Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 10:28
      Аймақ 24.06.2015, 18:03 0 пікір 1624 просмотров

      Жағажайлар жайы қалай?

      Қала бойынша «Атырау» спорт кешені маңындағы орталық жағажай мен Тұрғын үй қалашығы маңында орналасқан екі жағажай ресми түрде жұмысын бастады. Осыған орай, суға шомылу маусымында су айдындарындағы төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету үшін Атырау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Атырау қалалық ішкі істер бөлімі және департаменттің Суда құтқару қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдарымен бірге жағажайларға рейдтік іс-шара жүргізді.


      Атырау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, өртке қарсы қызмет капитаны Рустам ЮСУПОВТЫҢ сөзінше, бүгінгі күні қала аумағындағы суға шомылуға арналған жағажайларға үгіт-насихат жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында облыста қайта құрылған жедел құтқару жасағының 10 құтқару техникасы, 32 жүзу құралдары және жеке құрамы дайын.

      Алайда, рейд барысында ескертулер мен тыйым салуларға құлақ асқысы келмегендер де табылды. Әсіресе, рұқсат етілмеген жерлерден суға секіргендердің көбісі құтқарушыларды көре сала қаша жөнелді. Мекеме құтқарушылары болса, оларға судағы қауіпсіздік ережерін сақтамай, бұзақылыққа бару – алдымен олардың өз өмірлеріне қауіп төндіретінін айтып, басты ережелер жазылған арнайы жадынамаларды таратумен болды. Сондай-ақ, ересектерге жазғы демалыс кезінде балаларын бақылауда ұстауды мықтап тапсырды.

      Ресми жұмысын бастаған екі жағажайға биыл да «Сәрсекен» ЖШС-і қызмет көрсететін болады. Жағажайлардың әкімшілік сұрақтар жөніндегі ұйымдастырушысы Роман МҰСАҒАЛИЕВ, аталған жағажайларда былтырғыға қарағанда жаңалықтар көп екендігін айтады. Мысалы, жағажайларда суға шомылатындар үшін күннен қорғанатын шатырлар тігіліп, күнге қыздырынып жатуға арналған кереуеттер, арнайы киінетін орындар, биотуалеттер, душтар орнатылған болса, балаларға арналған бассейн, спорт кешені де салынуда. Мұнда келген 750 тынығушы Wi-Fi желісін тегін қолдана алады. Алдағы күндері волейбол, теннис алаңдары салынбақшы.

      - Жұмысты бастамас бұрын, екі жағажайдың да су асты тазаланып, бойлар салынып, топырақтар төгілді. Балаларға арналған батуттар, аттракциондар, карусельдер, биотуалеттер орнатылды. Қазіргі уақытта жағажайларда төрт-төрттен 8 құтқарушыларымыз бар. Жалпы, халықтың көңілінен шығу үшін, бар еңбегімізді салып, тырысудамыз, - дейді Роман МҰСАҒАЛИЕВ.

      Айтқандай, суға шомылу маусымында жағажайлар суға шомылушылар үшін таңертеңгі 10-нан кешкі 10-ға дейін жұмыс жасайтын болады.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,

      суреттер автордыкі

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____      ___     ______     ______    _____   
       |__  //    / _ \\  |      \\  /_   _//  /  ___|| 
         / //    | / \ || |  --  //   -| ||-  | // __   
        / //__   | \_/ || |  --  \\   _| ||_  | \\_\ || 
       /_____||   \___//  |______//  /_____//  \____//  
       `-----`    `---`   `------`   `-----`    `---`   
                                                        
      
       
      Наверх