Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 15:31
      Экономика 05.11.2015, 12:54 0 пікір 1745 просмотров

      Халықтан 145,2 млн. АҚШ доллары сатып алынған

      ҚР Ұлттық банкінің Атырау филиалы облыстағы ақша - несие нарығының осы жылдың тоғыз айындағы қорытындысын жариялады.


      Ол бойынша облыстың несие нарығында банк филиалдарының несиелері бойынша берешектер 328,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың 1 қазанымен салыстырғанда 6,5 пайызға өскені байқалған. Ал, облыстың жеке тұлғаларының берешектері өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 1,5 пайызға өсіп, 170,5 млрд. теңгені құраса, заңды тұлғалардікі 12,7 пайызға өсіп, 157,7 млрд. теңгеге жеткен.  Мамандар пікірінше, өңірдегі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелер бойынша берешектері де өскен. Яғни, өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 40,6 млрд. теңгеге дейін өсіп отыр. Оған қоса облыстағы шаруа (фермерлік) қожалықтарының несиелік берешектері 239,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен  салыстырғанда 7,2 пайызға көбейген. Заемдар бойынша да берешектер көлемі өскені белгілі болды. Атап айтқанда, заемдар бойынша мерзімі өткен берешектер көлемі өткен жылмен салыстырғанда 11,3 пайызға өсіп, 17,2 млрд. теңгені құраған. Осы мерзімі өткен берешектер құрылымында жеке тұлғалардың несиелері 6,4 пайызға  азайса, керісінше заңды тұлғалардікі  52,6 пайызға, яғни 7,1 млрд. теңгеге дейін көбейген. Осылайша облыста несиеге берешек сомалары көбейсе, ал несие беру көрсеткіші төмендеп кеткен. Осы жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыстың  екінші деңгейлі банктер филиалдарымен 156,1 млрд. теңге сомасына несие берілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 32,6 пайызға немесе 75,7 млрд. теңгеге аз. Айта кету керек, осы ретте заңды тұлғаларға несие беру 83,5 млрд. теңгеге дейін, яғни 45,8 пайызға, ал жеке тұлғаларға 6,5 пайызға, яғни 72,6 млрд. теңгеге дейін төмендеген. Нақты айтқанда, ұлттық валютамен берілген несиелер көлемі 33,1 пайызға, шетел валютасымен берілген несиелер 30,8 пайызға азайған. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында облыстағы шағын кәсіпкерлік субьектілеріне берілген несиелер көлемінің азайғаны байқалуда. Дәлірегі, шағын кәсіпкерлікке 19,0 млрд. теңге сомасында несиелер берілген. Бұл өткенжылғы көрсеткіштен 4,7 пайызға төмен болып тұр. Ал, жекелеген азаматтарға тұтыну мақсаттарға 61,0 млрд. теңге берілген. Бұл даөткен жылғы тиісті кезеңнің көрсеткішінен 8,5 пайызға аз. Осы ретте несиелендірудің жалпы көлемінде тұтыну несиелерінің үлес салмағы 39,1 пайызды құраған. Осы кезеңде заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген несиелер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 16,1 пайыз, жеке тұлғалардікі  14,9 пайыз болған. Облыстың қаржы нарығындағы депозиттік салымдар бойыноша өзгерістер орын алуда. Яғни,  осы жылдың жылдың 1 қазанына екінші деңгейдегі банктер филиалдарындағы салымдар бойынша қалдықтар өткен жылмен салыстырғанда 16,5 пайызға көтеріліп, 241,7 млрд. теңгеге жеткен.  Бұл ретте ұлттық валютадағы салымдардың үлесі 20,8 пайызды немесе 50,3 млрд. теңгені, шетел валютасындағы салымдардың үлесі  79,2 пайызды  немесе 191,4 млрд. теңгені құрағанын айта кеткен жөн. Ал, салымдардың жалпы сомасында жеке тұлғалардың үлесі 51,2 пайыз (123,7 млрд. теңге), заңды тұлғалардікі  48,8 пайыз (118,0 млрд.теңге) көрсеткішті көрсеткен. Жалпы, жеке тұлғалардың депозиттеріндегі қаражат қалдығы 38,3 пайызға өссе,  заңды тұлғалардікі  өзгермеген. Облыстағы екінші деңгейдегі банктер филиалдарымен барлығы 1300,4 млрд. теңге салымдар тартылғанымен, бұл өткен жылға қарағанда 13,0 пайызға төмен. Облыстың валюта нарығына тоқталсақ. Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын облыстың 123 айырбастау пункті жүзеге асырған. Олардың 95-і уәкілетті банктердікі, 3-і уәкілетті пошта байланыс ұйымынікі және 25-і уәкілетті ұйымдардікі. Осы айырбастау пункттерімен халықтан 145,2 млн. АҚШ доллары сатып алынған.  Бұл өткен жылғы қаңтар-қыркүйек көрсеткішінен 19,3 пайызға жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар, 4,5 млн. еуро (25,0 пайызға өскен), ал, 1 739,8 млн. ресей рублі (өсім 2,5 есе) сатып алынған. Ал, аталған айырбастау пункттерімен халыққа 577,0 млн. АҚШ доллары сатылып, көрсеткіш 20,9 пайызға көбейген. Бұдан басқа, халыққа 12,7 млн. еуро (6,6 пайызға аз), 7603,4 млн. ресей рублі (өсім 2,8 есе) сатылған. Ағымдағы шоттардағы қаржы түсімдердің көлемі мен қалдығы. бойынша банк клиенттерінің ағымдағы шоттарына түскен қаражаттар көлемі 4191,6 млрд. теңгені құрап,  өткен жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 9,5 пайызға төмендеген. Осы жылдың 9 айында жеке тұлғалардың шоттарына 428,3 млрд. теңге сомасында қаражат түсіп, бұл көрсеткіштің өткен жылдың тиісті кезең деңгейінен 6,1 пайызға артқанын байқатты. Ресми мәліметке сүйенсек, облыста төлем карточкаларын пайдалануда ілгерілеушілік байқалады.  Өйткені, айналымдағы төлем карточкаларының саны облыс бойынша 605,7 мың бірлікті құрап, 2,7 пайызға артқан. Ал, төлем карточкасын ұстаушылардың саны  540,5 мың адамға жетіп, 1,4 пайызға артқан. Қолма – қол ақшасыз төлемдер облыстағы 516 банкомат, 2 655 POS-терминал, 61 банк киоскісі арқылы жүзеге асқан.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___     _____      _____   __    __  
       /_   _//   / _ \\  |  __ \\   |  ___|| \ \\ / // 
       `-| |,-   / //\ \\ | |  \ ||  | ||__    \ \/ //  
         | ||   |  ___  ||| |__/ ||  | ||__     \  //   
         |_||   |_||  |_|||_____//   |_____||    \//    
         `-`'   `-`   `-`  -----`    `-----`      `     
                                                        
      
       
      Наверх