Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 ноябрь 2017, 11:53
      Аймақ 27.05.2016, 11:04 0 пікір 1403 просмотров

      «Заңғар» жобасы – атыраулық жастарды табысқа жетелейді

      Аталған жоба аясында 450- ден астам атыраулық жастар өмірлік дағдыларды меңгеру бойынша оқу бағдарламасынан өтті. Жобаға қатысушы жоғары сынып оқушылары мен студенттері сондай- ақ, күйзеліс пен дау- жанжалдан қалай шығу керектігін үйреніп, өздерінің өмірлік мансаптарын жоспарлауға дағдыланды. Жобаға қатысқан барлық жастарды сертификаттармен марапаттау рәсіміне жергілікті атқарушы органдар, білім беру бөлімдері, «Шеврон» компаниясы және Атырау қаласының жастары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.


      Қысқаша тоқталып өтсек, «Заңғар» жобасы – «Шеврон» компаниясының Атырау жастарына арналған инновациялық және интерактивтік оқу бағдарламасы болып табылады. Бұл пилоттық жоба – негізінен біріктірілген жобалық тәсілмен проблемаларды шешу үшін өмірлік дағдыларды дамыту және ғылым, технология, инженерлік жобалау және математика STEM  (STEM - Science, Technology, Engineering, and Math) салаларында дағдылану арқылы Атырау жастарын табысқа жетелеуге бағытталған.

      «Шеврон» компаниясының өкілі Анар НҰРБАЕВАНЫҢ айтуынша, аталған ірі компания мен Атырау облысының  әкімдігі, Халықаралық Жастар Қоры (IYF) және төрт  сала  бойынша  жетілдірілген  білім  беретін  TIES институты, сондай- ақ, «Инфо- Центр» қоғамдық ұйымы және басқа да жергілікті ұйымдармен бірлескен түрде жүзеге асырылатын бұл бастама - жастарды  интерактивтік тәсілмен тәжірибе жүзінде  оқыту және жеке немесе кәсіптік дағдыларды дамытудың бірегей жолы.

      -       «Табысқа жеткізетін төлқұжат» (ТЖТ) тұжырымдамасы өмірлік дағдыларды дамытуға арналған Халықаралық Жастар Қоры (IYF) әзірлеген кешенді оқыту бағдарламасы. Жалпы, 2013 жылы жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, Атырауда жастар жұмысқа тұру және жаңа жұмыс орнын сақтап қалу үшін қажетті дайындықтан өтпейді. Жас мамандар еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға және өмірлік табысқа жетуге қажетті тиісті өмір дағдыларын иеленбеген. Жұмыс істеуге дайындығы төмен және көп жағдайда өздеріне деген сенімділігі жоқ.

      ТЖТ тұжырымдамасы осы кезде жастардың бойына табысқа жету үшін көмектесетін дағдыларды қалыптастырып, оларды оқу бітіргеннен кейін де жұмыс берушінің талаптарына сай қылып дайындайды.

      Аталған бағдарламаға қатыса отырып жастар өздерінің сенімділігін арттыру, мансаптарын жоспарлау, жанжалдарды шешу сияқты «жұмсақ» дағдыларды дамыту мүмкіндігін алды,- дейді Анар Нұрбаева.

           Нұрбаева ханымның сөзінше, өткен жылдың қарашасы мен ағымдағы жылдың мамыр айлары аралығында «Заңғар» жобасының негізгі бағыттарының бірі  - «Табысқа жеткізетін төлқұжат» бағдарламасы аясында қаладағы 23 білім беру мекемелерінен 450-ден астам жастар үшін пилоттық режимде оқыту жүзеге асырылып, сертификаттар берілді. Нақтырақ айтқанда, мұндай оқытудың 1-ші бөлімінің қорытындысы бойынша, 12 оқу орнының 239 қатысушыларына сертификаттар берілсе, бағдарламаның екінші бөлімінде қаладағы 11 білім беру мекемесінен қатысқан 220 оқушыға сертификаттар тапсырылды.

          «Шеврон» компаниясының өкілі Анар Нұрбаева аталған жоба аясындағы оқытулар алдағы күндерде де жалғасын табатынын айтады.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __     ___                 ___      _  _   
       \ \\/ //   / _ \\      ___     / _ \\   | \| || 
        \   //   | / \ ||    /   ||  / //\ \\  |  ' || 
        / . \\   | \_/ ||   | [] || |  ___  || | .  || 
       /_//\_\\   \___//     \__ || |_||  |_|| |_|\_|| 
       `-`  --`   `---`       -|_|| `-`   `-`  `-` -`  
                               `-`                     
      
       
      Наверх