Новости Атырау - Мунайлы Астана

    17 октябрь 2017, 21:09
      Денсаулық 24.02.2016, 15:44 0 пікір 652 просмотров

      Көзі нашар көрсе де, көңілі ояу...

      Қай ата-ана баласына ауру тілейді? Бірақ, тағдырдың жазуымен түрлі науқасқа шалдығып, мүмкіндігі шектеліп қалған балалардың жай-күйі кім-кімді де алаңдатпай қоймайтыны рас.


      Статистикалық деректерге сүйенсек, бүгінде облысымызда 228 көзі нашар көретін балалардың 166-сы арнаулы мектептерде оқиды екен. Яғни, барлық баланың 57,6 пайызы ғана білім алады деген сөз. Осы сала мамандарының пікірінше, әдетте олардың оқуға ынтасы мен өмірге деген құштарлығы зор болып келеді. Бүгінгі күнге дейін Атырау қаласында көзі нашар көретін балаларға арналған сыныптар жоқ болғандықтан, ата-аналар көрші облыстарға апаратын еді. Енді бұл мәселе оңтайлы шешілді. Жақында  Елбасының Жолдауы бойынша облыс әкімдігінің қолдауымен есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернаты жанынан көзі нашар көретін балалар үшін тұңғыш коррекциялық сыныптар ашылды. Білім беру басқармасының басшылығымен нашар көретін балаларға арналған үш бастауыш сыныбы, яғни 1 орыс сыныбы және 2 қазақ сыныбы ашылып, олар барлық керекті оқу құралдарымен және құрал-жабдықтармен толықтай қамтылды. Алдағы уақытта  мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуымен және тәрбиесімен Алматы қаласынан арнайы келген тифлопедагог маман айналысатын болады. Арнайы сыныптардың ашылу салтанатына арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан:

       

      - Мүмкіндігі шектеулі балалардың ертеңгі күні үлкен азамат болуына осы мектептің септігі тию керек, - деп атап айтты. Қазіргі уақытта аталған мектеп-интернатта 14 оқушы қазақ, орыс сыныптарына қабылданып, білім алуда. Ал, облыстағы алыс аудандардан келетін балалар үшін жатақхана салынған. Балалары үшін осындай жағдай жасаған облыс басшылығы мен ұстаздарға ата-аналардың алғысы ұшан-теңіз.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _     ______    _  __     ___              
      | || | ||  /_   _//  | |/ //   / _ \\    ____    
      | || | ||   -| ||-   | ' //   | / \ ||  |    \\  
      | \\_/ ||   _| ||_   | . \\   | \_/ ||  | [] ||  
       \____//   /_____//  |_|\_\\   \___//   |  __//  
        `---`    `-----`   `-` --`   `---`    |_|`-`   
                                              `-`      
      
       
      Наверх