Новости Атырау - Мунайлы Астана

    23 октябрь 2017, 10:24
      Қоғам 22.06.2016, 18:49 0 пікір 1750 просмотров

      Вокзал аумағында ұсақ бұзақылық кеміді

      Атырау темір жол вокзалы аумағынан жолаушылардың белгіленбеген  жерден өту деректері вокзалдың «Контейнерный» мөлтек ауданы бағытында көп анықталуда.


           Атырау станциясы ішкі істер желілік бөлімінің ӘПб аға инспекторы, полиция майоры Айгүл ҚҰМАРОВАНЫҢ айтуынша, жергілікті халық өздеріне арнайы салынған темір жол өткелімен жүрмей, әрі- бері жүйіткіген жүк тасымалдаушы және жолаушылар пойыздарының немесе осы маңдағы арнайы дөңестерден тұйық жолдарға жөнелтілетін тепловозсыз жеке вагондардың жолымен өтуін тоқтатар емес. Тіпті, жаяу жүргіншілер оның өз өміріне қауіпті екенін біле тұра, сан алуан рельс желілерін аттап өту кезінде абайсызда орны толмас қателікке ұшырауда. Өткен жылдармен салыстырғанда темір жол арқылы белгіленбеген жерлерден өту деректері- 14,7 пайызға төмендегенімен, аталмыш аймақта жазатайым оқиғаға ұшырағандар саны азаймай отырған көрінеді.

            Бір ғана мысал, ағымдағы жылдың қаңтар айында түнгі уақытта Мақат темір жол станциясында шойынжол арқылы белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан К есімді азамат келе жатқан жүк пойызының астына түсіп, дене жарақатымен ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

             Жаяу жүргіншілер туындатып отырған осындай келеңсіз жайлардың алдын алу бағытында Көліктегі ІІД- нің нұсқауымен 20 мамыр- 20 маусым аралығында бір ай бойы Атырау станциясындағы ІІЖ бөлімінің қызмет ету аймағында «Теміржол - темірдей тәртіп» акциясы өтті. Акция шеңберінде Атырау станциясындағы ІІЖб- нің қызметкерлері Айгүл Құмарова, Тойғожа Азбергенов, Абдолла Қосымбаев, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу комитетінің аймақтық көліктік басқармасының Атырау аймағы бойынша аға прокуроры Мәди Жұмабаев, «ҚТЖ»ҰК» АҚ Атырау жол бөлімшесінің өкілі Бекжан Жиенбетов және өңірдегі Жастар саясатының өкілі Айжан Аралбековалар теміржолға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарына, жолаушылар мен балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қауіпсіздігі туралы жадынамалар таратқан болатын.

      -          Іс шараның мақсаты- азаматтарды құқықтық ақпараттандыру, оның ішінде көлік нысандарында құқық бұзушылық жасағандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бар екенін, сондай- ақ, әуе және темір жол көліктерінде жүріп тұру қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіруге, көлік жарақатының алдын алуға бағытталған іс шараларды ұйымдастыру болып табылады.

      Тағы бір айтқымыз келетіні, жалпы темір жол және әуе көлігі нысандары - ең жоғарғы қауіпті аймақ екенін ұмытпаған жөн. Сол себепті халықтан өздерінің қауіпсіздігі үшін бұл нысандардағы рұқсат етілмеген жерлерге бармауды және жүрмеуді қатты сұраймыз,- дейді Атырау станциясы ішкі істер желілік бөлімінің ӘПб аға инспекторы, полиция майоры Айгүл Құмарова.

      Айта кетейік, темір жол полицейлерінің сөзінше, Атырау темір жол вокзалында орнатылған бейне бақылау камералары және ондағы қызметкерлер, сондай- ақ вокзал қызметкерлері мен полицейлерінің қарқынды жұмысының арқасында қаланың қақпасы болып саналатын темір жол вокзалында қоғамдық тәртіп нығайып келеді. Соның нәтижесінде күні бүгін бұл аймақта ұсақ бұзақылық жасағандар саны- 28,2 пайызға кеміген.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ____       ___       _____    ______    ______  
       |  _ \\    / _ \\    / ___//  /_   _//  /_   _// 
       | |_| ||  / //\ \\   \___ \\   -| ||-   `-| |,-  
       | .  //  |  ___  ||  /    //   _| ||_     | ||   
       |_|\_\\  |_||  |_|| /____//   /_____//    |_||   
       `-` --`  `-`   `-` `-----`    `-----`     `-`'   
                                                        
      
       
      Наверх