Новости Атырау - Мунайлы Астана

    20 ноябрь 2017, 18:00
      Аймақ 04.05.2016, 15:55 0 пікір 1152 просмотров

      451 мұғалім жетіспейді!

      Атырау облысының ұстаздары бас қосқан кеңес отырысында елімізде білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қаралды. Жиынға білім және ғылым минстрлігінің мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл ЖОНТАЕВА мен Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ қатысты.


      Алқа отырысында аймақтағы білім беру саласындағы өзекті мәселелер сөз болып, оның шешу жолдары ұсынылды. Оқушылардың ҰБТ-ға дайындықтары пысықталып, мектептердің материалдық-техникалық базасы туралы да айтылды.

      -       Проблемаларды ашық айтайық. Ауруын жасырған өледі. Осында бар мәселелердің жай- күйін өз ауыздарыңыздан есту үшін арнайы келдім. Бізден қандай да бір көмек керек болса – оны да айтыңыздар. Сіздерге толық қолдау көрсетеміз,- деді жиында сөз алған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев барлық мектеп директорлары мен ұстаздарға.

      Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВАНЫҢ айтуынша, облыста 192 орта білім беру мекемесі бар. Алайда, қазіргі таңдағы қинап отырған өзекті мәселе – мектепте кадрлардың жетіспеушілігі, яғни облыс бойынша мектептерде 451 ұстаз жетіспейді.

      Басқосуда сондай- ақ, жөндеуді қажет етіп отырған апатты мектептер жайы мен мектепке жиі келетін тексерістер де сөз болды. Мектеп директорлары бітпейтін бақылаулардың өздеріне жұмыс жасауға кедергі келтіретінін айтып шағымданды.

      Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл ЖОНТАЕВА Қазақстанның барлық өңірлерінен мұндай шағымдардың көп екенін айта келіп, айтылған мәселелерді министрге, сәйкесінше министрліктерге жеткізетініне уәде берді.

      Кеңесте сол секілді ұрпақтар сабақтастығын сөз қылған аймақ басшысы мектеп директорларына қатаң талап қойды:

      -       Орынбасарларыңызға тиісті деңгейде көңіл бөліп, оның кәсіби тұрғыда өсуіне жағдай жасаңыздар. Орынбасарларыңыз білікті болса, жұмысыңыз азаяды. Жұмыс істей алмай жатсаңыз, орындарыңызды босатыңыздар. Одан қорқудың қажеті жоқ. Ашық бәсекелестік болса, даму да болады. Сіздер осы уақытқа дейін көптеген білікті де білімді мамандарды тәрбиелеп шығардыңыздар. Лайым солай болғай!

      Тағы да қайталап айтамын, білім беруге қатысты, я болмаса білім ошағына қатысты қандайда бір мәселе шықса, оны да қорықпай айтыңыздар,- деді Нұрлан Ноғаев.

      Жиын соңында облыс әкімі айтылған мәселелер мен ұсыныстарды бақылауға алуды орынбасары Шыңғыс Мұқанға тапсырды. Сондай- ақ, әкім мектеп директорларын қай уақытта да қабылдауға дайын екендігін жеткізді.


       Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

      фотоны Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____      _____    _____     _    _     ______  
      |  __ \\   |  ___|| |  __ \\  | || | ||  /_____// 
      | |  \ ||  | ||__   | |  \ || | || | ||  `____ `  
      | |__/ ||  | ||__   | |__/ || | \\_/ ||  /___//   
      |_____//   |_____|| |_____//   \____//   `__ `    
       -----`    `-----`   -----`     `---`    /_//     
                                               `-`      
      
       
      Наверх