Новости Атырау - Мунайлы Астана

      23 наурыз 2019, 9:22
        Саясат 29.06.2016, 17:49 0 пікір 1395 просмотров

        Бағыт – айқын, мақсат – анық

        Осыған дейін хабарлағанымыздай, Президент тапсырмасына сәйкес мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті баспасөз брифингіне Атырау қаласы әкімі Нұрлыбек  ОЖАЕВ қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алдында баяндама жасады. Қала дамуының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, халықты толғандырып жүрген сауалдарға жауап берді.


         

        -Бүгінгі таңда өнеркәсіп саласы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосты. Жыл басынан бері өндірілген өнім көлемі  63,2 млрд. теңгені құрап  (нақты көлем индексі – 115,7%), өткен жылмен салыстырғанда 15,7 пайызға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 255,8 млрд. теңге.

        Қала бюджетінің түсімі 2016 жылдың 5 айында 38,5 млрд. теңгені құрап, жоспардан 143,1 пайызға артық орындалды.

        Биылғы жылы 90,2 млрд. теңгені құраған қала бюджеті соңғы үш жылда 25 пайызға өсті. Орташа айлық еңбекақы 4 айда 266 035 теңгені құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 14  пайызға өсті.

         

        Кәсіпкерлікке кең өріс

        «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесімен несиенің пайыздық ставкасын субсидиялауға сомасы 8,7 млрд. теңгені құрайтын 28 жоба мақұлданып, 336 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

        Сонымен қатар, 58,4 млн. теңгені құрайтын 2 жобаға инфрақұрылым тарту және бір жобаны мемлекеттік грантқа ұсыну мақұлданды. Нақтырақ айтқанда, олардың бірі – «Арай» ШҚ-ның суару үшін сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту, жұмыс құны – 29,4 млн. теңге. Екіншісі – «Жұмағалиев» ЖК-нің жылыжайды сыртқы газ және электрмен жабдықтау желілерін жүргізу, жұмыс құны – 29,0 млн. теңге.

        Атырау қаласы бойынша үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 87,8 млрд. теңгені құрайтын 30 жоба индустрияландыру картасына енгізіліп, оның ішінде 2015 жылы жалпы құны 21 млрд. 250 млн. теңге құрайтын 6 жоба іске қосылып, тұрақты 635 жұмыс орны ашылды. Олар: «ПКФ Континент Ко ЛТД» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі оптикалық кабель шығаратын зауыт құрылысы, жоба құны – 715 млн. теңге; «Caspiy Lana Atyrau» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі жүн өнімі өндірісінің жобасы, жоба құны – 2 млрд. 315 млн. теңге;  «Атырау Агро Феликс» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі консербілік банкі және салат өндірісінің жобасы, жоба құны – 825 млн. теңге; «Асыл Агро» шаруа қожалығы ет өнімдерін өндірісінің жобасы, жоба құны – 227 млн. теңге; «Полимер Продакшн» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі полиметрлік өнім өндірісінің зауыты, жоба құны – 16 млрд. 800 млн. теңге; «Кемикал Солюшнс» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі химиялық реагенттер өндірісі, жоба құны – 377,5 млн. 800 млн. теңге.

        Қала бойынша 21 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілері белсенді жұмыс жасап, 55 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.  

        Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында 28 ынтымақтастық Меморандумына қол қойылып, тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

        Қала халқына әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен ұсыну мақсатында қазіргі заманға сай форматта жаңа технологиялармен жабдықталған «Сарайшық» коммуналдық базарында 305 сауда орындары халыққа қызмет көрсетуде, - дейді қала әкімі Нұрлыбек Ожаев.

        Қала басшысы Нұрлыбек Жұмахметұлы баяндағандай, қаланың агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша жалпы өнім 718 млн. теңгені құраған. Оның ішінде мал шаруашылығы – 590,3 млн. теңге, өсімдік шаруашылығы – 121,8 млн теңге.

        «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 4 шаруа қожалығы 9 млн. 700 мың теңге (егін шаруашылығына 1 кәсіпкер - 3 млн.тенге;  мал шаруашылығына 3 кәсіпкер  - 6 млн. 700 мың теңге), «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы «Құлан» бағдарламасымен - 2  шаруа  қожалығы  («Сұлтан», «Арыстанов» ШҚ – 88 бас жылқы)  27  млн. 400 мың теңге несие алған.

        2 240 гектар жерге егін егіліп, өткен жылмен салыстырғанда өсіп отыр.

         Жаңа технологиялы тамшылатып суару арқылы 450 гектар жерге көкөніс-бақша дақылдары егіліп, ол көрсеткіш 25 пайызға өскен.

        Қала бойынша жалпы аумағы 7 гектарды құрайтын 18 жылыжай жұмыс жасайды. Оның ішінде 3,1 га болатын 2 өндірістік жылыжай, жалпы аумағы 3 га құрайтын 16 шағын фермерлік  жылыжай.

         

        Инфрақұрылым – алдыңғы кезекте

        Шаһар басшысы өз кезегінде бүгінде  тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін сұраған кезекте тұрған  арызданушылар саны – 72 901 адам екендігін айтты. Оның ішінде қала бойынша – 51150, ауылдық округтері бойынша – 21751 арыздар  тіркелген.

        -Өздеріңіз білетіндей, тұрғын үй салуға бөлінетін жер телімдері инфрақұрылымы

        толықтай жүргізілгеннен кейін заңға сәйкес берілетін болады. Бұл бағытта қалалық әкімдік тарапынан жүргізілген жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беруде.

        Қазіргі таңда 2075 гектарды құрайтын 13 мыңдай жер учаскелеріне 21 құрылыс жобасы жасақталып, оларды инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстары, яғни газ, су, электр энергиясын тарту жүргізілді.

        Қазіргі уақытта 1998-2003 жылдар аралығында арызданған қала тұрғындарына инфрақұрылымдармен қамтылған жер учаскерлері бөлініп,  440 жер учаскесі берілді.

        Жалпы  Атырау қаласына қарасты елді мекендерде Бас жоспарға сәйкес жеке тұрғын үй құрылыстарын жүргізу үшін 5 алқап белгілен. Берілетін жер учаскелерінің саны – 2 691.

        Биыл республикалық бюджеттен бөлінген 1 млрд. 773 млн. теңгеге Еркінқала, Жаңаталап, Водниково-2, Көкарна, Талғайраң сияқты 5 елді мекенге 141 шақырымды құрайтын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерін, жергілікті бюджеттен бөлінген 125 млн. теңгеге Томарлы-2 ауылының су құбырын жүргізу, сондай-ақ Ұлттық қордан «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 2 млрд. 124 млн. теңгеге 151 шақырым аумаққа инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылым желілерін түгелдей жүргізу жұмыстары  жүргізілуде, - деді Нұрлыбек Жұмахметұлы. 

         

        Жолдың жайы

        Шаһар басшысы мәлім еткендей, қысқы маусымға дайындық жұмыстары 2016 жылдың 25 мамырынан бастап қаладағы тұрғын үйлерді гидравликалық сынақтан өткізуден басталып, бүгінге  97 көп қабатты тұрғын үй сынақтан өткізілген.  

        Қала тазалығы – ерекше назарда екендігін айтқан қала әкімі тазалық мәселесін шешу мақсатында «Арнаулы автобаза» мекемесінің жұмысын жетілдіру үшін қосымша 31 арнаулы техника мен 632 контейнерге тапсырыс берілгендігін тілге тиек етті.

        Қала басшысының айтуынша, бүгінгі күні  ұзындығы 25,4 шақырымды құрайтын ауыз су құбыры мен ұзындығы 168 шақырымды құрайтын кәріз желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және 36,5 шақырымды құрайтын ауыз су құбырының құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтауға қаражат көзі қарастырылып, мердігер мекеме анықталуда.

        Сондай-ақ, қаладағы автобус аялдамаларын ауыстыру жұмыстары қарастырылуда.

        Қазіргі уақытта қаланы көгалдандыру жұмыстары жалғасуда, қаланың 17 учаскесінде жалпы аумағы 11 мың шаршы метрді құрайтын гүлзарлар отырғызылды. Қазіргі уақытта «Қазақ Саңыраулар Қоғамы» мердігер мекемесімен күтіп-баптау жұмыстары  жүргізілуде.

        Аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында ауылдық округтерде  20 балалар ойын алаңдары орнатылды. Бұл жұмыстар биыл қаламызда өз жалғасын табатын болады.

        -Ағымдағы жылы Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты елді мекендерде жалпы

         ұзындығы 50 шақырымды құрайтын 65 көшеге, атап айтқанда Атырау қаласындағы – 32 көшеге, Еркінқала ауылындағы – 6 көшеге, Томарлы ауылындағы – 11 көшеге, «Жұлдыз-1,2» ықшам ауданындағы – 3 көшеге, «Балауса» ықшам ауданындағы – 10 көшеге, Бірлік ауылындағы – 3 көшеге тас жол төсеу жұмыстары қолға алынды.

        Бүгінгі күні «Жұлдыз-1,2» ықшам ауданындағы – 3 көшеге, «Балауса» ықшам ауданындағы – 10 көшеге автокөлік жолының төменгі қиыршықты тасты бөлігі төселіп, жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті бюджеттен бөлінген 4 млрд.теңге, оның 5 айда 348 млн. теңгесі игерілді.

        Сондай-ақ, «Жұлдыз-3» мөлтек ауданындағы 24 көшенің және Көкарна ауылындағы 12 көшенің жобалау-сметалық құжатын жасақтау үшін тапсырыс берілді. 

        «Нұрсая-3» ықшам ауданындағы 21 көшеге тас жол құрылысын жүргізу және қала аумағына қарасты 34 елді мекендегі 182 көшенің жобалау-сметалық құжатын жасақтау жоспарда тұр.

        Сонымен қатар, Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі жалпы ұзындығы 96,2 шақырымды құрайтын 145 көшеге ағымдағы жылы демеуші мекемелердің көмегімен жол құрылысын салу жоспарлануда. «Теңізшевройл» ЖШС - 4,7 млрд. теңгеге  47,7 шақырымды құрайтын 78 көшенің, «NCOC N.V.»  - 5,099 млрд. теңгеге 48,5 шақырымды құрайтын 67 көшенің құрылысын жүргізбек, - деді шаһар басшысы.

        Бұл жерде атап өтетін басты жетістік, биылғы жылдан бастап жаңа жол құрылыстарын салу кезінде жаяу жүргіншілер жолы мен жол белгілерін орнату толықтай ескеріліп, жүргізілетін болады.

        Бұдан басқа, қала көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлініп, «ҚазақАвтоЖол» мекемесімен жөндеуді қажет ететін жалпы аумағы 8300 шаршы метрдің, бүгінгі күні 1400 шаршы метрінде тиісті жұмыстар атқарылған. 

        Биылғы жылы 1000 дана жол белгілерін, 500 қума метр  жол кедергілерін орнату үшін мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде.

        Автокөлік жолдарына 50 мың шаршы метр бояу мен 10 мың шаршы метр  салқын пластикпен жол таңбаларын сызу жоспарланып, бүгінгі күнге 20 мың шаршы метр бояу мен 5 мың шаршы метр термопластикпен жол таңбалары сызылған.

         

        Баспанамен қамту – басты назарда

        Осылай деген қала әкімі халықты тұрғын үймен қамту мақсатында қабылданған «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейін» бағдарламасы шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттен жалпы ауданы 26 487 шаршы метрді құрайтын барлығы 480 пәтерлік 4 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатқандығына тоқталды. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Оның ішінде бүгінгі таңда аумағы 3 761  шаршы метр болатын 60 пәтерлік 1 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, іске қосылған.

        Қала әкімі Нұрлыбек Ожаев баяндағандай, мемлекеттік тұрғын үй қорынан үстіміздегі жылы 178 кезекте тұрған азаматтарға  пәтерлер жалға  берілді. 

        «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейін» бағдарламасының      «Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкі» жүйесіменХалықтың барлық санаттары бағыты» бойынша үстіміздегі жылы Нұрсая шағын ауданынан 11 үй, 555 пәтер сатып алу құқымен жалға берілді. Оның ішінде 286 пәтер банк салымшыларына несиеге, ал 283-і кезекте тұрған отбасыларға сатып алу құқығымен жалға берілді. Жыл аяғына дейін 2 үй, 90 пәтер берілмек.

        «Жас отбасылар үшін» бағыты бойынша Нұрсая шағын ауданындағы 45 пәтерлік  1 үйге  веб-порталмен 1022 арыз–құжаттар қабылданып, жоғарғы балл алған жас отбасылары банктен төлем қабілетін анықтауда. 

        Осылай деген қала басшысы өз кезегінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен тұрғын үй саласында соңғы кездері белең алып отырған алаяқтық қылмыстарды тұрғындар арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын қолға алуды сұрады.

        -Мендегі мәлімет бойынша, бүгінгі таңда «үй, жер алып беремін» деген алаяқтықтары

        үшін 64 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр.  Ескерте кететін жағдай пәтер қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес тек кезек ретімен беріледі. Кезек реті интернет ресурстарда жарияланады. Сондықтан ширетсіз үй, жер алып беремін деушілерге алданбауларыңызды сұраймын, - деді қала әкімі.

        «2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында бүгінгі күнге дейін Атырау қаласында 78 көп қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілген.

        Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен қаржы бөлінбеуіне байланысты қайтарымды қаражатқа 3 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылдың аяғына дейін тағы да бір көп қабатты тұрғын үйге жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.

         

        207 мұғалім қажет

        Бүгінгі таңда қаладағы 56 мектепте 54 404 оқушы білім алып, 4425 мұғалім еңбек етуде. Қала мектептеріндегі кадр тапшылығы мәселесі бойынша нақты жұмыстар қолға алынып, жалпы 207 мұғалімге қажеттілік туындап отыр. Осы мәселені шешу мақсатында көршілес Орал, Ақтөбе қалаларынан 19, жергілікті жоғары оқу орындарының 80 түлегімен, барлығы   99 маманмен келісім-шарт жасақталуда.

        -Биылғы жылы қаламыздың апатты жағдайда деп танылған М.Отаралиев атындағы орта мектеп құрылысын қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр.

        Нұрсая мөлтекауданында Республикалық бюджеттен 624 орындық мектеп және «Теңізшевройл» мекемесінің демеушілігі арқылы техникалық гимназияның  құрылысы жүргізілуде. Бұдан басқа, қаладағы 8 мектепке жапсаржай асхананың құрылысы жүргізілуде.

        Биылғы жылы бастауыш  сынып оқушыларын толықтай ыстық тамақпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 561,8 млн.теңге қаржы бөлінді. Қалалық білім бөлімі бойынша 1-4 сыныптың 25 278 оқушы болса, аз қамтылған отбасы балаларының 1290-ы ыстық тамақпен қамтылған.       

        Жылу беру маусымы дайындығына байланысты 30 мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге қажетті жабдықтарға қаражат бөлінді, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

        Сонымен қатар, қаладағы 3 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Т.Амандосов атындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме анықталуда.

        Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың 3-7 маусымы аралығында Республика бойынша өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеуге қала бойынша 1201 түлек қатысып, орташа балл 70,8-ді құрады. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 10,5 балға өсіп отыр.

        Одан бөлек биылғы біздің жетістігіміз түлектеріміздың 10-ы  халықаралық жүлдегер, 12-сі «Алтын белгі», 16-сы  «Үздік аттестатты» иеленді. 

        Ең жоғары балл жинаған (122) қалалық лицейдің оқушысы  - Карина Нұрлыбекқызы. Өздеріңізге белгілі бұл лицейді алғаш рет былтыр ашқан болатынбыз. Бүгінгі күні  өз нәтижесін беріп отыр, - деді қала әкімі.

        Қала басшысы  баяндағандай, қала бойынша 67 балабақша, 40 шағын орталық, 4 жекеменшік даму орталықтарында жалпы саны 18 250 бала тәрбиеленуде. Қаладағы 67 балабақшаның 39-і мемлекеттік, 28-і жекеменшік. Балабақша кезегінде тұрғандар саны – 20 177.

        Қала бойынша жалпы 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту 56,7 пайызды  құрап отыр.

        Оның ішінде 3-6 жастағы бала саны – 16 902. Олардың 14 291-і  балабақшамен қамтылып, 84,6 пайызды құрап отыр.

        Биыл СМП-136 ықшам ауданында орналасқан бұрынғы балалар үйінің ғимараты кері қайтарылып, 170 орындық балабақша, «Теңізшевройл» мекемесінің  демеушілігімен Вокзал ықшам ауданында 280 орындық балабақша  іске қосылады деп  жоспарлануда.

         

        Жұмыссыздық – 5 пайыз

         

        Жыл басынан бері  қала бойынша 3 мың жаңа  жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамту мекемелеріне хабарласқан 3 мыңға жуық жұмыссыздың 753 тұрақты жұмысқа орналастырылып, 707 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, 86 адам кәсіби қайта даярлау оқуына жіберілді.

        2016 жылы «Жұмыспен қамту–2020» Жол картасы» бойынша 505,9 млн. теңге бөлініп, 325 адам қамтылып отыр.

        «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту мақсатында» 9 адам жалпы көлемі 23,7 млн. теңге шағын несие алды.

        176 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 140 адам жастар практикасына жолдама алды. Жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,0 пайызды құрап отыр.

        -       Бүгінгі таңда қала халқының 28 пайызы жастардың үлесіне тиесілі. Қала бойынша

        жастар саны – 64 496, жұмыспен қамтылғаны – 46 108,  оның ішінде ресми тіркелген жұмыссыздар саны – 1 363.

        Жыл басынан бастап жоғары және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының 18 034 студентіне қоғамдық көліктерде жүру ақысына 50 пайыз жеңілдіктер берілді. Оған бюджеттен 313,6 млн. теңге бөлінді.

        Бүгінгі таңда оқу орындарындағы жалпы саны 20 мыңнан астам жасты қамтыған жастар ісі жөніндегі комитеттер, 7 ірі мекемеде Жастар ісі жөніндегі Кеңестер құрылды. Қаладағы 9 үкіметтік емес, 13 жастар ұйымдары белсенді жұмыс жасауда. Осы мақсатта жастар саясатын жүзеге асыруға 14 млн. теңге бөлінді.

        Жазғы еңбек семестрінде «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша  250 жас қала аумағын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына тартылуда, - деді Ожаев мырза.

        Баяндамасын спорттағы жаңалықтармен қорытқан қала басшысы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы олимпиадаға жерлестеріміз Ниджат Рахимов ауыр атлетикадан, Жансель Дениз таэквандодан, паралимпиадаға Әнуар Сариев дзюдодан лицензия ұтып алып, ел намысын үш бірдей атыраулық спортшының қорғайтынын үлкен мақтанышпен жеткізді.

        Брифинг барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берген шаһар басшысы Нұрлыбек Ожаев қоғамдық көліктердің жетіспеушілігі, аялдамалардың талапқа сай еместігі, теміржол вокзалы мен әуежайдың бүгінгі келбеті және қаланы көгалдандыру мәселелеріне қатысты түсінік берді.


        Арайлым БАҒЫТЖАН

         


        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         _    _      ___     __   __    ______            
        | || | ||   / _ \\   \ \\/ //  /_   _//     ___   
        | || | ||  | / \ ||   \   //    -| ||-     /   || 
        | \\_/ ||  | \_/ ||   / . \\    _| ||_    | [] || 
         \____//    \___//   /_//\_\\  /_____//    \__ || 
          `---`     `---`    `-`  --`  `-----`      -|_|| 
                                                     `-`  
        
         
        Наверх