Новости Атырау - Мунайлы Астана

    21 октябрь 2017, 16:34
      Аймақ 24.06.2015, 18:05 0 пікір 1207 просмотров

      Бiр де бiр қонырау жауапсыз қалмайды

      Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі 1-2-топтағы мүгедек азаматтардың құжаттарын рәсімдеу ыңғайлылығын арттыру мақсатында Мобильдік ХҚКО қызметі барынша жүзеге асуда.


      «1414» телефон нөмірі арқылы Бірыңғай байланыс орталығына қонырау шалып, өзінің  деректерін айтып, қызмет алу үшін қажет құжаттар тізімі жөнінде ақпарат алып, тапсырыс берген соң ХҚКО қызметкерлері үйге шығу санаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу тегін.  Содан кейін сұраныс берушіге ыңғайлы уақыт белгіленіп, ХҚКО қызметкері қызмет көрсету үшін жолға шығады. Азаматтың қалауы бойынша, ХҚКО қызметкері электрондық сандық  қолтаңба беріп, «Электрондық үкімет» порталы арқылы өздігінен мемлекеттік қызметтерді алуға үйретеді. Тәртіп бойынша, сұранысты тіркеген кезде және мемлекеттік қызметті алған кезде қызмет алушы азаматтың тікелей өзі болуы тиіс екенін ескерте қойған жөн. Көрсетілетін қызметтер арасында төлқұжаттарды, жеке куәліктерді, мекенжай анықтамаларын және т.б. беру және рәсімдеу қызметтері бар. ХҚКО мобильдiк топ қызметкерлерi 72 жұмыс сағаты iшiнде өтiнiш берушiнiң үйiне  құжаттарды қабылдау және  беру үшiн шығады, қажет болғанда ХҚКО көрсететiн мемлекеттiк қызметтер бойынша кеңес  ұсынады. 1, 2 санаттағы мүгедектiгi  бар азаматтар үшiн үйге шығумен мемлекеттiк  қызметтi алуға өтiнiмдi кез-келген уақытта беруге болады. Call-орталық тәулiк бойы 24 сағат демалыссыз, үзіліссіз және мереке күндерінде жұмыс iстейдi.


      А. Можарбаева Атырау облыстық ХҚКО-ның  қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
      __    __    ______               ___     __   __  
      \ \\ / //  /_   _//     ___     / _ \\   \ \\/ // 
       \ \/ //    -| ||-     /   ||  / //\ \\   \   //  
        \  //     _| ||_    | [] || |  ___  ||  / . \\  
         \//     /_____//    \__ || |_||  |_|| /_//\_\\ 
          `      `-----`      -|_|| `-`   `-`  `-`  --` 
                               `-`                      
      
       
      Наверх