Новости Атырау - Мунайлы Астана

    23 ноябрь 2017, 11:30
      Қоғам 29.10.2015, 16:29 0 пікір 893 просмотров

      Кәсіпкерлердің құқығы қалай бұзылуда?

      Елбасымыз өзінің бес институционалдық реформасын жүзеге асыру үшін жариялаған 100 нақты қадамында елімізде заңның үстемдігін қамтамасыз ету бағытында құқық қорғау органдарына маңызды міндеттер жүктеген болатын. Бүгінбде облыс көлемінде осы мақсатта бірқатар шаралар жүргізіліп жатыр.


      Әсіресе, облыс көлемінде балалар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау, келтірілген шығынды мемлекет пайдасына өндіру, жемқорлықты жоюдағы жүйелі жұмыс және Жайық-Каспий  бассейінен заңсыз балық аулауды болдырмау, сондай-ақ, мекемелердегі жалақыдан берешекті болдырмау шараларын облыс прокурорлары әрдайым назардан тыс қалдырмауда. Осы мақсатта олар жыл басынан бергі 9 ай ішінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына бірқатар тексерулер жүргізген болатын. Жақында тексеру нәтижесінде анықталған заң бұзу деректері жөнінде арнайы брифинг ұйымдастырылып, мәліметтер таратылды.  Нақты айтқанда облыс прокурорлары жыл басынан бері әлеуметтік экономикалық саласына 262 тексеру жүргізіп, 6 мыңға жуық заң бұзушылықтарды анықтаған. Прокурорлық қадағалау актілері негізінде 886 тұлға тәртіптік, 761 тұлға әкімшілік жауапкершікке тартылыпты. Конституциялық құқы тапталған 16 мың адам облыс прокурорларынан көмек сұраса, оның 15 мыңы балалар мен 929-ы аймақтағы мекемелер мен ұйымдардың жұмысшылары болып отыр. Ал, мемлекет пайдасына 8 милиард теңгеден астам қаржы өндірілген. Брифингте жалақыға борышкерлер жөнінде Атырау облыстық прокуратурасы  басқарма бастығының міндетін атқарушы  Темірбек ДАРЖАНОВ:

       

      - Қолданылған шаралардың  негізінде 388 жұмысшының шамамен 94 млн. теңге жалақысы төленді.  Жалпы   жыл басталғалы  облыс прокурорларының араласуымен 3 айдан артық жалақы кешіктіру дерегі тіркелген жоқ. Әлемдік дағдарыс басталғалы  прокурорлар мекеме ұйымдарындағы еңбек ұжымдарымен кездесіп, заңсыз жұмыс орындарының  қысқартылмауын,  жаппай жұмыстан шығару мен жалақының кешіктірілмеуін қадағалады.   Биылғы жылы бас прокуратураның тапсырмасы негізінде шетелдік компаниялардың үлесі бар мекемелерді тексере отырып, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтадық. Нәтижесінде    еңбек заңдылығының, көші-қон заңнамаларының бұзылғандығы анықталды. Прокурорлық ықпал ету актілері тіркеліп, қазір қаралу үстінде, - деді. 

       

      Аталған кезеңде прокурорлардың әсіресе, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында  да жүйелі жұмыстар жүргізгені мәлім болды. Айта кету керек, бизнес құрылымдары мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында облыстық прокуратура жанынан жедел топ құрылған. Бұл жөнінде  Атырау облыстық прокуратурасының  басқарма бастығы  Сабырбек НҰРЫШЕВ, «талдау нәтижесі кәсіпкерлердің өркендеуіне әсіресе жер қатынастары бағытындағы мәселелердің көп екенін көрсетті, - дейді. Атырау қалалық әкімдігінде жүргізілген тексеру нәтижесінде 270 кәсіпкердің құқы қорғалған. Яғни, жергілікті атқарушы билік кәсіпкерлерге жер телімін беруде немесе  пайдалану мақсатын алмастыруда құжатты қарау уақытын кешіктірген. Тексеру нәтижесінде қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке, осы  салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары тәртіптік жазаға тартылған. Басқарма басшыларының айтуларынша, облыста кәсіпкерлік нысандарды ашуда әкімшілік кедергілерді тек мемлекеттік органдар ғана емес, сонымен қатар, монополист компаниялар да тудырып отырған көрінеді. Өйткені,  электр және газбен жабдықтаушы мекемелер өкілдерінің кәсіпкерлерден қажет емес құжаттарды сұратқан жағдайлардың кездескенін прокурорлар жасырған жоқ. С.Нұрышев:

      - "АтырауЖарық" АҚ-мы және "ЖылойГаз" ЖШС-гі техникалық қызмет көрсету кезінде кәсіпкерлерден заңдылықта көрсетілмеген қажет емес құжаттарды сұратқан.  Яғни  қажетті 2-3 құжаттың орнына қызмет көрсететін мекемелер   жеке сәйкестендіру номерінің, мемлекеттік актінің, жергілікті әкімнің рұқсат құжаттарының көшірмесін шамамен 10-15 керексіз құжат сұратқан. Прокурорлық ықпал ету актісі негізінде аталған керексіз құжаттар тізімнен алынып тасталды, - деп атап көрсетті.

      Прокурорлар осы кезеңде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің тұрғын үй мен мүлкі, балаларға тиесілі алиментті өндіру мәселесінде орын алған заң бұзушылықтарды анықтап, жеткіншіктердің құқы тапталуына жол бермеген. Мысалы, Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінде өткізілген тексеріс нәтижесінде 130 ата-анаға және мүмкіндігі шектеулі балалардың заңды  өкілдеріне 400 мың теңге көлемінде жәрдемақының төленбегені анықталған. Нәтижесінде қала прокурорының ұсынысы негізінде аталған сомма толықтай өтелген. Атырау облыстық прокуратурасында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған стратегиясына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында жүйелі  жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, тәртіптік кеңеспен 20 лауазымды адамға қатысты прокуратураның 12 ұсынысы қаралды. Сотқа дейінгі тергеумен 5 қылмыстық іс тергеуде жатса, 2 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ал, мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны және жер қойнауы пайдаланушылар тұрғысынан салық міндеттерін орындамағаны үшін мемлекет бюджетіне 7 млрд. теңгеден астам залал өндірілген. Сонымен қатар, Жайық-Каспий өңіріндегі браконьерлікке қарсы күрес бағытында құқық қорғау және уәкілетті органдарында 1090 заң бұзушылықтар анықталған. Нәтижесінде 973 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, балықтың заңсыз айналымы және балық өнеркәсібіндегі заңсыз аулау саласында 317 қылмыстың тіркелгені белгілі болды.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___      ______     ___      _____   
      | |  | ||   / _ \\   /_   _//   / _ \\   |__  //  
      | |/\| ||  | / \ ||  `-| |,-   / //\ \\    / //   
      |  /\  ||  | \_/ ||    | ||   |  ___  ||  / //__  
      |_// \_||   \___//     |_||   |_||  |_|| /_____|| 
      `-`   `-`   `---`      `-`'   `-`   `-`  `-----`  
                                                        
      
       
      Наверх