясында  үш жобаны жүзеге асырған «Жігермұнайсервис» компаниясы бүгінде шығаратын бұрғылау және мұнай өндірісі құрал-жабдықтары сияқты өнімдері сертификатталып, ҚР СТ талаптарына сәйкес келетін жүз пайыздық қазақстандық кәсіпорынға айналды. Оның дәлелі 2014 жылы компанияның жылдық айналымы 8 млрд. теңгеге дейін артқан. Бұл жөнінде Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы таратқан мәлімдемеде компанияны «Әлемдік экономикадағы қиындықтарға қарамастан ағымдағы жылы жеткен жетістігін сақтап қалуға ғана емес, сонымен қатар өндіріп отырған өнім көлемін арттыруды жоспарлауда,- делінген болатын.  Жүз пайыз қазақстандық компания бастапқыда қашауларды жөндеуге бейімделген екен. Бірақ,  ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорында жоғары тереңдікте бұрғылауға арналған қашаулардың өндірісі іске қосылған. Осы уақытқа дейін әрқайсысы он мыңдаған АҚШ доллары тұратын қашаулар сырттан әкелінсе,  «Жігермұнайсервис» өндірген отандық өнім 30-40 пайызға арзан болуымен қоса, жергілікті кәсіпорындардың қажеттілігін өтеуге қол жеткізді. Өткен жылдың өзінде ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорында 350 адам жұмыспен қамтылды. Әрі  жұмыс істейтіндердің барлығы дерлік  жергілікті мамандар мен жұмысшылар болып отыр. Жыл сайын кәсіпорын өз қызметін кеңейту үстінде. 2015 жылдың сәуірінде компания отандық бұрғылау кешенін іске қосты. Бұл - облыстағы өндірістік сынақтан сәтті өткен бұрғылау кешені болатын. Сөйтіп, жыл аяғына дейін жететін тапсырыс қабылдады. Бүгінде  олар өз өнімдерін Ресей, Түркіменстан, Біріккен Араб әмірліктері мен Африка елдеріне экспорттайды. Бұл - үдемелі индустриалды-иновациялық бағдарлама аясында жүзеге асырылған Атырау облысындағы серпінді жобалардың бірі екенін баса айтқан жөн. Өйткені, қазақстандық мұнай компаниялары  сапалы отандық өнімді 50 пайыз арзанға бағамен алуға мүмкіншілік алды. Отандық өнімге алғашқы тапсырыс берген «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы болды. Ал, қазақстандық мамандар алғашқы жобаны жүзеге асыруға 1,5 жыл уақыт жұмсаған. Жалпы мұнарасының биіктігі 51 метрлік кешен  7 мың метр тереңдіктегі мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылайды. Сондықтан бұл кәсіпорынның болашағынан отандық мұнай-газ компаниялары көп үміт күтіп отыр.

      «Жігермұнайсервис» компаниясы 2015 жылдың соңына қарай кәсіпорынды кезең кезеңімен халықаралық дәрежеге көтеруді  және қосымша 50-70 жұмыс орнын ашуды жоспарлауда.

      2015-2019 жылдары жүзеге асырылатын индустрияландырудың екінші кезеңі экономиканың теңдестірілген құрылымын жасауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталуда. Жаңа жұмыс орындары елдің экспорттық әлеуеттін арттыратын қайта өңдеу саласында, макроэкономикалық тұрақтылық пен оның өсіміне қаржылық негізді қамтамасыз ететін дәстүрлі шикізат секторы, инновациялық және қызмет көрсету салаларында ашылатыны көзделіп отыр. Бұл бағытта Атырау облысында да ауқымды жобаларды жүзеге асыру көзделуде. Демек,  2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен әлемнің 30 дамыған елдерінің қатарына кіру жолындағы маңызды құралға айналмақ.


       

       

      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______   __   __             _    _    _    _   
       /_   _//  \ \\/ //     ___   | || | || | || | || 
       `-| |,-    \ ` //     /   || | || | || | || | || 
         | ||      | ||     | [] || | \\_/ || | \\_/ || 
         |_||      |_||      \__ ||  \____//   \____//  
         `-`'      `-`'       -|_||   `---`     `---`   
                               `-`                      
      
       
      Наверх