Новости Атырау - Мунайлы Астана

    25 ноябрь 2017, 7:58
      Қоғам 01.04.2016, 10:29 0 пікір 1426 просмотров

      Зейнетақы жүйесін қандай өзгеріс күтіп тұр?

      Елімізде 2018 жылғы 1 қаңтардан бас­тап қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі, яғни шартты-жинақ­таушы бөлшек немесе жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі. Бұл туралы республикалық басылымдар жазуда.


      Бұл үшін Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорында әрбір қызметкерге шартты зейнетақы шоты ашылады, оның атына жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкердің ай сайын­­ғы кірісінің 5 пайызы мөл­шерін­де жұмыс беруші міндетті зейнетақы жарналарын аударатын болады. Бұл жаңа жарналардың басты артықшылығы жұмыс беруші сол үшін аталған жарналарды жүзеге асырған зейнеткер, тіпті оның шартты зейнетақы шотындағы қаражаты біткен жағдайда да, зейнетақысын осы бөлшектен өмір бойы алатын болады. Яғни, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде 60 күнтізбелік айда аударған кезде. Жалпы, бүгінгі таңда Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру бір уақытта ортақ және жинақ­тау­шы жүйелердің тетіктерін қатар қамтитын үш деңгейден тұратын зейнетақы үлгісі жұмыс істеуде. Бірінші деңгей – бұл зейнет­ақы төлемдері халықтың жұмыс істейтін бөлігінің салық аударымдары мен өзге де түсімдер есебінен мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылатын ортақ зейнетақы жүйесі. Бұл зейнетақы базалық және еңбек деп аталатын екі бөліктен құралған. Базалық зейнетақы барлық зейнеткерлерге және зейнетке шыққан сәтте еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты айды құрайтын тұлғаларға төленеді. Екінші деңгей – бұл Қазақ­стан азаматтары, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін ай сайынғы табыстан 10 пайыз міндетті зейнетақы жар­налары және зиянды әрі қауіпті өндірістерде жұмыс іс­тей­тін қызметкерлердің пай­да­сына жұмыс берушінің қара­жаты есебінен аударылатын қызметкерлердің ай сайынғы табысынан 5 пайыз міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бар міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі. Өндірістер, жұмыстар мен кәсіптер тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 2018 жылдан бастап жұмыс берушінің барлық қызметкерлер үшін олардың шартты зейнетақы шоттарына қызметкердің ай сайынғы табысынан олардың еңбек жағдайларына қарамастан 5 пайыз мөлшерінде төлейтін міндетті зейнетақы жарналары қосылады. Үшінші деңгей – ерікті зейнет­ақы жарналарына  негізделген жинақтау жүйесі. Ерікті зейнетақы жарналарының көлемі, оларды төлеу тәртібі мен кейінгі төлемдер тараптардың аталған жарна есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттағы келісімдер бойынша анықталады.  2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақының қалай есептелетіні жайында тоқтала кетсек.
      Елімізде 2015 жылғы екінші тамызда Мем­­лекет басшысы «Қазақ­стан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне зейнет­­ақымен қамсыздандыру мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Аталған заңға сәйкес, сонымен бірге, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 28 қазандағы № 369-V заңына сәйкес түзетулер ескеріле отырып, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай зейнет жасына жеткен кезде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібін өзгерту көзделеді. Мәселен, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 және одан аз жылды құраған кезде немесе ол болмаған кезде базалық зейнетақының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 50 пайызына тең болады. Мұнда он жылдық еңбек өтілінен асатын әрбір толық жыл үшін базалық зейнетақы 2 пайызға ұлғаяды, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең тө­менгі күнкөріс деңгейі шама­сының 100 пайызынан аспайды.
      Ал, жаңа зейнетақы заңна­масын қабылдауға байланыс­ты зейнетақы мынадай бөлшектерден құрыла­тын болады. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде 6 ай еңбек өтілі бар адамдар жинақтаушы және шартты - жинақтаушы жүйелердің төлемдерімен қатар бюд­жеттен базалық, ортақ зейнет­ақы алатын болады. Осылайша, зейнетақы мыналар есебінен қалыптаспақ. Біріншіден, бюджеттік қаражат - 1998 жылғы 1 қаңтарға де­йін кемінде алты күнтізбелік ай ең­бек өтілі болған кезде еңбек зейнетақысы, мөлшері еңбек өтіліне және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға байланысты болатын базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы, қызметкердің ай сайынғы кірісінен 10 пайыз міндетті зейнетақы жарналары (бұл – біздің 1998 жылдан бастап өз жалақымыздың 10 пайызын ай сайын аудара отырып, жинайтын сома), қызметкердің ай сайынғы кірісінен 5 пайыз міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұл – 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс беруші зиянды (аса зиянды) еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына өз қаражаты есебінен аударатын сома), 2018 жылы енгізілетін, жұмыс берушінің барлық қыз­мет­керлер үшін қызмет­керлер­дің шартты зейнетақы шоттар­ына еңбек жағдайларына қара­мастан төлейтін жаңа 5 пайыздық мін­детті кәсіптік зейнетақы жарналары. Осы шоттардан тө­лем­дер жиынтығында кемінде 60 күн­тізбелік ай жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударыл­ған жағдайда ғана 2023 жылға дейін жүзеге асырылатын болады.
      Сала мамандары зейнетақы жинақтарының  мұраға қалай қалдыру жолдарын былайша түсіндіреді. Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақ­тары бар адам қайтыс болған жағдайда міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақ­тары Қазақстан Республи­касы­ның заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға алынады. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары мұраға берілмейді, өйткені, бұл жарналарды жұмыс беруші аударатын болғандықтан қызметкердің жеке меншігі болып табылмайды. Бірақ, зейнеткер тіпті оның шартты зейнетақы шотындағы қаражаты біткен жағдайда да, зейнетақысын осы бөлшектен өмір бойы алатын болады. Осылайша зейнетақы жүйесі тағы бір реформаны  жүзеге асырмақшы. Ал, оның қаншалықты тиімді болғанын уақыт көрсететін болады.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____     ______   _    _    __   __   ______   
       / ____||  /_   _// | || | ||  \ \\/ // |      \\ 
      / //---`'   -| ||-  | || | ||   \ ` //  |  --  // 
      \ \\___     _| ||_  | \\_/ ||    | ||   |  --  \\ 
       \_____||  /_____//  \____//     |_||   |______// 
        `----`   `-----`    `---`      `-`'   `------`  
                                                        
      
       
      Наверх